Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарларды қорғау

18 қазан 2015, Жексенбі
Категориясы: Биология
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
"Малтабар орта мектебі" КММ - нің биология пәнінің мұғалімі
Мукашева Айнур Жакияновна

Жануарлар туралы сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан - жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: интеллектуалды - зияткерлік сайыс
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жүргізуші: - Армысыңдар, бүгінгі «Жануарларды қорғау» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Бүгінгі сайысымызға 7 - 8 сынып оқушылары қатысып отыр.
Сабағымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныстырып өтейік

Сайыс шарттары:
1. Бәйге. Бұл кезеңде әр топқа жеке - жеке сұрақтар қойылады, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
2. Жануарларды суретіне қарап ажырату
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі
3. «Терминдер». Әрбір топқа ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Ол терминдерге анықтама берілуі керек. (Толық жауапқа 1ұпай)
4. жұмбақ сайысы әр жауапқа 1 ұпайдан
5. «Шешендік сайыс»
Тақырыбы:«Жануарлар – өзара тығыз байланысты табиғаттың құрамдас бөлігі»Шарты: Бүгінгі күннің экологиялық жағдайына тоқталу. Фактылармен тұжырымдап сөйлеу. Уақыт: 2 мин Ұпай: 5

Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. __________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3_________________________________________________________________

1. Бәйге.
Ойлануға уақыт беріледі.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

7 - сынып
1. тіршілікті зерттейтін ғылым саласы (биология)
2. сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында жазылған кітап (қызыл кітап)
3. Елімізде неше қорық бар? (9)
4.. Барлық тірі ағзалар қандай газбен тыныс алады? (оттегі)
5. біржасушалы жануарларды тағы қалай атауға болады? (қарапайымдылар)
6. Алғаш жасушаны ашқан кім? (Р. Гук)
7. Мүшел жыл санауға кірген құс? (тауық)
8. Ең алып жылан (Анаконда)
9. Ең кішкентай құс ( Колибри)
10. Ең алып жыртқыш (Ақ аю)
8 - сынып
1. жануарларды зерттейтін ғылым саласы (зоология)
2. Қазақстанда тұңғыш «Қызыл кітап» қай жылы басылып шықты (1978)
3. Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
4. Ең үлкен пингвин (император пингвині)
5. Құстарда өңештің кеңейген бөлігі (жемсау)
6. қазақ халқының қыран құстарға байланысты дәстүрлі өнері (саятшылық)
7. Қазақстанда қоқиқаз қорғалатын қорық (Қорғалжын қорығы)
8. Ең алып құс (Страус)
9. Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)
10. Ең алып жануар (Піл)

Жануарларды ажырату
Сілеусін
Бүркіт
Коала
Керік
Мүйізтұмсық
Сиыр цепені

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 558
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Үздік информатик
Үздік информатик
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Фонетика. Нәтиже сабақ «Тағамдар»
Фонетика. Нәтиже сабақ «Тағамдар»
Караганды облысы Абай ауданы, №1 мектеп. Урикбаева Калампыр Калаукызы
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан - жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×