Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы

13 шілде 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Биология пәні мұғалімі Айгуль Балгалиева

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы
Сабақтың мақсаты:
- Гидраның сыртқы құрылысын анықтау
- Гидраның қозғалуы, қоректенуі және тітіркену құбылыстары туралы үйрету
Күтілетін нәтиже:
1. Ішекқуыстылар туралы білім алады.
2. Гидраның сыртқы құрылысын біліп, моделін жасайды
3. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
4. Қызығушылықтары артады.

Негізгі идеялар Джигсо әдісімен бірлесе оқу арқылы тақырыпты меңгеру, топтық, жұптық диалогқа түсу арқылы оқу
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек», өзін - өзі бағалау
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Оқытудың әдіс - тәсілдері Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау, «Екі жұлдыз бір тілек»,
Сабақтың көрнекіліктері: Презентация, табыс критерилері, жеделхат, видео «Гидраның қозгалуы», ермексаз

Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру
Амандасу тренингі
Табыс критерилерін жасау
Жаңа сабаққа кіріспе
Қарапайымдар туралы, жануарлар дүниесінің жіктелуі туралы диалог ұйымдастыру
Жаңа сабақ
Топтарға «джигсо» әдісімен үлестірме мәтіндер беріледі.
Жоспар:
1. Ішекқуыстылар типі
2. Тұщы су гидрасының тіршілігі және сыртқы құрылысы
3. Гидраның қоректенуі, тыныс алуы
4. Тітіркенгіштігі
Жаңа сабақты бекіту
Гидра моделін жасау, қорғау
Гидраның дене бөліктері мен қозғалуын қимылмен көрсету

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушылар А, В, С, Д топтарына бөлінеді.
3. Табыс критерийлерімен таныстыру
Табыс критерилері
1. Мен гидраның сыртқы құрылысы туралы білемін.
2. Мен гидраның қозғалуы, қоректенуі туралы түсіндіре аламын.
3. Мен гидра денесіндегі рефлекс құбылысын түсіндіре аламын.

