Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама

07 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Биология пәні мұғалімі Рыскулова Арай Куттыбаевна

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Ұрпағын сүтімен асырайтын сүтқоректілер класына сипаттама беру. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшелігінің күрделенуі туралы түсінік бере отырып, салыстыру.
ә) Тәрбиелігі: Оқушыларды сүтқоректілер класының кейбір өкілдерін қорғауға тәрбиелеу
б) Дамытушылығы: Сүтқоректілер класының кейбір өкілдерінің ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы ойын дамыту, топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың шығармашылық ізденуге үйрету, ой - өрісін, ойлау қабілеттерін арттыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ өту әдістері: топпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, cұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, плакаттар, буклеттер, суреттер, презентация
Пәнаралық байланыс: география, биология, анатомия, әдебиет

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды топтарға бөлу: 1 топ - кенгурулер, 2 топ - дельфиндер, 3 топ - жарқанаттар, 4 топ - арыстандар
1. «Кім жылдам?» ойыны
1. Омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы
2. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы
3. Дүние жүзінде құстардың қаншаға жуық түрлері бар? Соның ішінде қазақстанда мекендейтін құстар саны
4. Құстардың дене температурасы
5. Құстар терісінің қосалқы бөлімдері
6. Құстар қаңқасы
7. Ұшатын құстардың төссүйегі не түзеді?
8. Сол жақ қарыншада не сақталған?
9. Жұмыртқа сарыуызының жоғарғы шетінде не орналасқан?
10. Құстардың қарны неше бөлімнен тұрады?

Әр дұрыс жауапқа 1 балл
2. а) Құстардың топтарын олардың құрылыс ерекшеліктерімен сәйкестендіріңіз:
Құстардың топтары
Үлгі:
1. Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар
ә) төссүйегі жалпақ, қыры болмайды
в) қанат қауырсындары доғалданған
ж) өте жылдам жүгіреді
2. Жүзетін құстар
а) алдыңғы аяғы ескекке айналған
б) теңселіп әрең қозғалады
ғ) суда жақсы сүңгиді
е) тұлғасының артқы жағындағы аяқтары қысқа, денесін тік ұстайды
к) суда жақсы жүзеді
3. Қыртөстілер
г) қаңқа сүйектері жеңіл болады
д) төссүйегінде жақсы жетілген қыры бар
з) қанаттары ұзын, сүйірленіп келген
Жауаптары: 1: ә, в, ж. 2: а, б, ғ, е, к. 3: г, д, з.

ә) Құстардың топтарымен олардың өкілдерін сәйкестендіріңіз:
Құстардың топтары
1. Сулы, батпақты жерлердегі құстар
2. Орман құстары
3. Ашық, далалы алқаптардағы құстар

Өкілдері
а) дауылпаз
ә) жапалақ
б) ұлар
в) дуадақ
г) тоқылдақ
ғ) шағала
д) бозторғай
е) бұлбұл
ж) қоқиқаз
з) суықторғай
к) бірқазан

Жауабы: 1: а, ғ, ж, к. 2: ә, г, д, е, з. 3: б, в.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Сүтқоректілер классы
Биология пәнінен тест жинақтары. Сүтқоректілер классы
Ең ұзақ буаз болатын сүтқоректі жануар? - Азиялық піл 690 - 760 күнге дейін.
Сүтқоректілер
Сүтқоректілер
Сүтқоректілер жайында әңгіме жүргіздіру
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы
Оқушыларға сүтқоректілердің тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері туралы білетін болады; оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін пайдалана отырып жаңа материалдарды игереді; сыни ойлай алуға дағдыланады, өз бетінше жұмыс
Қауырсын жабынды жануарлар
Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар класына жататын жануарларға жалпы сипаттама беріп, құстар класына жататын жануарлардың негізгі ерекшеліктеріне түсінік беру Білімін жинақтап, жүйелеу арқылы ой - өрісін, қаблеттерін, жеке қасиеттерін дамыту.
Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы, жұмыртқалаушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер.
Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы, жұмыртқалаушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер.
Амандасу, журнал бойынша түгендеу, үй тапсырмасын сұрақ – жауап, сұрау, жаңа сабақ, жаңа сабақты түсіндіру, логикалық сұрақтар, кесте, қайталау, бағалау, тест жұмысы арқылы қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ - нің биология пәні мұғалімі Ақмолдина Айбала
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×