Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек

26 қыркүйек 2015, Сенбі
Категориясы: Биология
Қарағанды облысы, Саран қаласының
№7 мектебінде биология және химия пәні мұғалімі
Ермекова Гүлнар Садуақасқызы

Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Мақсаты: алғашқы көмектің адам өмірін сақтаудағы маңыздылығын ұғындыру. Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмекті ұйымдастыру жолдарын үйрету.
Сабақ түрі - аралас сабақ
Өткізу нысаны - топтық жұмыс
Қажетті құрал жабдықтар: интерактивті тақта, постер қағаздары, маркерлер, шендеуіш, дәке

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топтарға бөлу: өлең жолдары арқылы, психологиялық жағымды ақуал туғызу үшін бір - біріне үнсіз сыйлық жасайды

ІІ. Алған білімдерін тексеру.
1 тапсырма білу деңгейі: әр топқа қаңқаның суреті беріледі, сандармен белгіленген қаңқа сүйектерін атау қажет.
2 тапсырма. Түсіну деңгейі: берілген сөйлемдерді сәйкестендіру

3 - тапсырма қолдану деңгейі:
Берілген сөздерді орынды қолданып 3 сөйлем құрастырыңдар: омыртқа жотасы, Д дәрумені, кальций, түтік сүйектер, қызыл кемік, 30 %

4- тапсырма талдау деңгейі: адам тектес маймыл мен адам қаңқасын салыстырып, ерекшеліктерін тауып, ол ерекшеліктердің немен байланысты екенін анықтаңдар
5- тапсырма бағалау деңгейі: Адамның тік жүруі оған жануарлар дүниесінің басқа өкілдеріне қарағанда қандай артықшылықтар берді және тік жүрудің қандай кемшіліктері бар.

Сергіту сәті: интерактивті тақта арқылы жаттығу орындату.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Әр күн сайын Қазақстан жолдарында 5 - 6 адам жол апатынан қаза болады. 5 айдың ішінде 4522 жол апаты болып, 844 адам қаза болды, 5543 адам жарақат алды. Жарақаттардың көбісі қан кету, сүйектердің зақымдануы болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жоғары болуы адамдарға дер кезінде көмек көрсетілмеуінен. Ендеше біз бүгін сүйек зақымдануының қандай түрлері бар, алғашқы көмек көрсету арқылы адам өміріне қалай араша түсуге болады деген сұрақтарға жауап іздейміз.

IV. Жаңа сабақты меңгеру
1- тапсырма: 1 топ сіңір созылу, 2 топ буын шығу, 3 топ сүйек сыну белгілерін, алғашқы көмек туралы оқып, постер жасайды, оны қорғайды.

V. Сабақты бекіту
1 -топ: Адам абайсызда ойлы - шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басты. Тобығының тұсы шыдатпай ауырып, ісіп кетеді, қанталайды. Бұл қандай зақымдану түрі, қандай көмек көрсетуге болады. Алдарыңда берілген заттарды пайдаланып көрсету.
2-топ: Адам бір қап ұнды көтеремін деп оқыс қимылдап қалғанда иық тұсы қатты ауырып кетті, сәлден соң қол тигізбейтіндей болып ісінді, иығы қозғалтпай қалды. Бұл қандай зақымдану түрі, қандай көмек көрсетуге болады. Алдарыңда берілген заттарды пайдаланып көрсету.
3- топ: Адам қатты құлағанда қолы астына қайырылып кетті. Кәрі жілік тұсында сүйегі салбырап қалғандай болды. Қатты ауырып, көгерді, ісінді. Бұл қандай зақымдану түрі, қандай көмек көрсетуге болады. Алдарыңда берілген заттарды пайдаланып көрсету.
Сонымен біз бүгін сүйек зақымданғанда көрсетілетін көмек түрлерін өттік.

VI. Бағалау. Сабақта өзін - өзі бағалау іске асырылады. Оқушылар критерий көрсетілген бағалау парақшаларына алған ұпайларын есептеп, баға қояды.
Бүгінгі сабағымызға рефлексия жасайық: берілген стикерлерге
Мен білдім
Мен үйрендім
Маған ұнады - деген ойларыңды жазыңдар.

Үй тапсырмасы: Омыртқаның қисаюы, жалпақ табандылықтың алдын алу туралы материалдар даярлап келу

Толық нұсқасын жүктеу
6 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Медициналық қобшида
Медициналық қобшида
Білімділік: Медициналық дәрі қобдишасымен таныстырып, оқушыларды жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс - тәсілдерімен таныстыру.
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы
Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру.
Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Тақырыбы: Тірек - қимыл жүйесі. Сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі туралы алған білімдерін дамыту, толықтыру, жинақтау. Өз бетімен, ұжыммен жұмыс жасау біліктерін, есте сақтау қабілеті мен ой - өрісін дамыту
Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Қызылорда облысы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның химия-биология пәні мұғалімі: Бердіхалықова Ж.Ә.
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×