Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дигибридті будандастыру

08 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
ШҚО, Аякөз ауданы, Бидайық ауылы
Ашимова Бакыт

Сабақтың тақырыбы: Дигибридтті будандастыру
Сабақтың білімділік мақсаты:
Генетика ғылымы, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары туралы білімдерін жинақтай отырып, Мендельдің заңдылықтарын ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты:
оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын дамыта отырып, сабаққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды жекелеме және топпен жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Сабақты сабақ үстінде бекіту
Сабақтың әдісі: Проблемалық, баяндау, сұрақ - жауап т. б.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
ІҮ. Есептер шығару
Ү. Қорытындылау
ҮІ. Бекіту.
ҮІІ. Бағалап, үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сыныпты түгелдеп, сабаққа даярлығын тексеру. Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күніміз,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!

Мұғалім: Балалар, біз бүгінгі үй тапсырмасы бойынша сабағымызда жекелеме, жұптық және топтық жұмыстар жүргіземіз.
І. Олай болса жекелеме жұмыстарға кезек берейік. Қолдарыңа магнитті тақтаны алыңдар, қойылған сұрақтарға соған жауап бересіңдер де жауабын тексересіңдер. Егер дұрыс жауап болса, сары бұршақты, қате болса жасыл бұршақты жинаймыз.
Олай болса бастаймыз: ”Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап” күтеміз.
1. Генетика ғылымы нені зерттейді? (Огарнизмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейтін ғылым )
2. Генетика терминін ғылымға енгізген ғалым? (Ағылшын биологоі
У. Бэтсон )
3. Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі қай
ғалымдардың еңбегінде кездесті? (Демокрит, Гиппократ, Платон, Аристотел )
4. Тұқым қуалаушылық дегеніміз не? (Ата - аналар белгілер
жиынтығының ұрпақтан - ұрпаққа берілу қасиеті)
5. Өзгергіштік дегеніміз не? (Организмнің тұқым қуалаушылық
қасиетінің сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отыруы)
6. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі - ДНҚ екендігін дәлелдеген ғалым? (Америкалық генетик О. Эври)
7. Г. Мендель өзінің тәжірибесіне қай өсімдікті алды? (Ас бұршағын )
8. Ата - аналық формалар қандай әріппен белгіленеді? (Р - әріпімен белгіленеді. Латынша “parents” - ата - ана )
9. Егер, бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата - аналық формалар будандастырылса ол қалай аталады?( Моногибридті будандастыру )
10. Г. Мендельдің еңбегінің аты? ( Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер)
11. Г. Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?( Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы)
12. Г. Мендельдің екінші заңы қалай аталады? ( Белгілердің ажырау заңы)
13. Толымсыз доминанттылық дегеніміз не? ( Кей жағдайларда F1 ұрпақта доминанттылықтың байқалмай аралық сипатта болуы)
14. Берілген генотпитердің ішінен гомозиготалы дараларды көрсет? АА, Аа, Ва, аа; ( АА, аа)
15. Будан организмінің гаметасында аллельді (жұп) гендер бір - бірімен араласып кетпей, таза күйінде сақталады. Бұл ереже қалай аталады? (Гамета тазалығы)

ІІ. Мұғалім: Жақсы, рахмет балалар! Енді жұптық жұмыстарға кезек берейік. Қазір алдарыңызға қима қағаздар беріледі, сол қағаздарға тіл бітірулерің керек. ( бұршақ пен раушангүлдің генотипі және фенотипі бойынша будандастыру)

ІІІ. Топтық жұмыс. (І топ)
106 - суретке назар аудар. Берілген тапсырманы орында.
А) жануарлардың генотипін анықтаңдар;
Ә) берілген суреттегі жануарлардың ата - анасының генотиптері мен F1 ұрпағының генотипін табыңдар;
Б) Пеннет торына салып, F2 ұрпағының генотипін анықтаңдар;
В) F2 - дегі белгі ажырауының арақатынасын табыңдар;
Г) F1 мен F2 - нің қорытындысы Г. Мендельдің қандай заңдарына бағынады?

