Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биология пәні бойынша тест тапсырмалар жинағы 8 - сыныпқа арналған

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Биология
Құрастырған: Ш. М. Өтегенова
Шалқар ауданы
Тоғыз орта мектебінің биология пәні мұғалімі

Пікір жазғандар:
1. А. Ә Базарғалиева. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің доценті, биология ғылымының кандидаты
2. М. А. Оразбаев, Тоғыз орта мектебінің директоры

Биология пәні бойынша тест тапсырмалар жинағы 8 - сыныпқа арналған

Кіріспе
Қазіргі кезде барлық мұғалім алдына қойылып отырған міндет: оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауын, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиелеу жұмысында көптеген әдіс - тәсілдерді пайдаланады. Сондай әдіс - тәсілдердің бірі – оқушылар білімін тексеру мен бағалау. Біз өз тәжірибемізде соңғы уақыттарда тест арқылы білім тексеруге көбірек көңіл бөліп жүрміз. Тест - материалды түгел қамтып оқып шығуға мүмкіндік береді. Оқушылардың логикалық ойының дамуына әсер етіп, тез, дәл, нақты жауап алуға жәрдемдеседі. Оқушыларға тереңірек білім беруде, ойлау қабілетін дамытып, тез шешім қабылдатуда тест тапсырмаларының маңызы зор. Әрбір тарау өткен соң оқушыларға сол тарау бойынша тест тапсырмалары беріледі. Оған барлық оқушы ізденіп жауап береді. Тест арқылы мұғалім әр оқушы білімін сол мезетте анықтап бағалайды. Сонымен қатар тест - баға жинақтауға көмектеседі. Тест жауабын тексеруге оқушыларды да қатыстыруға болады. Тест сұрақтарын үй тапсырмасын тексергенде, жаңа сабақты бекіту кезінде қолдану да өте тиімді. Бұл тест жинағы ҰБТ - ге оқушыларды дайындау кезінде де тиімді. Осы мақсатта 8 - сыныпта биология пәнінен құрастырылған тест жинақтары ұсынылады

І бөлім. Адам – биологиялық түр.
1. Дене құрылысын пішінін, мүшелер жүйесін зерттейтін ғылым:
А) физиология
Б) анатомия
С) гигиена
Д) пcихология
Е) педагогика

2. Физилогия ғылымы зерттейді:
А) ұлпа құрылысын
Б) денсаулықты сақтау шараларын
С) мүшелердің, ағзаның тіршілік әрекетін
Д) жасуша құрылысын
Е) мүшелердің өзара байланысын

3. Баллистокардиографты қандай мақсатта қолданады?
А) жүрек бұлшық етінің жиырылу құбылысын жазады
Б) жүрек бұлшық етінің қозуын
С) ұлпадағы электрлік құбылысты анықтайды
Д) жүрек бұлшық етінің қозуды өткізуін
Е) ұлпадағы өтіп жатқан электрлік құбылысты

4. Мүшелер қызметіндегі ырғақтылықты, мүшелер арасындағы
ырғақтылық қатынасты анықтайтын әдіс:
А) физикалыық әдіс
Б) математикалық әдіс
С) химиялық әдіс
Д) клиникалық
Е) аналитикалық

5. Ағзаға түскен қоректік заттардың ыдырауын анықтайтын әдіс:
А) химиялық әдіс
Б) биологиялық әдіс
С) клиникалық әдіс
Д) физикалық
Е) экспериментальдық

6. Адам ағзасының құрылымы неше деңгейден тұрады?
А) 3 деңгей
Б) 4 деңгей
С) 5 деңгей
Д) 6 деңгей
Е) 7 деңгей

7. Ағзалық деңгейге не жатады?
А) ағзаның ішкі мүшелері
Б) адамның дене құрылысы
С) ұлпалар мен жасуша
Д) молекула
Е) ағзаның сыртқы мүшелері

