Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбейуі

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Биология6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Қоректенуі, тынысалуы, спора арқылы көбеюі.
Мақсаты: - Саңырауқұлақтардың ағзасының ерекшеліктері, жасуша құрылысы, тіршілігі мен қоректенуі, көбейуі туралы білу.
- Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, соның ішіндегі диалог, ассоциация, кер і байланыс әдістері, сыни тұрғыдан ойлау модульдерін пайдалана отырып, негізгі идеясын түсіну.
- Тақырыптың негізгі түйіндерін меңгеріп оқыту арқылы білім деңгейлерін анықтай отырып, оқу үшін жиынтық бағамен бағалау.
Сілтеме: 6 (7) сынып биология оқулығы( Р. Әлімқұлова. Р. Сәтімбекова. А. Соловьева), АКТ.(электронды оқулық)
Оқыту нәтижелері:
- Топтаса алады, пікір айта алады, пікірлесе алады, ойлау қабілеттері артады, саңырауқұлақтардың ағзасының ерекшеліктері, жасуша құрылысы, тіршілігі мен қоректенуі, көбейуі туралы білу.
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалануы арқылы өздерін - өздері реттеп, білімді меңгереді, АКТ - ны пайдалана отырып, мұғалімнің көшбасшылығы мен оқушылардың дарындылығын анықтау.
Негізгі идеялары:
- Оқушылар саңырауқұлақтардың ағзасының ерекшеліктері, жасуша құрылысы, тіршілігі мен қоректенуі, көбейуі туралы білу.
Міндеті:
- Саңырауқұлақтардың ағзасының ерекшеліктері, жасуша құрылысы, тіршілігі мен қоректенуі, көбейуі туралы білу.
Тапсырма көздері:

1 тапсырма. «Ой қозғау».
1. Шіріту бактериялары - ғаламшарымыздың тазалаушысы аталу себебі не? (өсімдік қалдықтары мен жануар өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады.)
2. 1г. Қара топырақта қанша бактерия болады? ( 5 - 6 млрд.)
3. Түйнек бактериялары қандай өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді? (жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соят. б. )
4. Бактериялардың халық шаруашылығында қандай маңызы бар? (сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлеме дайындау т. б.)
5. Гормогония дегеніміз не? (көк - жасыл балдырлардың жіпшесі бірнеше бөлшекке бөлініп, сілемейлі қабықтан сыртқа шығып жаңа дараққа айналып көбейуі)
6. Спирулина цианобактериясы арнайы қандай жерлерде өсіріледі?(су қоймаларында)
2 тапсырма.
1 топ.
Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама. Оның ерекшеліктері, өсімдіктерге және жануарларға тән белгілері. (әңгімелеу)
2 топ.
Саңырауқұлақтар жасушасының құрылысы.(Көрініс)
3 - топ.
Саңырауқұлақтардың тыныс алуы, спора арқылы көбейуі.(Баяндау)
Сергіту сәті. «Көңілді саңырауқұлақтар»
3 тапсырма. Сызбаларды толтыру.
1 - топ
Саңырауқұлақтарға тән белгілері:
Өсімдіктерге тән белгілері Жануарларға тән белгілері

2 - топ
Саңырауқұлақтардың көбеюіне сызба құрастыру.(Оқушылар өздері сызба дайындап қорғайды)

3 - топ. Сызбаны толтырыңдар.

4 тапсырма. «Сұрақтар стратегиясы»
Әр топ сұрақтар беріп, жауап қайтару арқылы жаңа сабақты пысықтайды.
1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?(микология ХIХ ғ. п. б.)
2. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректiк қор затының атауы?( гликоген)
3. Талшығы бар спораның атауы?( зооспора)
4. Споралар түзiлетiн орын?(спорангий)
5. Нан ашытуға пайдаланылатын саңырауқұлақ?(қантты)
6. Көгiлдiр зең саңырауқұлағының атауы?(пеницилл)
7. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ?( аспергилл)
8. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемiстi денесi неден тұрады?( Қалпақ, түбiртек)
9. Саңырауқұлақтың өсiмдiкпен селбесуi?(микориза)
10. Қалпақшалы қызыл түстi улы саңырауқұлақ?( шыбынжұт)
11. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ iшiнде көрiнбей жататын бөлiгi?( жiпшумақ, жiпше)
12. Қайыңқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба?( усыз)
13. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ (қаракүйе)
14. Жүгерi собығында болатын паразит саңырауқұлақ( қаракүйе)

5 тапсырма. «Лидерді анықта»
Топтар өздері топ арасынан сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыны «бағалау бетшесі» арқылы анықтап «лидер»атандырып, сөз - сайысқа шақырып олардың арасынан жақсы шыққан оқушыны сабақ лидері деп атайды.
Сөз сайыстың тақырыбы «Саңырауқұлақ жайлы білгенім...»
Бағалау. Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау.
Кейінгі тапсырмалар: Үйге тақырып соңында тапсырмаларды орындау және интернеттен мәліметтер жинақтау.
Кері байланыс: Білім ағашы. Тақтаға ілінген ағашқа оқушылар стикерлерге өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазып, іліп кері байланыс жасайды.
22 752
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер.
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы Биология 6 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Саңырауқұлақтар дүниесі туралы жалпы түсінік беру. Саңырауқұлақ ағзасының ерекшеліктерін білу. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету.
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Н.С. Манаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы, тіршілік ортасы
Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы, тіршілік ортасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 7 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Төлейжанова Светлана
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Рүстемова Нұргүл Ақылбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×