Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасуша – ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Өсімдік ұлпалары. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар

01 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 3
Тақырыбы: І тарау. Жасуша – ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Өсімдік ұлпалары.
§3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар.
Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – «жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.
Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.
Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Биология ғылымы, оның негізгі салалары туралы әңгімелеңдер.
Ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды атаңдар. Олардың қандай еңбектері бар?
Қорық деген не? Еліміздегі басты қорықтарды атаңдар. Өзің қайсысында болдың?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Микроскоптың шығу тарихы
2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі
1609 жылы Италия ғалымы, физик Г. Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40 - тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.
Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.
Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590 - 1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі - балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді.
Жасушамен алғаш танысқандықтан, әрі бұл материал күрделі болғандықтан жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, өсімдік жасушасын бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құралдардың түрлері, олармен жұмыс істеу әдісін үйрету керек.
Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Жарық микроскобының әрбір бөлімінің атын, не үшін қажеттігін оқушылардың дәптеріне жаздырған жөн. Содан соң микроскоппен қалай жұмыс істеу керек екендігін мұғалімнің өзі көрсетуі тиіс. Алдыға қойылған мақсат – оқушыларды микроскоппен, жұмыс істеу барысымен таныстыру.
Ол үшін микроскопты үстелдің шетінен 5 - 8 см қашықтыққа қойып, барлық бөлімдерін таза жұмсақ шүберекпен сүртіп тазартылуы тиіс екенін айтып, әр бөлімдерін қалай пайдалану керек екендігін (бұранданы жоғары, төмен қозғау; айнаны жарыққа бағыттап жарық ұстау жолы; көретін затты заттық үстелдің үстіне дәлдеп қою, т. б.) нақтылай көрсетіп жаттықтырған жөн. Микроскопқа керекті жабдықтардың маңызын, қалай қолдануын (заттық әйнектің саусақпен шетінен ұстау; ортасынан ұстаса саусақ ізі түсіп зерттейтін затты анық көрсетпей кедергі болатынын ескерту; сондықтан тазалап сүртіп алу) айту. Препарат жасау үшін зат әйнегінің дәл ортасына тамызғымен 1 - 2 тамшы су тамызып, көретін объектіні дұрыстап орналастырған соң, суда ауа көпіршіктері болмас үшін жабын әйнегі шетінен ұстап зат әйнегіне бұрыш жасай жабу жолы үйретіледі. Ауа көпіршіктері қалып қойса, әйнектің үстінен сәл басып кетіруге болады. Көретін объектіні міндетті түрде су тамшысына салып қарауды ескертуді ұмытпау керек (қандай да болмасын кез келген объектіні сусыз қарауға болмайды кейде объектіні ерекшелігіне байланысты басқа ерітінділер, бояғыш заттар қосуға болады).

№1 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Ұлғайтқыш әйнек және микроскоп.
Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.
Құрал - жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
Жұмыстың барысы:
1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.
2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.
3. Микроскопқа керекті құрал - жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.
4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).
Нәтижесі:
І. Төмендегі сөйлемдерді оқып, ойланып, тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар.

Толық нұсқасын жүктеу
4 955
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны қарау Жасушаның құрылысын оның органоидтерін білу; мәтінмен жұмыс істеу барыснда оқулықтағы суреттерді пайдалану.
Прокариоттық жасушаның құрылысы. Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
Прокариоттық жасушаның құрылысы. Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
Прокариоттық жасушаның құрылысы. Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері туралы толық білім беру.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Өсімдік жасушасы
Өсімдік жасушасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, "Малтабар орта мектебі" КММ - і биология пәнінің мұғалімі Мукашева Айнұр Жақияқызы
Жасушаның ашылу тарихы
Жасушаның ашылу тарихы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Есекеева Жанат Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×