Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тыныс алу жүйесі

18 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
БҚО, Орал қаласы,
№46 жалпы орта білім беретін мектебінің
химия - биология пәні мұғалімі Алпысбаев Нұржан Орынқұлұлы

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі.
Мақсаты: 1. Тыныс мүшелерінің құрылысын, қызметін, газдардың алмасу себебін түсіндіру, өкпенің тіршілік сыйымдылығы туралы мағлұмат беру және оның организм үшін маңызын айту, тыныс алудың жүйкелік және гуморальді реттелуі туралы білім жинақтау.
2. Оқушылардың жеке және топта жұмыстану белсенділігін арттыру, білімін дамыту.
3. Тыныс мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдарымен таныстыра отырып,, салауатты өмір салтымен жүруге баулу.
Түрі: Жеке - топтық жұмыс.
Әдісі: Сұрақ - жауап, жеке, топтық жұмыстар, талдау.
Көрнекілігі: Суреттер, сызбанұсқалар, слайдтар, интерактивті тақта, тірек - сызба.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру /1 минут/
Топқа бөлу, жетекші сайлау, бағалау парағын беру, сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру. Сынып төрт топқа бөлінеді.
Жоспары:
1. «Кім жылдам?»
2. «Сұрақтар шеңбері»
3. Топтық жұмыстар.
4.«Терминдер сөйлейді»

2. Үй тапсырмасын тексеру.
"Кім жылдам?". /5 минут/
А. Тыныс алу мүшесі?
Б. Өкпе қайда орналасқан?
В. Диафрагма деген не?
С. Өкпені қаптаған жұқа қабықша
Д. Сероз деген не?
Е. Өкпе қандай бөліктерге бөлінген?
Ж. Өкпе көпіршігі мөлшері қанша?
З. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
И. Адам бір рет тыныс алғанда ауа мөлшері
К. Кеңірдек шеңберінің саны
Л. Дыбыс қай жерден шығады?
М. Газ алмасу деген не?
Н. Тыныс алуға қандай бұлшықеттер қатысады?
О. Тыныс алу орталығы орналасқан жері
С. Оттегі қайда сіңіріледі?

3. Жаңа тақырыпты меңгеру.
«Сұрақтар шеңбері» тәсілі /20минут/
Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар топта шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріледі. Сосын талқылауды бастайды, әр оқушы белгіленген уақыт бойынша үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Оқушы сөзін, өз ойымен емес, алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай - ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.

1 - топ тапсырмалары.
1. Қандай мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды?
2. Неліктен тыныс алуды тіршіліктің негізі дейді?
3. Ер адамдардағы бидайық (кадык) неден пайда болған, әйелдерге неге жоқ?
4. Мұрын қуысы құрылысының ерекшелігі мен маңызы неде?
5. Дыбыстар неден пайда болады?
6. Дыбыстың жуан не жіңішке болып шығуын немен түсіндіресің?

2 - топ тапсырмасы.
1. Тыныс алудың ырғақтылығын немен түсіндіресің?
2. Тыныс алу мен тыныс шығару қалай жүреді?
3. Құрсақты тыныс алу типін түсіндіріңдер.
4. Тыныс алу орталығы қандай қорғаныш рефлексін туғызады?
5. Ол немен байланысты?
6. Газ алмасу деген не?

3 - топ тапсырмасы.
1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегенді қалай түсіндіресің?
2. Адам неге жүгіру кезінде көп ауаны қажет етеді?
3. Өкпедегі ауа сыйымдылығын немен және неге өлшенеді?.
4. Тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі неге байланысты?
5. Тыныс алуға қандай факторлар кері әсер етеді?
Тапсырма сұрақтарын түсіндіруде тірек - сызбалар, мен слайдтарды пайдалануға болады.

4 - топ тапсырмасы.
Тапсырма сұрақтарын орындауда «рөлдік ойын» негізінде құрастырып, түсіндір.
Рольдік ойындар:
«дәрігер мен сырқат» терапевт, лор, фтезиолог, нарколог т. б. дәрігерлер рольінде аурудың белгілерін, сақтану шараларын, жұқтыру жолдарын, зияндылығын, емделу жолдарын түсіндіру.
1. Туберкулез ауруы деген не? Одан емделуге бола ма? Белгілері қандай?
Неге әлеуметтік ауру деп айтылады? Халықтық емдеу әдістері қандай?
2. Темекінің тыныс алу мүшелеріне қандай зиянды әсері бар?
3. Құрамындағы зиянды заттар туралы не білесіңіз?
4. Демікпе ауруы қандай мүшенің ауруы?.
5. Тұмау, суық тию, пневмония /өкпенің қабынуы/, плеврит және басқа да тыныс аурулары туралы не білесіңдер?
6. Неліктен жүрегі ауратын адамдарға таулы жерге баруға, немесе биікке шығуға, ұшақпен ұшуға болмайды?

Топтық жұмыс: 11 минут
1 - топ.
Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасудың схемасын, тірек сызбасын сызыңдар.
2 - топ.
«Сәйкесін тап».
Берілген сұрақтардың (а - ж ) дұрыс жауабын тізілген тыныс алу жүйесінің мүшелерінен (1 - 8) тауып, белгіле.

1. Көмейге тамақты жібермейді......
2. Кірген ауаны жылытады, ылғалдандырады, залалсыздандырады.....
3. Мұрын қуысының ішкі қабатының бетін қаптайды.
4. Өкпенің сыртын қаптайды...................
5. Ішінде дыбыс сіңірлері бар..................
6. Өкпедегі газды қанға өткізеді.
7. Көмейден кейін орналасады................
8. Альвеола орналасқан мүше.............

А. Кілегейлі қабықша
Ә. Өкпе көпіршіктері.
Б. Өкпе.
В. Бөбешік.
Г. Көмей.
Д. Кеңірдек.
Е. Плевра.
Ж. Мұрын қуысы.

3 - топ.
Мүшелер құрылысына кесте толтырыңдар.
Тыныс алу мүшелерінің құрылысының атқаратын қызыметіне сәйкес келуі.

Тыныс алу мүшелері Атқаратын қызметі Ерекшеліктері, құрылысы.
Мұрын, кеңсірік
Көмей
Кеңірдек
Ауа тамыр
Өкпе

4 - топ.
Ойлы сұрақтар. Есеп шығар.
1. Егер бір оқушы 1 минутта 500 см ауа жұтатын болса, сыныптағы 35 адам 45 минуттық сабақта қанша (м3) ауа шығындайды.

2. Ауасы желдетілмеген бөлмеде отырған адамдар жиі - жиі, терең тыныс ала бастады, неге?

Бекіту. 5 минут
«Терминдер сөйлейді»
Плевра -
Сероз -
Альвеол -
Бидайық (кадык)-
Бронх -
Бронхиола -
Диафрагма -
Спирометр -
Газ алмасу -
Тіршілік сыйымдылығы -

Бағалау./2 минут/. Бағалау парағындағы баллдар есептелініп, белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма. /1 минут/. Тыныс алу жүйесі
12 759
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Оқушыларға адам ағзасының тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі, тыныс алудың маңызы туралы терең білім беру
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Еркіндік жалпы орта білім беру мектебі Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж.
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын насихаттау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×