Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы.
Биология пәні мұғалімі Сағи Айдана Әділбекқызы

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы. Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі. Бунақденелілерді қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бунақденелілердің шөпқоректі, паразиттік түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ақпараттық тірек - сызбамен, кестемен жұмыс
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд
Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

II. Үй тапсырмасын сұрау:
І. Сұрақ – жауап:
1. Қоғамдық бунақденелілерді ата.
2. Аралардың қандай түрлері бар?
3. Жұмысшы араның құрлысы мен тіршілігі қандай?
4. Аталық және аналық араның құрлысы мен тіршілігі қандай?
5. Аралардың табиғатта маңызы қандай?
6. Құмырсқалардың құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
7. Құмырсқалардың тіршілігіндегі ерекшеліктері қандай?
8. Құмырсқалардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы қандай?

ІІ. Сауалнама
1. Аралардың денесі қандай бөліктерден тұрады?
А) баскөкірек, құрсақ б) бас, көкірек, құрсақ в) бас, құрсақ, аяқ
2. Қоғамдық бунақденелілер:
А) ара, шегіртке б) құмырсқа, шыбын в) ара, құмырсқа
3. Құмырсқаның қанша түрі бар?
А) 10000 б) 15000 в) 5000 г) 7000
4. Аралардан не алынады?
А) спирт, карбон қышқылы
б) бал, балауыз, ара желімі в) сары бояу, дәрі – дәрмек
5. Құмырсқалардың тыныс алу мүшесі:
А) мальпигий түтігі б) демтүтік в) өкпе
6. Аралар қай отрядқа жатады?
А) қосқанаттылар б) теңқанаттылар в) жарғаққанаттылар
7. Аралардың дамуы неше сатыдан өтеді?
А) 1
б) 4
в) 3
г) 5

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
Азиялық шегіртке - өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығының бір жазда
Өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғырлары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып - типыл етеді. Шегірткелер дернәсілдерінің топтасуын - жаушоғыл, ересектерінің жинақталуын - Үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді.

Колорадо қоңызы – картоп және т. б. алқа тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ұзындығы 9 – 11 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты сызықтары (әр жағында 5 - тен) бар. Колорадо қоңызы 1859 ж. Колорадо штатының (Солтүстік Америка) картоп алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған.

Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді. Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең деңгейдегі агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу.

Тарақан - үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло - рак», «Хлорофос» таблеткалары,

Бит — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып - соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттіңжануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады.

Бит денені қышытып мазасыздандыруымен қатар, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (бөртпе, сүзек, оба, туляремия) қоздырғыштарын таратады. Биттеуді (педикулез) болдырмау үшін тазалық сақтау қажет

Бүрге – буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Олардың дүние жүзінде2500 түрі, ал Қазақстанда 400 - дей түрі бар. Бүргелер бор кезеңінен белгілі. Бүргенің түсі сары аладан қоңыр - қызғылт түстерге құбылып тұрады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және қарын бөлімдерінен тұрады. Басында екі көзі (кейбір түрлерінде көру органы мүлдем жоқ), соруға бейімделген аузы болады. Бас - көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары бар, артқы жұп аяғы секіруге бейімделген. Қарын бөлімі 7 — 8 сақинадан тұрады. Бүрге жұмыртқа салып көбейеді. Аналығы 3000 - ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер пайда болады, оның сыртында сирек ұзын түгі немесе қылшығы бар. Дернәсілдері топырақтағы органик. қалдықтармен қоректенеді. Б - лер 3 жылдай тіршілік етеді. Қазақстанда ең зиянды адам Бүргесі (Pulex іrrіtans) адамның және жылқының, мысықтың, т. б. жануарлардың қанын сорады, сондай - ақ, алақұрт Бүргесі (Vermіpsylla alacurt) оба қоздырғышын ауру адамнан сау адамға, ауру малдан сау малға таратады. Тұрғын үйлердегі Бүргені құрту үшін инсектицидтер қолданады және тұрғын үй, қора - жай таза ұсталуы тиіс.

І. Топтық жұмыс

І топ: Шөпқоректі бунақденелілер
ІІ топ: Жыртқыш және аса паразиттік бунақденелілер
ІІІ топ: Бунақденелілердің табиғаттағы және практикалық маңызы.
IV топ: Зиянкес бунақденелілермен қарсы күрес жүргізу шаралары.

ІІ. Биологиялық диктант
Ауыл шаруашылық өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі -___________.
Үйірлі шегірткелердің дернәсілдердің топтасуынан - ___________________, ересектерінің жинақталуынан __________ түзеді.
__________________картоп жапырағын жеп, оның түсімін кемітеді.
Жеміс бағы мен егіншілікке зиянын тигізетін бунақденелілер - ____________ ________________________.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Бунақденелілердің пайдасы Бунақденелілердің зияны

ІV. Бекіту:
Сауалнама
1. Шөпқоректі бунақденелілер.
А) көңқоңыз б) шегіртке в) маса
2. Жер өңдеу арқылы зиянкес жәндіктермен күрес жүргізу әдісі:
А) биологиялық б) диқаншылық в) географиялық
3. Шала түрленіп дамитын бунақденелілер:
А) шегіртке Б) көбелек в) ара
4. Безгек ауруын тарататын бунақдене
А) шыбын б) шегіртке в) маса
5. Картоптың аса қауіпті зиянкесі:
А) шытырлақ қоңыз б) колорад қоңыз в) маса
6. Алма ағашын зақымдайтын бунақдене:
А) маса б) алмажегі в) шегіртке
7. Инсектицид арқылы зиянкес жәндіктермен күрес жүргізу әдісі:
А) биологиялық Б) физикалық в) химиялық
Жауабы:
1. б 2. б 3. а 4. в 5. б 6. б 7. в

V. Үйге тапсырма:
Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызын оқып келу.(233 бет)
сөзжұмбақ құрау.
VI. Бағалау.
7 118
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.
Бунақденелілер класына жалпы сипаттама, бунақденелілердің көптүрлілігі, бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктер, бунақденелілерді қолға үйрету
Бунақденелілер класына жалпы сипаттама, бунақденелілердің көптүрлілігі, бунақденелінің құрылысындағы ерекшеліктер, бунақденелілерді қолға үйрету
Бунақденелілер класына жататын омыртқасыз жәндіктер. Насеком – құжынақ дегенді білдіреді, сондықтан олар жер бетінде өте көп таралған. Олардың 1 миллионға жуық түрі бар. Олар 35 отрядқа жіктелген. Екі класс тармағы бар. Туақанатсыздар, қанаттылар.
Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Бунақденелілер класы — жануарлар әлеміндегі ең алуан түрге бай, көп таралған жәндіктер тобы. Сондықтан бұл класс екі класс тармағына бөлінеді: біріншісі — туақанатсыздар, екіншісі — қанаттылар.
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің сан алуандығын, олардың тіршілік ету ортасы және дауы туралы түсінік беру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін - өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 7 сынып Биология 7 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Оқушыларды бунақденелілер әлемімен таныстыра отырып, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктер туралы мағлұматтар беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×