Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүтқоректілер класы

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Биология
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Тоғыз орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Өтегенова Шарбану Мұхамбетиярқызы

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сүтқоректілер класы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру және жетілдіру, қосымша мәліметтер арқылы оқушылардың сүтқоректілер туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту, сүтқоректілер туралы білімдерін кеңейтіп,
дүниетанымын қалыптастыру,
Тәрбиелілік: Оқушыларды сүтқоректілердің табиғаттағы ролін сезінуге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.
Оқыту формасы: Топтық, жұптық.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, түрлі – түсті суреттер, жануарлар картасы.
Пәнаралық байланыс: география, экология.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындықтары тексеріледі.
2. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.
І топ - «Барыс» тобы
ІІ топ - «Камшат» тобы
ІІІ топ - «Құндыз тобы»
1. Панорамалық сабақ
А) сайыс сабақ
Б) видеоканал сабағы
В) саяхат сабақ

А) Сайыс сабақ
І.«Кім жылдам?»/ қызығушылықты ояту мақсатында әр топқа арнайы сұрақтар беріледі/

«Барыс» тобына арнайы сұрақтар
1. Сүтқоректілер деп аталу себебі?
2. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым
3. Сүтқоректілердің терісінде болатын бездер
4. Қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?
5. Тістері қандай топтарға бөлінеді?
6. Тыныс алу мүшелерін ата

«Камшат» тобына арнайы сұрақтар
1. Қан тарату жүйесінде құстар мен сүтқоректілердің қолқа тамырында қандай
айырмашылық болады?
2. Сүтқоректілер миының ерекшелігі
3. Сезім мүшелеріндегі ерекшеліктер
4. Сүтқоректілер ұрығының даму ерекшелігі
5. Ұрық жолдасы дегеніміз не?
6. Сүтқоректілердің экологиялық топтары

«Құндыз тобына» арнайы сұрақ.
1. Ұшатын сүтқоректілердің ерекше белгілері
2. Ілкі аңдарға қандай жануарлар жатады, аталу себебі?
3. Қалталы сүтқоректілердің ерекше белгілері
4. Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың құрылысындағы ұқсастық нені көрсетеді?
5. Сүтқоректілерді қорғау шаралары

ІІ. Лездік сұрақтар «Ең, ең, ең....»

«Барыс» тобына арнайы сұрақтар
1. Ең биік сүтқоректі /керік /
2. Ең жүрдек сүтқоректі /қабылан /
3. Мұхиттағы ең алып сүтқоректі /көк кит /
4. Құрлықтағы ең үлкен жануар /піл/
5. Ең ірі тұяқты сүтқоректі /бегемот /

«Камшат» тобына арнайы сұрақтар
1. Құрлықтағы ең ақылды сүтқоректі /адам тәрізді маймылдар /
2. Ең ақылды теңіз жануары /дельфин /
3. Ең терісі қалың жануар /морж/
4. Ең алып қолқанатты сүтқоректі /ұшқыш түлкі/
5. Ең алып жыртқыш /ақ аю /

«Құндыз тобына» арнайы сұрақ.
1. Ең алып мысық тұқымдас /амурлық тигр /
2. Ең алып орман тұяқтысы /бұғы /
3. Ең сирек кездесетін түлен /росса түлені /
4. Ең шөлге төзімді жануар /түйе /
5. Ең даусы ащы аң / бақырауық маймыл/

ІІІ. « Жұмбақ сурет» / берілген санды таңдау арқылы көрсетілетін жануарларға толық
сипаттама беру /
1. Коала бар ғұмырын ағаштың басында өткізеді. Коала сөзі « су ішпеймін» деген мағына береді. Ол эвкалипттің жапырақтары мен өскінін жейді, суды жапырақтардың сөлі алмастырады. Дене тұрқы 60 - 85 см шамасында болатын коалалар Австралияның ылғалда ормандарында мекендейді.
2. Құрлықтағы үлкен жануар – піл, оның биіктігі шоқтығымен есептегенде 4 метр, салмағы 7 тоннаға жетеді. Бір піл күніге 200 кг шөп, бұта сияқты өсімдіктер жейді. Бір күнде піл 200 литр су ішеді. Пілдер 60 жылдай өмір сүреді, олар өте шыдамды.
3. Кенгуру - қалталы сүтқоректілерге жатады. Олардың басым көпшілігі Австралияда, Оңтүстік Америкада таралған. Ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салып, оның ішкі жағындағы сүт бездерінен бөлінетін сүтімен асырайды. Дене тұрқы 5 метр, салмағы 80 кг - ға дейін жетеді. Ол секіргенде 10 - 12 метрге дейін секіреді, ал сағатына 50 км жылдамдықпен жүгіреді.

Б) Видеоканал сабағы
Сабақ барысында 4 - 5 оқушы биолог – ғалымдардың ролін атқарады. Басқалары жазбаша сұрақ әзірлейді, биолог – ғалымдар сол сұрақтардың ішінен ең қызықтыларына жауа дайындайды.
Бір - екі оқушы арнайы бір видеоканалдың тілшілері болып тағайындалады.
Мұғалім жүргізуші болады.

