Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарындағы астың қорытылуы

22 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Қарындағы астың қорытылуы
Мақсаты: 1. Оқушыларды қарындағы астың қорытылуымен таныстырып, ондағы қарын сөлінің күрделі екеніне көз жеткізу.
2. Білім мен білікті қалыптастырып дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, өз ойын ашық айта білуге баулу.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге, өз көзқарасын қалыптастыруға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «асқорыту мүшелері» кесте, «қарын бездері» кесте, тәжірибеге алынған иттердің суреті, кесте, слайд
Сабақтың типі: білім және дағдыны қолдану.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: С. Т. О. Салыстыру, талдау, ой қорыту.

Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру бөлімі.
А) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріледі.
Б) жоқ оқушылар белгіленеді.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
I. Блиц сұрақтары.
II. Сәйкестігін анықтаңдар.
III. Ойланып, жауап беріңдер.
1) Не себепті тамақ ішіп отырғанда, әңгіме айтып сөйлеуге болмайды?
(Себебі, тамақты жұту кезінде көмекей қақпағы жабылады. Тамақ жеп, не ішіп отырғанда адам сөйлейтін болса, тамақ түйірлері көмекейге түсуі мүмкін. Түссе адам шашалады кейде тұншығады)
2) Неге нанды ұзақ шайнаса, тәтті дәмі сезіледі?
(Бұл нанның құрамындағы көмірсулардың сілекейдегі ферменттер әсерінен ыдырауына байланысты)

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
I. Қызығушылықты ояту.
Сілекей бездері қайда орналасқан (ауыз қуысында)
Ауыз қуысына түскен ас неге ұшырайды (сілекейдің әсерінен ыдырауға)
Ас қорыту жолы неден басталады (ауыз қуысынан)
Осы ауыз қуысы аңқа арқылы немен байланысып жатыр? (жұтқыншақпен 11 - 13 см)
Ас жұтқыншақ арқылы қайда өтеді (өңешке 25 см)
Өңештен соң ас қайда түседі? (қарынға)
Бүгінгі біздің тақырыбымыз "Қарындағы астың қорытылуы"
Бүгін мектептен үйге барғанда түскі ас ішеміз. Сонда қарынға түскен ас қалай қорытылады екен. Соны білу үшін қажетті материалды пайдаланып өзіміз ізденіп, зерттеп көрейік.
Ол үшін нақты тапсырмалар алып алыңыздар. Кубик арқылы кім немен айналысу керек. Тапсырмаға қоса сілтеме қағазы беріледі. Қайдан, неде қалай іздеу керек? 7 минут дайындыққа.

II. Мағынаны тану. «Кубизм» әдісі бойынша
1. Суреттеу - қарынын сыртқы құрылысын пішінін.
2. Талдау. а) Зерттеген ғалымдардың іс – әрекетін
б) Күрделі рефлекстік және нейрогумаральдық бөлінуі
3. Зерттеңіз. Қарын сөлінің құрамын
4. Дәлелдеу. Қарын сөлі ферменті органикалық заттардың қай түрін ыдырататының дәлелдеу.
5. Салыстыру. Сілекейдің құрамын қарын сөлі құрамымен.
6. Қорытындылау. Қарындағы астың қорытылуының ең негізгілеріне тоқталып, термин сөздерге анықтама беріңдер.

III. Толғаныс.
"Асқазан" сөзіне топтастыру арқылы жауап беру. Әр топтан өзіндік түйін айтылады.
V. Бағалау. Оқушылардың білімі бағаланады. Мұғалім тарапынан қосымша мәлімет беріледі. Асқорыту жүйесін зерттеу әдістері. Балалар! Бүгін сабақта қарында ас жақсы қорытылып асқазанымыз ауырмау үшін тамақты уақытында ішіп тым салқын, тым ыссы тамақ ішпеу керек екендігіне көз жеткізген сияқтымыз.

VI. Үйге тапсырма беру.
47. Асқазанда астың қорытылуы. Қосымша мәлімет.
Асқазанда астың қорытылуы үшін тағамды безендірудің, дастарқан жасаудың қандай маңызы бар?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 111
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Оқушыларға ас қорытудың маңызын ұғындыру. Ауыз қуысының құрылысы, шайнау әрекеті, тістің құрылысы, сілекей бездері және тілдің құрылысы, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру.
Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы
Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы
Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу қызметін атқарады.
Ас қорыту
Ас қорыту
Оқушылардың ас қорыту мүшелерінің құрылысы, қызметі, жалпы маңызы жайлы алған білім, білік дағдыларын, биологиялық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қалыптастыру.
Астың ауыз қуысында қорытылуы
Астың ауыз қуысында қорытылуы
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі
Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі
№ 4 Мәртөк орта мектебінің биология пәні мұғалімі Кужекова Орунгуль Рахметовна
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Ақтау қаласы №14 орта мектептің биология пәні мұғалімі Р. Д. Досаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×