(ІІ топ)
107 - суретке назар аудар.
А) бұлар қандай тұқымдардың будандарынан алынған деп ойлайсың?
Ә) F1 - де қандай тұқымдар алынды? Доминанттылықтың қай түріне жатады?
Б) ата - анасының генотипін және одан түзілген гаметалардың гендерін табыңдар;
В) F1 ұрпақтың генотипін жазып, түстерінің қандай қатынаста ажырайтынын анықтаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, үй тапсырмасын әртүрлі нұсқада талқыладық, енді жаңа сабағымызды бастайық.

«Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы»
Моногибридті будандастыруға тәжірибе жасағанда, мендель бір жұп қарама - қарсы белгілердің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын зерттеудің нәтижесінде екі заңдылықты ашқан болатын. Атап айтқанда, «Бірінші будан ұрпақтың белгілерінің біркелкі болуы» және «белгілердің ажырауы» заңдары. Алайда табиғатта екі - үш немесе одан көп белгілері бойынша айырмашылықтары бар өсімдіктер мен жануарлардың арасында да өзара будандастырулар жүреді. «Мұндай жағдайда белгілердің тұқым қуалауы қандай заңдылықтарға бағынады және қалай жүреді?» деген сұрақ туады.

Міне, осы бағытта Мендель екі жұп қарама - қарсы белгілері бар дараларды будандастырды. Мұндай будандастыруға ол бұршақтың екі белгісінде айырмашылықтары бар, яғни тұқымдары сары, жасыл түсті, қабығы тегіс, кедір - бұдыр сорттарын алды. Будандастыруға алынған даралар гомозиготалы болғандықтан, бірінші ұрпақтағы барлық будандардың тұқымдары біркелкілік заңына сәйкес сары түсті, тегіс пішінді болып шықты. Демек, аллельді гендердің бірінші жұбында тұқымның сары түсі мен тегіс пішіні доминантты, ал жасыл түсі мен кедір - бұдыр пішіні рецесивті болады. Алынған бірінші ұрпақты өзара будандастырған кезде екінші ұрпақты моногибридтіге қарағанда, біршама күрделірек болады.

Мендель өзінің алған 556 тұқымның 315 сары тегіс, 101 - сары кедір - бұдыр және 108 - жасыл тегіс, ал 32 - сі жасыл кедір - бұдыр болған. Олай болса, екінші ұрпақта әр түрлі фенотип алынды деп есептесек, олардың сандық арақатынасы шамамен 9АВ: 3Ав: 3аВ: 1аа - ға тең немесе 9: 3: 3: 1 қатынасына сәйкес келеді.
Пеннет торын құрамыз. (көрсету)

Пеннет торынан көріп отырғанымыздай 416 сары 140 жасыл түсті тұқым, ал пішініне қарай 423 тегіс 133 кедір - бұдыр тұқым бар екенін анықталған.
16 түрлі үйлесімнің 12 - сі сары тұқымды, 4 - еуі жасыл тұқымды, сондай - ақ екінші жұп белгі бойынша 12 - сі тегіс пішінді, 4 - еуі кедір - бұдырлы тұқымды көрсетеді. Сондықтан ажырау қатынасы 12: 4 немесе 3: 1 - ге тең болғандықтан, белгілердің кез - келген жұбы бойынша ажырау өзге жұбына байланыссыз жүреді деген қорытынды жасады. Бұл құбылысты белгілердің тәуелсіз ажырау заңы деп, оған мынандай анықтама беріледі: бір - бірінен айқын екі (немесе бірнеше) жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жағдайда екінші ұрпақта белгілер жұбының тәуелсіз тұқым қуалауы және олардың ата - аналарына ұқсамайтын жаңа үйлесімдер түзуі байқалады.

Толық нұсқасын жүктеу
8 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Сандарды ауызша көбейтуге берілген есептерді шығаруға дағдыландыру, тиімді тәсілмен есептеуді үйрету. дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Генетика тарауын қорытындылау
Генетика тарауын қорытындылау
Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Жусубалина А.Б.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің Биология пәні мұғалімі Саулебаева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×