1. Терминдер аукционы
2.«Сүтқоректілер рекорды» репортажы
3. Биолог - ғалымдармен тікелей жүздесу
4. Қызықты деректер

1. Терминдер аукционы Сүтқоректілердің суреттері беріледі, оның астыңғы жағына термин сөздер жазылады.
Тапсырма: Таңдаған суретке толық сипаттама бере отырып, термин сөздің мағынасын анықтау.: маммология, ұрық жолдас, қалталы сүтқоректі, көкет, ілкіаңдар.

Тілшілер әзірлеген сүтқоректілер туралы репортаж
2. «Сүтқоректілер рекорды» репортажы
1. Жануарлар әлемінің тіршілік ұзақтығы
Сүтқоректі жануарлардың ішінде ең ұзақ өмір сүретіні үнді пілі болса керек. Ол 70 - 80 жыл, зубр - 50 жыл, бұғы - 25 жыл, жолбарыс – 50 жыл, аю - 30 - 50 жыл, қасқыр - 15 жыл, түлкі
10 - 12 жыл, борсық - 16 жыл, шимпанзе - 35 жыл, жылқы - 50 - 64 жыл, ит - 18 - 34 жыл, мысық - 20 - 37 жыл, түйе 34 жыл өмір сүретін көрінеді.
2. Ең ірі сүтқоректілер.
Жер бетінде ертеден тіршілік ететін balaenoptera muscules көк кит – ең ірі сүтқоректі болып табылады. Ол тіпті ең ірі динозаврдан да үлкен. Аналық киттің ұзындығы 33, 58 м немесе 110 футқа сәйкес,. Ең ауыр әйгілі киттердің салмағы 190 тоннаға дейін жеткенін қазба қалдықтары дәлелдеген, бұл дерек 30 піл немесе 150 бұқаның салмағына сай келеді.
Құрлықтағы ең ірі сүтқоректі – ол африкалық пілдің аталығы, биіктігі 3, 96 м, 12 тоннаны құрайды.
3. Сүтқоректілердің жүйрігі.
Бұл гепард жылдамдығын сағатына 96 км, тіпті кейде 105 - 115 км - ге дейін жеткізе алады.
Ашық далалы жерде өмір сүретін жануарлар шапшаң қозғалады. Қоян сағатына 40 - 50 км, бөкен - 70 - 80 км, жираф - 45 - 50 км, арыстан - 75 - 80 км, зебр - 60 - 65 км, жабайы есек - 50 - 55 км жылдамдықпен жүгіре алады екен.
4. Сүтқоректілердің дене температурасы.
Жылықанды жануарлардың дене температурасының қалыпты көрсеткішіне келер болсақ,
жылқы - 37 - 38, ірі қара - 38 - 39, қой, ешкі - 38 - 40, ит - 37 - 39, мысық 38 - 39, солтүстік бұғысы - 37, 5 - 35, 6, құндыз 39 - 40 градус болады екен.
5. Сүтқоректілердің басы мен миының салмағы.
Бегемоттың басының салмағы 900 кг болғанмен, миының салмағымен мақтана алмайды.
Пілдің миының салмағы - 5 кг, адамдікі - 1400 г, жылқыныкі - 500 г, сырдікі 350 г,
шошқаныкі - 150 гр.
Жүргізуші: - Қызықты әңгімелеріңізге көп рахмет! енді біздің биолог – ғалымдарымыз сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.

1. Орманшы құндыздардың тіршілігіне бақылау жүргізе отырып, олардың күдікті дыбыс шығысымен жағалауды тастай сала, суға сүңгіп кететінін аңғарды. Ол өзінің жалпақ, жалаңаш құйрығымен суды қатты шолпылдатып та үлгіреді. Құндыздардың мінез - құлқындағы ерекшелікті қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: бұл әрекеттерімен құндыз басқаларын қауіп - қатерден сақтандырады.

2. Жарқанаттар – негізінен түн жәндіктері. Қараңғыда ұшқанда және қорек ұстағанда қолданылатын сезім мүшелерін атаңдар.
Жауабы: Жарқанаттар қараңғыда эхолокацияны қолданып, дыбыс мүшелерінің көмегімен бағдарлайды. Олар жиілігі жоғары дыбыс жібереді де, затқа тиіп кері қайтқан дыбысты мүшелері арқылы ұстайды.

3. Ыстық күндері иттер неге тілін салақтатып жүреді?
Жауабы: Итте тер бездері өте аз, сондықтан денесін салқындату үшін ыстық күндері ит тілін салақтатып жүреді.

