Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не? Қайда? Қашан?

21 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Биология
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданындағы
Шыңғырлау орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Сарекенова Бибігүл


Дәстүрлі емес сабақтың тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?
Мақсаты: Салауатты салтты өмір туралы алған білімдерін бекіту.
Міндеті: - Оқушы денсаулығын нығайтуды қалыптастыру және оны сақтау жолдары;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыруда оқушының кең көлемде бағдарлау қасиетін арттыру;
- Салауатты өмір салын ұстануы жөнінде тәрбиелеу;
- Ойын барысында оқушының эмоционалды көңілін көтеру;
Құрал – жабдықтар: ойын үстелі, ойынға арналған шеңбер, айналма ойыншық, конверт ішіндегі сұрақтар, қара жәшік, коктейль түтігі, интерактивті тақта.
(Сабаққа қатысқан 8 «Б» сынып оқушылары)

Ойынның барысы:
Жүргізуші(Мұғалім)
- Қайырлы күн, балалар! Бүгін біздің сіздермен, әр адам үшін ең құнды, ең маңызды не болып табылатыны туралы әңгімелейміз. Ал сіздер үшін ең маңызды не болып табылады?
(Оқушы жауаптары тыңдалады. Ол мынадай болып келуі мүмкін.)
- Махаббат, достық, ақша, денсаулық, ата - ана, Отан т. б.

Жүргізуші(Мұғалім)
Мен сіздермен келісемін, себебі денсаулық – бұл адам үшін ең жоғары тұрған маңызды мәселелердің бірі. Дені сау адамға барлық мүмкіншілік те бар. Оның еңбек етуіне, оның қоғам алдында сөйлеуіне, бақытты болуына, осының барлығының жүзеге асуына да әсер етуші денсаулық! Оны айтып жеткізу үшін, бүгін біздер дәстүрден тыс ойын арқылы ойнап отырып жеткіземіз. Ендеше келісуімнің белгісі бұл ортаға білгірлер тобын шақырайық
Музыка ойналып ортаға ойынға қатысушы оқушылар шақырылады.

1. Білгірлер тобының басшысы:
2. Білгірлер тобының ең тапқыр оқушысы:
3. Білгірлер тобының ең ақылдысы:
4. Білгірлер тобының қиын сәтте жол табатыны:
5. Білгірлер тобының ақылды да көркемі:
6. Білгірлер тобының сабырлы тапқыры:
7. Білгірлер тобының ұшқыр ойшылы:
(Оқушылар орындарына отырғаннан кейін ойынның жүру жолы таныстырылады.)

Жүргізуші (Мұғалім)
Көрермендерге қарсы білгірлер тобы ойнайды. Ал қалған оқушылар ойынның барысын қадағалап отырамыз. Яғни ойынның соңында ең білгір ойыншыны анықтайсыздар.
Енді ойыншы топқа ойынның барысын түсіндіремін. Тыңдап алыңыздар.
Сіздер сұрақты таңдау үшін алдарыңыздағы айналманы басасыздар да ол тоқтаған уақытта көрсетілген сұрақтың санын айтасыздар. Жүргізуші сіздерге сұрақ мәтінімен таныстырады.( Яғни интерактивті тақтада жазылу тұрады) Және сіздерге 1 мин. уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында сіздер өз ара келісіп сұрақтың жауабын айтасыздар да дұрыс жауапты тыңдайсыздар. Егер жауап сәйкес келсе сіздердің раундты ұтқандығыңыз. Ал сәйкес келмесе көрермендердің есебіне шешіледі. Сонымен бірге «Блиц - сұрақтар» бар бұнда сіздерге 3 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 20 сек. уақыт бөлінеді сіздер өз ара келісіп, жауабын айтасыздар. Егер 1 сұраққа жауап бере алмасаңыздар ұпай саны көрермендер есебіне шешіледі.
Жүргізуші(Мұғалім): Сонымен бүгінгі ойынымызға әзірсіздер ғой, солай ма? Ендеше ойынымызды бастаймыз.
Сонымен, 1 – раунд. Көрсеткіш тақтайдағы ұпай саны 0 – 0.
Айналманың айналуы (музыка ойналып тұрады.)
Бұл сұрақты сіздерге барлық жан – жануардың тілін білетін дәрігер АЙБОЛИТ қояды. Сұрақтың бағасы; 500 $
Компьютер ойындары баланың ой - өрісін дамытады дейді. Ал ғалымдар болса, компьютер ойындары тек осыны ғана дамытып келеді – дейді.
Кім жауап береді? (Бұл сұраққа біздің топтан Юмабаев Жарас жауап береді)
Жауабы: компьютер ойындары.
Сіздер қателестіңіздер (Көрермендер арасынан Кабидулиев Әлішер жауап берді) Дұрыс жауабы: көз кемістігі (Сығырлық).
Әлішердің есеп шотына 500 $ доллар ақша аударылды.
1 - рундтан кейінгі көрсеткіш 1 - 0.
Алғашқы ойын көрермендер есебіне шешілді. Біз келесі 2 раундқа көшеміз айналама айналып сұрақ таңдалып алынады.
( Әуен «айналманың айналуы»)
Екінші сұрақ … БАРМАЛЕЙДЕН Сұрақтың бағасы; 1500 $
Британдық тіс дәрігерлері айтады балалар газдалған сусынды ішкенде, олардың барлық тістерінің жуығы тісжегіге ұшырайды, ал мұны қолданса бұл көрсеткіш 3 есе кемиді. Бұл не? атын ата.
Келісу уақыты 1 минут (сағаттың тықылдаған дауысы).
Кім жауап береді? (Бұл сұраққа біздің топтан Мукашаева Диана жауап береді)
Дұрыс жауап… Дұрыс айтасыздар бұл түтікше.
2 - раундтан кейінгі көрсеткіш 1 - 1.
Жауабы: Түтікше.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 893
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану
Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мукантаева Нургуль Кайратовна
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балмұқанова Гүлсім
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Токов Мухит Касымович
Не? Қайда? Қашан?
Не? Қайда? Қашан?
Оқушы денсаулығын нығайтуды қалыптастыру және оны сақтау жолдары; Салауатты өмір салтын қалыптастыруда оқушының кең көлемде бағдарлау қасиетін арттыру;
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін  қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
"Сымбат" жеке мектебі бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×