Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір жасушалы балдырлар

26 қараша 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Балдырлар бөлімі. Бір жасушалы балдырлар
Сабақтың мақсаты: Бір жасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру.
Білімділік: Бір жасушалы балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру, балдырлар, олардың әртүрлілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Бір жасушалы балдырлар бөлімін оқыта отырып, ой-өрісін кеңейту,пәнге деген қызығушылығын арттыру,қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Біржасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып оларды тиімді пайдалануға баулу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: «БЖС» технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: «Ауызша сабақ – 1» картасы, интерактивті тақта

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі мотивация
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-1» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді.
Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

ІІ.Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру
Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.
Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

ІІІ.Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі
Сабақ басталмас бұрын мұғалім слайд арқылы оқытылатын тақырып бойынша 7сөзді шығарып көрсетеді. Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Кілтті сөздер жабылады. Оқушылар слайдтағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ-жауап жүргізеді, нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына қосу белгісі қойылады. Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек.

ІV. Ұғынуды ұйымдастыру
Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс. 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут;

V. Түсінудің біріншілік тексеруі
Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды. Қосымша слайд арқылы сұрақтар шығады.
1. Хламидомонада қайда тіршілік етеді?
2. Жыныс жасушаларының аталуы?
3. Бір жасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған?
4. Топырықта, ағаш діңінде өсетін балдыр?
5. Хлорокакко балдырлары қалай көбейді?
6. Балдырлар қайда тіршілік етеді?
7. Таллом деп нені айтады?
8. Хроматофор дегеніміз не?
9. Балдырлар қалай көбейеді?
10. Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан-жақты зерттеуде?
11. Суда тіршілік ететін балдырлардың қандай маңызы бар?
Үшіншілік белгілеу.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

VІ. Біріншілік бекітуді ұйымдастыру
Қарама – қарсы сұрақ қою. Мұғалім тақырыпқа сай ретсіз оқушыларды ООМ арқылы сұрайды. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. «Иа» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.
1. Бiр жасушалы жасыл балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка, жасыл эвглена, вольвокстар жатады. (иә)
2. Осылардың iшiнен кең таралғаны – хлорелла. (жоқ)
3. Ол кiшi иірiм суларда, тоғандарда кездеседi. (иә)
4. Хломидомонада жасушасы домалақ немесе алма пішінді болып келеді. (жоқ)
5. Оның денесiнiң алдыңғы созылған ұшында денесін қозғалысқа келтіретін екі талшығы болады. (иә)
6. Жасушасы сыртынан целлюлозалы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және iрi тостаған тәрiздi хроматофоры бар. (иә)
7. Жасушаның артқы бөлiмiнде екі жырылғыш вакуоль және жарық сезгiш көзше орналасқан. (жоқ)
8. Жарық сезгiш көзше түскен жарықты қабылдап, хламидомонада сол жерге қарай талшығының көлiгiмен қозғалып барады. (иә)
9. Жиырылғыш вакуоль артық суды бөлiп шығара алмайды. (жоқ)
10. Көбеюі екі жолмен жүреді – жыныстық және жыныссыз. (иә)
11. Хламидомонада тек қана фотосинтез кезiнде пайда болған органикалық заттармен қоректенеді. (жоқ)
12. Суда ерiген оттегiмен тыныс алады (иә)
Төртінші белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

VІІ. Талдау
Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұқсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген.
Жас ерекшелігіне қарай оқытудың сапасы мен сөздік қор көлемін анықтайтын нормативті салыстырмалы кесте.
Сөздік қор бойынша есептеулер Сабақта сыныптағы оқушылар санына байланысты сапа нормативін есептеу
Сыныптар Сөздік қор нормативі Сыныптағы оқушылардың жалпы саны Сапа нормативі: 63% оқушылар сыныпта норманы орындауы тиіс
7-11 63 21-20 13
Бесінші белгілеу барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

VІІІ. Түйсіну
1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша саба 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.

ІХ. Бағалау Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: - 4- 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай.
Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс.
Х. Үй тапсырмасы: 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады. Тақырыпты толықтай оқып келу
12 475
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар
Балдырлар, олардың әртүрлілігі. Көпжасушалы және біржасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру Көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру
Мүктәрізді өсімдіктер
Мүктәрізді өсімдіктер
Оқушылар мүктердің әртүрлілігін біледі, мүктерге жалпы сипаттама бере алады, өсімдіктердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін ажырата алады.
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Рүстемова Нұргүл Ақылбекқызы
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы балдырлар
Бір жасушалы балдырлар
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, № 28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Нина Сайм
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пәні мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×