8. Гуморальдық реттелу дегеніміз:
А) ағзаның қан арқылы химиялық байланысуы
Б) ағзадан улы заттардың бөлінуі
С) фермент әсерінен заттардың байланысуы
Д) мүшелер қызметінің жүйке арқылы реттелуі
Е) өздігінен реттелу

9. Тірі ағзаның негізгі құрылымдық және қызмет атқарушы
өте кішкентай жүйесі:
А) ұлпа
Б) мүше
С) жасуша
Д) молекула
Е) атом

10. Аморфты заттан тұратын жіңішке сыртқы қабат:
А) базальдық мембрана
Б) плазмалық мембрана
С) эктодерма
Д) қабықша
Е) пиноцитоз бөлшектері

11. Жасуша тіршілігіне қажетті заттар сорылады:
А) цитоплазмада
Б) плазмалық мембранада
С) лизосомада
Д) базальдық мембранада
Е) қабықшада

12. Миофибрильдер қызметі:
А) жиырылу, созылу, қозғалыс
Б) органикалық заттарды сору
С) ақуызды түзу
Д) тыныс алу, қозғалыс
Е) қоректену, жиырылу

13. Темперамент пен дене құрылысының төрт типі туралы ілімді
тұжырымдаған грек философы:
А) Клавдий Гален
Б) Гиппократ
С) Аристотель
Д) А. Везалий
Е) У. Гарвей

14. Қазіргі заманғы ғылыми анатомияның негізін қалаушы, «Адам
денесінің құрылысы туралы» еңбектің авторы:
А) Уильям Гарвей
Б) Н. И. Пирогов
С) Андреас Везалий
Д) Гиппократ
Е) Аристотель

15. Бір кездері біздің арғы тегімізде белсенді қызмет атқарған, қазіргі
кезде жартылай сақталса да, өз мәнін жойған мүшелер:
А) рудименттер
Б) атавизмдер
С) гомологты мүшелер
Д) аналогиялық мүшелер
Е) қалдық мүшелер

16. Атавизм белгілерін анықта:
А) түкті жамылғының болуы
Б) соқырішек
С) құйымшақ
Д) үшінші қабақ
Е) құйымшақ пен құйрық

17. Үштік кезеңнің екінші жартысында кең таралған жоғары сатыдағы
маймылдардың қазбалық тобы:
А) понгидтер
Б) дриопитектер
С) гоминидтер
Д) австролопитектер
Е) неандерталдықтар

18. Аустралопитектердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін ата:
А) тік жүрген,, бойы 120 - 130 см, салмағы 25 - 45 кг.
Б) ағашта жүрген, бойы 130 - 150 см, салмағы 50 - 60 кг.
С) ми көлемі үлкен
Д) бойы 170 см, салмағы 50 кг
Е) тік жүрген, еңбек құралдарын пайдаланған

19. Осыдан 1 млн. 300 мың жыл бұрын тіршілік еткен, Азия, Еуропа,
Африкадан табылған адамдар тобы:
А) маймыл адамдар
Б) осы заманғы адамдар
С) ертедегі адамдар
Д) ежелгі адамдар
Е) ертедегі адамдар

20. Осы заманғы типті қазба адамдар қалай аталады:
А) рамапитектер
Б) кроманьондықтар
С) неандерталдықтар
Д) понгидтер
Е) дриопитектер

Толық нұсқасын жүктеу
8 474
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР биология 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР биология 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8 - сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Қазақ әдебиетінен 5 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары (ІІІ тоқсан бойынша)
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Алғы сөз Бұл тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған. Әр модульдан кейінгі нәтиже сабақтарына қосымша. Тест 7 - сыныбының ХХІІІ модуліне екі нұсқадан тұрады: грамматикалық тестер, тақырыптық тестер, лексикалық тестер. Тест сұрақтары
Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі сабағы бойынша 2 - сыныпқа арналған дидактикалық тапсырмалар жинағы
Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған: Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×