4. Экологтар қызықты фактіні анықтады: адамдар су қоймаларындағы камшаттарды аулап азайта бастаса, ондағы балықтар көбейе түседі, соңынан қайта азайып кетеді. Егер сол өзендерде камшаттар балалаған болса, онда балықтар тағы да көбейеді. Осының себебі неде?
Жауабы: Камшаттар популяциядағы ауру жәндіктерді қорек ете отырып, індеттің таралуын сақтайды, әрі ондағы балықтардың тығыздығын реттеуші қызметін атқарады.
Жүргізуші:- Биолог - ғалымдарымызға көп рахмет. Олардың жауаптары өте қызықты және жан -
жақты болды. Кез келген видеоканал сұрақтар мен тапсырмаларсыз болмайды. Сондықтан
кезекті «Ескерткіш орнатылған сүтқоректілер» айдарына береміз.

3. Ескерткіш орнатылған сүтқоректілер:
Бүкіл әлемде жануарларға қойылған ескерткіштер көп. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық.
1. Швейцарияда итке ескерткіш қойылған, бұл сенберлер 186 адамды үйінділер арасынан алып шыққан.
2. Киттерге арналған жалғыз ғана ескерткіш Аляскада бар. Киттер Алясканың ежелгі тұрғындары – эскимостардың әлі күнге дейінгі асыраушысы.
3. Санкт-Петербургте Экспериментальдық медицина институтының алдында адам туралы ғылымның дамуына үлес қосқан Павловтың итіне ескерткіш тұр. Ол 1935 жылы Павловтың ұсынысы бойынша тұрғызылған.
4. Англия мен Германияда «Ең соңғы өлтірілген қасқырға» ескерткіш орнатқан.
5. Челябинск қаласының елтаңбасы мен символы төрт қап теңделген түйе. Түйе бұл жерден
«Ұлы жібек жолы» өткендігін бейнелейді.

В) Саяхат сабақ:«Қазақстан қорықтарына саяхат»

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік - шаруашылық, экономикалық заңды шаралар жүйесі.
1. Ақсу - Жабағылы Батыс Тәңіртаудың солтүстік аудандарының табиғи кешендерін қорғау үшін 1926 жылы құрылған. Қорықта марал, елік, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, ілбіс, доңыз, жайра, өмір сүреді.
2. Алматы қорығы Іле Алатауының табиғи кешенін қорғау үшін 1931 жылы құрылды. Қорықта марал, ілбіс, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, өмір сүреді.
3. Барсакелмекс қорығы – шөл кешенін қорғау және соған тән жануарлардың санын қалпына келтіру мақсатында 1939 жылы құрылған. Қорықта құлан, бөкен, қарақұйрық өмір сүреді.
4. Наурызым қорығы – дала флоралары мен фауналарын қорғау үшін 1934 жылы құрылды.. Бұл қорықтың басты белгісі - тау елігі.
5. Қорғалжын қорығы – Қорғалжын көлдерінің табиғи кешенін қорғау үшін 1968 жылы құрылды.
Бұл қорықта сүтқоректілердің 37 түрі бар, Суыр тышқан, жабайы шошқаны атауға болады.
6. Марқакөл - бұл Марқакөл көлімен қоса Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау үшін 1976 жылы құрылды. Мұнда сүтқоректілердің 40 түрі өмір сүреді. Олардың ішінде қоңыр аю, бұлғын, марал өмір сүреді.
7. Үстірт - Үстір қорығы Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылған. Бұл қорықтағы жануарлардың көбісі жойылып кеткен. Сілеусін, киік, дала иті, түлкі, ұзын тікенді кірпі. Археологиялық заттар бұл қорықтың басты байлығы.
8. Батыс - Алтай - тау ландшавтысы, сүтқоректілердің 50 түрі мекендейді. Қорықта тиін, тышқан, марал кездеседі.
9. Алакөл қорығы 1998 жылы Алматыда құрылған. Жағалауда шошқа, елік, түлкі, қасқыр және т. б кездеседі.

Қорытынды. Міне, оқушылар бүгін сіздер сүтқоректілер жайында алған білімдеріңді ортаға сала отырып, тақырыпты қаншалықты меңгергендіктеріңді көрсеттіңдер. Қызықты әңгімелер айтып, қызықты мағлұматтармен таныстыңыздар. Сонымен қатар сүтқоректі жануарлардың ерекше маңызды түрлерін көрсеттіңіздер. Енді, сіздердің мақсаттарңыз, сүтқоректілерді қорғау, оларға қамқорлық көрсету.
7 204
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Сүтқоректілер классы
Биология пәнінен тест жинақтары. Сүтқоректілер классы
Ең ұзақ буаз болатын сүтқоректі жануар? - Азиялық піл 690 - 760 күнге дейін.
Сүтқоректілер
Сүтқоректілер
Сүтқоректілер жайында әңгіме жүргіздіру
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
Ұрпағын сүтімен асырайтын сүтқоректілер класына сипаттама беру. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшелігінің күрделенуі туралы түсінік бере отырып, салыстыру.
Хайуанаттар бағына саяхат
Хайуанаттар бағына саяхат
Сабақтың мақсаты. Білімділік мақсаты: оқушылардың жануарлар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырып мазмұнын меңгерту.
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі"ММ - нің биология пәні мұғалімі Ақмолдина Айбала
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×