Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

10 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.
№ 29 зертханалық жұмыс.
Астық тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Сілтеме: Интернеттен астық тұқымдас өсімдіктер жайлы мәлімет іздеу.
1. 7 сыныпқа арналған биология оқулығы Қ. Қайым
2. Биологияны оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Астық тұқымдас өсімдіктердің гүлдері мен жемісінің құрылысымен танысу.
Міндеттері: 1. Астық тұқымдас өсімдіктермен таныстыру.
2. Астық тұқымдас өсімдіктердің гүлі мен жемісінің құрылысын талдау.
3. Мәдени, дәрілік және жабайы өсімдік түрлерін ажыратып, маңызын түсіндіру.
4. Теориялық білімді практикада қолдана білуге үйрету.
5. Топтық жұмыс кезінде бір - бірімен пікірлеседі, алған білімдерін бекітеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері Жеке, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, қорыту, талдау+, бағалау. АКТ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, флипчарттар, плакат, сурет.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар астық тұқымдас өсімдіктердің түрлерін және құрылысын ажыратады;
2 Зертханалық жұмыс барысында гүлі мен жемісінің құрылысымен танысып өмірде қолдана біледі.
3. Астық тұқымдас өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызын біледі.
4. Дәрілік, мәдени және жабайы өсімдіктердің түрлерін ажырата біледі.
4. Бір - біріне сұрақтар қойып, қайта бағыттай алады.
5. Ой қорытып, пікірлерін айтады.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасамын.
2. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеремін.
3. Оқушыларға алам деп келген бағаларын стикерге жазғызып, партаның астына жапсырту.

Үй жұмысын тексеру
1. Мұғалімнің іс - әрекеті
Үй тапсырмасына тест тапсырмаларын орындайды:
1. Пияз гүлінің формуласын тап: а) Гс3+3 А3+3 Ж(3) б) Гс(3+3) А3+3 Ж(3) г) Гс6 А3 Ж1
2. Пияз туыстастар қандай класқа жатады: а) қос жарнақты б) дара жарнақты г) жеке жарнақты
3. Жуа тұқымдас өсімдіктердің жемісі -
а) жидек б) қауашақ г) тұқымша
4. Пияз туыстастардың гүлшоғыры қандай?
а) күрделі шатыр б) жай шатыр г) жай масақ
5. Пияз бен сарымсақта болатын ұшпа зат
а) плисахарид б) фотокцид г) фитонцид
6. Басты пияздың қабыршағы қалай аталады
а) бүршік б) түбіртек г) тілше
7. Сарымсақтың пиязшығы неден құралады
а) бүршік б) қысқарған сабақ г) тілше

Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
2. Мұғалімнің іс - әрекеті
Миға шабуыл:
Оқушыларға сұрақ: Бағалы азықтық өсімдіктерге қандай өсімдіктерді жатқызамыз, ол өсімдіктердің маңызы жайлы не білеміз?
Білу: Оқушыларды презентация арқылы жаңа сабақпен таныстыру.
1 қап ұннан 235 бөлке нан шығады. 1 нанның салмағы 600 граммды құрайды.
«Ас арқауы - нан» десек, нансыз дастарханымыздың сәні де, нәрі де жоқ. Егер орта есеппен 1 адам күніне 300 гр нан жейді десек, онда Қазақстанның 15 млн тұрғыны 1 күнде қанша нан жейді?

Молекула ойыны арқылы 4 топқа бөлу.

Түсіну: Слайдта көрсетілген суреттерді 4 топқа бөлінеді(бидай, күріш, бамбук, жүгері) постер құрып бір - біріне түсіндіріп, баяндап берулері қажет.(қалай оқу керектігін үйрену)

Қодану:
№29 зертханалық жұмысты таныстыру.
Тақырыбы: Астық тұқымдас өсімдіктердің гүлдері мен жемісінің құрылысы
Мақсаты; астық тұқымдас өсімдік гүлдерінің өздеріне тән құрылыс ерекшелігі мен жемісінің түрін анықтау.
Құрал - жабдықтар мен материалдар; ұлғайтқыш шыны, бидай дәнегі бидай масақшалары.
Жұмыс барысы және нәтижесі:
1. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктері есіңе түсіріп, оларды сипатта.
2. Бидайдың гүлшоғырына қара. Ол қалай аталады?
3. Масақты орналасқан гүлшоғырын сана.
4. Гүлшоғырынынан бір гүлді үзіп алып, қара. Гүлді жауып тұрған қабыршақты тап. Олардың саны қанша? Олар қалай аталады.
5. Гүлдегі аталық пен аналықты жеке бөліп алып сана
6. Аналықты тауып аналықтың тозаңдануын қара.
7. Бидайдың жемісіне қара. олар қалай аталады?

1. тапсырма: Астық тұқымдастар өкілдеріне тән белгілерді тауып көрсет.
1. Шөптекті өсімдік;
2. Тіршілік формасы – ағаштар және бұталар;
3. Жапырақтары доға жүйкелі;
4. Жапырақтары қынап(түтікше түзіп өседі);
5. жемісі дәнек;
6. жемісі тұқымша;
7. Гүлшоғыры себетгүл;
8. гүлшоғыры сыпыртқыгүл, масақ;
9. сабағы – бунақты сабансабақ;
10. гүлдері - тілшелі түтікшелі;

3. Мұғалімнің іс - әрекеті

Тапсырма: Өсімдіктерді сәйкестендір.
1. Азықтық өсімдіктер ---------------------------- Бидайық
----------------------------------------------------------- Күріш
2. Малазықтық өсімдіктер ------------------------- Тары
----------------------------------------------------------- Бетеге
3. Құрылыс материалы, қағаз өндіру ------------ Бидай
----------------------------------------------------------- Тарғақ
шикізаты болатын өсімдіктер --------------------- Қамыс
----------------------------------------------------------- Құмай
4. Сыпырғыш дайындауға қажетті өсімдік----- Қара сұлы
----------------------------------------------------------- Арпабас
5. Зиянды арамшөп өсімдіктер ------------------- Бамбук
----------------------------------------------------------- Қонақ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 194
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдасына жататын өсімдік түрлері, ерекшеліктері, көбеюі, табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы Биология 6 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Лалагүл тұқымдастар
Лалагүл тұқымдастар
Сабақтың тақырыбы: Лалагүл тұқымдастар
Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары.
Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары.
№53 мектеп – лицейі биология пәні мұғалімі: Ахмедиева Айгүл Төкенқызы
Лалагүлділер тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Лалагүлділер тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы Даражарнақты лалагүлділер тұқымдасының құрылысы, түрлері және маңызы туралы түсіну.
Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, № 11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тортаева Айгүл Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×