Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биология ғылымдары

01 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 2
Тақырыбы: §2. Биология ғылымдары
Сабақтың мақсаты: биология пәні, оны оқытудың маңызымен таныстыру.
Білімділік – тірі ағзалар, олардың алуан түрлілігі мен таралуы, бәріне ортақ белгілері, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың бұрыннан бар (бастауыш сыныптан, күнделікті өмірден) білімін жүйелеп, соған сүйене отырып зат алмасу, жасуша туралы жаңа түсінік - ұғымдарды енгізу; биология ғылымдары, оның негізгі салалары туралы алғашқы мағлұмат беру;
Тәрбиелік – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Дамытушылық – шығармашалық ойлау қабілеттерін, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды оқулық, биолог ғалымдардың портреттері.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың бар - жоғын бақылай отырып, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Тірі ағзаларға не жатады? Оларлды неліктен «тірі» дейді?
Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Биология – тірі ағзаларды зерттейтін көп салалы ғылым
2. Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар
3. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау
Проблемалық сұрақтар беру: Биология ғылымының қалыптасуына не себеп болды? Оның қандай салаларын білесіңдер?

Адамдар ертеден - ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен, тірі ағзалармен тығыз байланысты екенін жақсы түсінген. Табиғатта қандай өсімдіктер, жануарлар бар, олардың құрылысы, тіршілігі қандай екенін білуге ұмтылған. Пайдалыларын сақтап, көбейтуге, зияндыларының санын азайтуға тырысқан. Осылайша тірі ағзалар туралы адамның білімі молайып, биология ғылымы қалыптасты.
Биология (грекше: «биос» - тіршілік, «логос» - ғылым) – тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым.

Кез келген адам өзінің туған жерінде кең таралған тірі ағзалар, олардың тіршілігі жайлы білуі керек. Сонда ғана адам табиғат қорғау ісіне белсенді қатысады. Туған жеріне, табиғатына зор пайда келтіреді.
1920 - 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын Ж. Күдерин жазды. Биология ғылымдарының докторы, академик Н. И. Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В. П. Голоскоков, М. С. Байтенов жазған, А. Ы. Жандеркин, Б. М. Мусин, К. Мыңбаев, Қ. Дүйсембин және т. б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.

Х. Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А. Бекенов, В. А. Грачев, М. И. Исмагилов, А. Ф. Ковшарь, А. А. Слудский, К. Ысқақова және басқа ғалымдар еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың зерттелуі, биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды.

Толық нұсқасын жүктеу
2 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Биология пәнінен күнделікті сабақ жоспаралары 9 сынып
Биология пәнінен күнделікті сабақ жоспаралары 9 сынып
Биологиядан күнделікті сабақ жоспарлары (биология 9 сынып)
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы
Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы
Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×