Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалқанша безден бөлінетін гормондардың қызметі

27 қазан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Биология. 8 - сынып
Сабақ тақырыбы: Қалқанша безден бөлінетін гормондардың қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т. б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қалқанша безі гормондарының қызметімен таныстыру.
Дамытушылығы: Сонымен қатар оқушылардың адам анатомиясы туралы білімін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, денсаулықты сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Суреттер, карточка,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. психологиялық ахуал
4. Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма беру
VІ. Бағалау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Гормондар
2. Бүйрек үсті безі
3. Ішкі секреция бездері

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Мойында көмекейдің алдыңғы жағында пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын қалқанша без орналасқан. Оның массасы — 15 — 30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалық заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге қатысады. Ұлпалардың бөлінуіне, жүйке және жүрек іс - әрекетінің қозуын күшейтуге қатысады. Тироксин құрамына йод кіреді. Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің қызметін бұзады. Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әр түрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек іс - әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып, ойлауы мен сөйлеуі баяулайды. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гормонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Егер тамақта йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады Бұл ауру суы мен топырақ кұрамында йод жетіспейтін аймақта кездеседі. Сондықтан йодты ауру адам йодты калий және натрий арқылы алады. Адам тәулігіне тамақпен бірге 0, 15 — 0, 20 мг йод алуы керек. Біздің республикамызда йодтың тәуліктік мөлшерін толтыру үшін йодталған тұз, йодталған су, йодталған нан сатылады. Эндемиялық зоб ауруының белгілері: қалқанша бездің 1 кг - ға дейін ұлғайып өсуі, жүйкенің жоғары қозғыштығы байқалады, адам ентігіп қалады. Бұл аурумен ауыратын адам балық тағамдарын, теңіз қырыққабатын (ламинария) пайдаланып, тағамға йодталған тұз қосуы керек. Оқушылар мен балабақша балалары йодомарин ішуі керек.

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы,
Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің
биология және химия пәні мұғалімі: Кемалов Абзал Аманкелдіұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 217
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ішкі секреция бездері тест тапсырмалары
Ішкі секреция бездері тест тапсырмалары
Ішкі секреция бездері, тест тапсырмалары
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе.
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе.
Эндокриндік жүйе. Гормон, гипофиз, бүйрек үсті безі, қалқанша без, жыныс безі, ұйқы безі.
Бақылау үзігі (1 тоқсанда өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған)
Бақылау үзігі (1 тоқсанда өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған)
Бақылау үзігі (1 тоқсанда өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналған)
Ішкі секреция бездері
Ішкі секреция бездері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе сәулет - құрылыс колледжінің биология пәні мұғалімі Тулеуова Ғазиза Асқарбекқызы
Гормондар мен бездер
Гормондар мен бездер
Ақтөбе қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Карамурзина Шолпан Ондасыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×