Жаңа сабаққа кіріспе: Диалог әдісімен мұғалім оқушыларға сұрақтар қойды.
- Жалпы жануарлар неше топқа бөлінеді?
- Бір жасушалы жәндіктерді кім атап бере алады?
- Ал, көп жасушалылар дегеніміз қандай жануарлар?
Бүгінгі сабағымыздаға мақсатымыз табысқа жету. Бәріміз табысқа жеткіміз келеді гой ия?
Жаңа сабақ:
1. Бейнефильм арқылы гидра туралы түсінік беру
2. Топтарға «джигсо» әдісімен үлестірме мәтіндер беріледі.
1. Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Сыртқы көрінісі және мінез - құлқы.
Ішекқуыстылар – денесі екі қабатты жасушалардан құралған, бір ғана қуысты, көжасушалы жануарлардың ішіндегі ең қарапайым құрылысты жәндіктер. Денесінде тек бір ғана ішек қуысы болғандықтан, бұл жәндіктер ішекқустылар деп аталады.
Тұщы су гидрасы. Гидраны суы таза, оттегіне бай баяу ағатын өзендерден, көлдерден, тоғандардан табуға болады. Ол көбіне су өсімдіктерінің сынып түскен бұтақтарында мекендейді. Гидра сырттай қарағанда жәндіктен де өсімдікке көбірек ұқсайды. Оның қимылдайтын қармалауыштары бар денесі, сабақшасы және бір нәрсеге бекінетін табаны болады. Гидраның 5 - 8 салалы қармалауыштары ауыз қуысының айналасында орналасады. Гидраның аузы ішек қуысына жалғасады, сондықтанда ол – ішек қуысты жәндік.
Гидра денесінің дәл ортасынан ойша білік жүргізіп, қармалауыштарын бойлай бірнеше мөлшерлес бөліктерге бөлуге болады. Жан - жаққа сәлелерше таралған бөліктерге тең бөлінген жәндіктер сәулелі симметриялы жәндіктер деп есептеледі. Гидраның қапшық тәрізді денесі жасушалардың екі қабатынан сыртқы қабаты – эктодерма, ішкі қабаты – энтодермадан құралады. Гидра бірде табанымен, бірде қармалауыштарымен бір жерден екінші жерге адымдап, тоңқаңдай қозғалады.
2. Гидраның қоректенуі, тыныс алуы Гидраның қоректенуі.
Гидра – жыртқыш жәндік. Ол суда тіршілік ететін ұсақ шаянтәрізділермен, тіпті балықтың кішкене шабағымен қоректенеді. Оның бүкіл денесінде, әсіресе қармалауыштарында жауынан қорғанатын және жемін аулағанда пайдаланатын атпа жасушалар балады. Атпа жасушаның цитоплазмасы, ядросы және көпіршік тәрізді атпалы дорбашасы көзге бірден шалынады. Атпалы дорбашаның ішінде жіңішке түтікше – атпа жіпшесі орналасады. Гидраның денесінен қылтиып шығып тұратын сезімтал өскін осы атпалы дорбаашаны іске кірістіреді. Судағы кішкене шаян немесе ұсақ шабағы сезімтал өскінге тиіп кетсе, атпалы дорбаша ішіндегі атпа жіпше леззде жазылады да, бірден сыртқа атылып, жеміне қадалады. Сол кезде атпалы дорбашадағы улы зат атпа жіпшесінің өзегі арқылы қоректің денесіне жайылады. Гидра жемін қамалауыштары аузына рқылы апарып, жұтады. Ас ішкі қабатта қорытылады.
3. Тынысалуы, зәршығаруы.
Гидрада арнаулы тыныс алу және зәр шығару мүшеелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқыылы суда еріген оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын сыртқа шығарады. Зәр шығаруы да бүкіл денесі арқылы жүзеге асады.
4. Тітіркенгіштігі. Гидраның денесіне инемен түртіп әсер етсе, ол жұмысланып, денесін жиырып алады. Мұның мәнісі: гидраның тері - бұлшықетінің астын ала көптеген жүйке жасушалары орналасады. Жасушалардың тітіркенуді бірінің - біріне берілуіне байланысты бұлшықет талшықтары жиырылады да, гидра денесін жиырады. Жүйке жасушасының сыртқы әр түрлі қимылдарға жауап беруі тітіркенгіштік деп аталады.
Тітіркену арқылы күрделі құбылыс рефлекс жүзеге асады. Жануарлардың денесінде пайда болатын бұл құбылыс үш кезеңде жүзеге асады:
1. Гидраның инеден денесінің ауырсынуы, яғни тітіркенуді қабылдауы
2. денедегі жүйке жасушаларының қозуды денеге жеткізуі
3. Гидраның тітіркенуге жауап қайтаруы
Рефлекс дегеніміз – тірі ағзалардың сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқыылы жауап қайтаруы.

Оқушылар мәтінмен танысып жұптық және топтық диалог ұйымдастырады.

Жаңа сабақты бекіту:
«Шебер қолдар»: Оқушылар ермексаздан гидра моделін жасайды.

Сергіту сәті: Гидраның дене бөліктері мен қозғалуын қимылмен көрсету
Табаны – секіру
Қармалауыштары – қолды көтеру,
Гидра – оңға адымдайды,
Гидра – солға адымдайды

Бағалау: Кері байланыс есебінде «Жедалхат жазу»
Үйге тапсырма: Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 437
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тақырыптық тест жинақтары 7 сынып
Биология пәнінен тақырыптық тест жинақтары 7 сынып
Биология пәнінен тақырыптық тест жинақтары 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып Биология 7 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Ішек қуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы
Ішек қуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы
Ішекқуыстылар – денесі екі қабатты жасушалардан құралған, бір ғана қуысты, көжасушалы жануарлардың ішіндегі ең қарапайым құрылысты жәндіктер. Денесінде тек бір ғана ішек қуысы болғандықтан, бұл жәндіктер ішекқустылар деп аталады.
Гидраның ішкі кұрылысы. Денесінің қосқабаттылығы
Гидраның ішкі кұрылысы. Денесінің қосқабаттылығы
Гидраның ішкі құрылысын, денесінің қосқабаттылығын, асқорыту жүйесін, тыныс алуын, зәр шығару жүйесін үйрету. Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау.
Ақ сұлама - жалпақ құрттар өкілі, сыртқы құрлысы, тіршілігі
Ақ сұлама - жалпақ құрттар өкілі, сыртқы құрлысы, тіршілігі
Жалпақ құрттар жөнінде түсінік беру. Құрттардың кірпікшелі құрт - ақ планария түрлерімен таныстып, олардың ішекқуыстыларға ұқсастығын, айырмашылығын дене мүшелерінің күрделене дамуын көрсету.
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Тұрмағанбет Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×