Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кенелер

08 мам 2015, Жұма
Категориясы: Биология
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
биология пәні мұғалімі Куанбекова Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Кенелер (слайд)
Сабақтың мақсаты: Кенелердің пайда болу жолдары, адамға ауру туғызатын түрлерін және ауыл шаруашылығына тигізетін зияны жөнінде айту.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ – жауап, пікір алысу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі - түсті суреттер, слайд, видео, кесте.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
3) Үй тапсырмасын қорытындылау.
4) Жаңа сабақ.
5) Жаңа сабақты бекіту.

Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы сұрау:
1) Паразитология нені зерттейді?
2) Медициналық паразитология қандай бөлімдерден тұрады?
3) Қарапайымдылар типі?
4) Жалпақ құрттар типінің қанша түрі кездеседі?
5) Тип өкілдерінің қандай ерекшеліктері бар?
6) Жалпақ құрттар типі неше классқа бөлінеді?

Жаңа сабақ.
Өрмекшітәрізділердің кейбіреулерінің дене бөліктері бірігіп 2 бөлімге баскөкірек, құрсаққа – бөлінген, екіншілерінің барлық бөліктері өзара біріккен, бөлімдерге бөлінбеген, мысалы, кенелер. Бұлардың 6 жұп аяқтары, оның ішінде 4 жұп жүру аяқтары болады.
Ас қорыту жүйесінің құрлысы түрліше, бірақ барлық өрмекшітәрізділердің қоректену ерекшелігі – сұйық, жартылай қорытылған асты сорып қоректенеді. Ол үшін жұтқыншақ мықты дамыған бұлшықеттерден құрылған. Алдыңғы ішекке жұп сілекей бездері ашылады және ортаңғы ішекте жұп өскін – бауыр дамыған.
Зәр шығару жүйесі түрөзгерген метанефридиялардан не мальпигий тамырларынан, тыныс алу жүйесі жапырақ тәрізді өкпеден не трахеядан тұрады.
Жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және құрсақ жүйке тізбектерінен тұрады.
Өрмекшітәрізділер өкілдерінен тек кенелер отрядының медициналық маңызы белгілі.

Кенелер отряды – Асаri
Кенелердің мөлшері өте кішкентай - 0, 1 мм ден 10 мм - ге дейін. Денесі бөлімдерге бөлінбеген, хитин қабаты тері тәрізді созылған, ал кейбіреулерінде хитин қабатының учаскелері қатайып қалқаншаға айналған.
Кенелердің 6 жұп аяқтары, олардың екеуі ауыз аппаратына айналған, ал 4 жұбы жүру аяқтары.
Тыныс алу мүшесі – трахея, зәр шығару мүшесі – мальпигий түтіктері.
Кенелер дара жынысты насекомдар.
Тіршілік циклі. Өрмекшітәрізділер толық түрленіп дамиды – жұмыртқа, дернәсіл, нимфа және имаго. Дернәсілдерінің 3 жұп жүру аяқтары болады және бүкіл денесімен тыныс алады. Олар түлеп нимфаға айналады.
Нимфалардың 4 жұп жүру аяқтары, тыныс алу мүшесі – трахеялары болады, бірақ жыныс мүшелері әлі қалыптаспаған. Нимфа түлеп имагоға айналады.
Кенелер таратушылар, паразиттер және табиғи резервуарлар болуы мүмкін.

Caption text
Нимфа (гректің «нимфе» деген сөзіне негізделеді) - қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі. Мысалы, кенелердің дернәсілі қуыршақсыз түрленіп, ересек кенеге біртіндеп ауысады. Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе - бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе - екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе - үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, ит кенесі - үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі, түлейді де нимфаға айналады. Лимфа қорегін басқа жануардан табады. Бұдан соң нимфа ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі. Жыныстық жүйесі жетілген, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады. Сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді. Тайгалық кене адамға ең қауіпті ауру - энцефалит (ми ауруы) ауруын жұқтырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 907
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Кенелер. Ауыл шаруашылықтың зиянкестері
Кенелер. Ауыл шаруашылықтың зиянкестері
Оқушыларға өрмекші класына жататын кенелер және олардың ауыл шаруашылығының (келтіретін және олардың ауыл шаруашылығының келтіретін) келтіретін зияны жөніндегі, түрлері, ерекшеліктері бойынша түсінік қалыптастыру.
Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама
Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класы. Ақ сұлама
Көпжасушалылардың өкілдері - жалпақ құрттардың құрылым ерекшеліктерін, маңызын таныту. Кірпікшелі құрттар класына жататын өкілі - ақ сұламаның тіршілігі, құрылысымен, тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар
Атырау қаласы, №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі: Утепова Болған Мұхлесқызы
Кенелер. Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Кенелер. Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Абатова Мирамгүл Абубакировна
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар типі
Сабақ тақырыбы: Жұмыр құрттар типі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×