Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экологиялық есептер

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Биология
Мақсаты: айналадағы бізді қоршаған табиғатты сүйіп, аялап, табиғатпен тікелей байланысты екенін жас ұрпақ түсініп өсуі тиіс. Экологиялық білім оқушылардың табиғат болмысын терең түсінуге, олардың ақыл – ойының дамуына мүмкіндік береді. Экологиялық тақырыптарға берілген есептер пәнаралық байланыстарды ашып, оқушыларды ізденуге, ойлануға, адам өміріне, денсаулығына табиғаттың зор маңызының бар екенін анықтауға көмектеседі.

Есеп: Тәулігіне бір ағаш бір адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың бөлінуіне байланысты бұл оттегінің бөлінуі 10 есе кемісе, бір жарым миллион халқы бар Алматы қаласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет?
Есеп: Бір автомобиль тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады?
Есеп: 1 тонна мата қалдығынан өңдеп 600 метр мата алуға болады. Осындай 35 тонна мата қалдығынан қанша метр мата алуға болады?
Есеп: Үкі 1 жылда 1000дала тышқанын жейді. Жылына бір дала тышқаны 1кг бидай жейтін болса, үкі бір жылда неше килограмм бидайды сақтайды?
Есеп: Құмырсқа 1 минутта ұясына 2 ондық жәндік тасып әкелсе, ол 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі?
Есеп: Бір кішкене балыққа 3 литр су керек болса, 50 литр су сиятын аквариумға қанша балық салуға болады?
Есеп: Бамбук ағашы тәулігіне жуық шамамен 30см - ге өседі. 12 сағаттан кейін оның биіктігі қандай болады?
Есеп: Жердің айдан қашықтығы 384000 км. Ал жердің экваторы 40 000 км болса, Жер мен Айдың ара қашықтығы экватордан неше км ұзын?
Есеп: Жер мен Айдың арасы 384000 км, ал Жер мен Күннің арасы 149500000 км болса, Ай күнге қарағанда Жерге жуық шамамен неше есе жақын?
Есеп: 60 кг макулатура бір ағаштың өмірін қорғаса, оқушылар жинаған 420 кг макулатура неше ағаштың өмірін қорғайды:
Есеп: Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стақан су ағады. Осындай краннан бір сағатта ( 1 тәулікте) неше литр су ағады?
Есеп: Жұлдыз құрт бір тәулікте 30 жапырақты жесе, осындай 10; 50 жұлдызқұрты бір тәулікте қанша жапырақ жейді?
Есеп: 1 га орман ағаштары 1 жылда 28 тонна оттегі бөліп шығарады. Ал бір жылда 12 млн. га орман ағаштары кесілсе, біз қанша оттегі жоғалтамыз?
Есеп: 1 үйеңкі ағашы бір жылда 2 кг100г оттегі бөліп шығарады. Ал шегіршін ағашы одан 7 есе көп оттегі бөліп шығарса, онда жылына бір үйеңкі және шегіршін ағаштары қанша кг оттегі бөліп шығарады?
Есеп: Жөке ағашы 500 жыл, ал емен ағашы 2000 жыл өмір сүретін болса, жөке ағашы еменнен неше есе кем өмір сүреді?
Есеп: Әр адам бір жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланып жұмыс істейді. Сенің жанұяңа қанша ағаштан жасалған қағаз керек?(бір жылда )
Есеп: Жер бетіндегі 250 мың түрлі өсімдіктердің 1/10 бөлігі құрып кетуі қаупінде болса, қанша түрлі өсімдіктер құрып кету қаупінде?
Есеп: Бір шегіршін ағашы мамыр айынан қазан айына дейін 120 грамм улы газды тазартады. Егер шегіршін ағашы 400 жыл өмір сүрсе, ол өз өмірінде қанша улы газды тазартады?
Есеп: Емен орманы бір жылда 830 кг, ал қайың орманы 540 кг оттегі бөліп шығарса, емен орманы қанша кг артық оттегі бөліп шығарады?
Есеп: Көк шегіртке 1 айда 42 өсімдік битін, одан 3 есе аз кішкене шіркей, ал шіркейлерге қарағанда шыбындарды 6 есе көп жесе, ол бір айда (3 айда) қанша жәндіктерді жейді?
Есеп: Атмосферадағы ауаның ластану нәтижесінде 1 жылда 16 миллиард сомға залал келеді, ал 10, 20, 50, 100 жылда қанша зиян шегеміз?
Есеп: Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350 метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады?
Есеп: Үйрек 70 күнде 4 кг дейін салмақ қосса, 35күнде ол қанша салмақ қосады?
Есеп: 1 га орман ағашы сағатына 200 адамнан бөлініп шығатын көмір қышқыл газын бойына сіңіретін болса, тәулігіне орман ағашы қанша адамнан бөлініп шыққан көмірқышқыл газын бойына сіңіреді?
Есеп: Бамбук ағашы тәулігіне 30 см өседі, ал терек ағашы тәулігіне 2 см өссе, бамбук ағашы тәулігіне неше есе артық өседі?
Есеп: Мектеп оқушылары 56 кг 400г қағаз қалдығын жинады осы қағаздың қалдығынан өңдегенде, оның массасының 3/5 бөлігіне тең жазатын қағаз алынады. Егер бір дәптердің массасы 30 грамм десек, осы қағаздан қанша дәптер шығады? Егер бір оқушыға бір жылға 12 дәптер керек болса, осы дәптерлер қанша оқушыға жетеді?
11 337
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сандарды разрядтарға жіктеу, оларға амалдар қолдану
Сандарды разрядтарға жіктеу, оларға амалдар қолдану
Сандарды разрядтарға жіктеу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын пысықтау, қайталау.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер, теңдеулер шешу, мазмұнды есептер шығарту арқылы есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
ХХІ ғасыр географтары
ХХІ ғасыр географтары
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімі Абишева Гулдана Манарбековна
Табиғат кешені
Табиғат кешені
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Квадрат теңдеулерге есептер шығару
Квадрат теңдеулерге есептер шығару
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы Құмжарған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Күнсұлу Есенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×