Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік жасушасының құрылысы

01 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 4
Тақырыбы: §4. Өсімдік жасушасының құрылысы
Сабақтың мақсаты: жасуша ұғымын жан - жақты түсіндіріп, өсімдік жасушасының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өсімдік жасушаға тән органоид түрлерімен таныстырып, олардың атқаратын қызметін, құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру;
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптарғ өсімдік жасушасы.
Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.
Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.
Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.
Орналасу ретіне қарай микроскоптың бөлшектерін жатқа айтып беріңдер. Жасушаның ашылу тарихының себептері, ашқан ғалымдар. Микроскоппен қарау үшін микропрепаратты қалай дайындайды?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Препаратты микроскоппен қарағанда ең алдымен айқын көрінетіні жасуша қабықшасы. Барлық өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының сыртын өте нәзік май тәрізді заттар мен нәруыздан тұратын жарғақша немесе қабықша қаптайды, нақтырақ айтсақ, оны плазмалық жарғақша (плазмалемма) дейміз.
Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы оның жұқа плазмалық жарғақшасы(мембрана) сыртын өте тығыз, таза жасуынықтан (клетчатка) тұратын берік, қалың, серпімді қабықша қаптайды(мұндай қабықша жануарлар жасушасында болмайды). Бұл қабықша цитоплазмадан бөлінген өнімнен түзіледі, оның әр жерінде көршілес орналасқан жасушалардың цитоплазмасымен байланысатын көп майда саңылаулары (қабықшаның жұқа жері) бар. Тығыз, берік қабықша өсімдікке белгілі пішін берумен бірге, цитоплазманы зақымданудан және кеуіп кетуден сақтап тірек қызметін атқарады. Жасуынық (клечатка немесе целлюлоза) ыстық суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін тұрақты зат. Ол тек өте күшті тұз қышқылы мен күкірт қышқылында қантқа айналады. Сондықтан жасунықтан қағаз, жасанды жібек, пластмасса, кинопленка, лак, қопарылғыш зат жасалады. Мақта тұқымындағы ұзын талшықтарын және зығырдың тінін мата тоқуға пайдаланады.

Плазмалық жарғақшаның атқаратын қызметі:
1) жасушаны қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады;
2) қабықша ішке қарай барлық қоректік заттарды, яғни су мен газдарды (оттегі, азот, көмірқышқыл газы) өткізіп, ыдырау өнімдерінің зиянды керексіз қалдықтарын сыртқы шығарып, жасуша мен қоршаған орта арасында ұдайы зат алмасуды қамтамасыз етеді; жасуша ішіндегі қажетті сұйықтықтың құрымын реттейді;
3) ішке қарай зиянды, улы заттарды өткізбейді, тек кейбір заттарды ғана талғап өткізеді;
4) әр түрлі қосылыстар екінші жасушаға өтіп отырғандықтан плазмалық жарғақша тасымылдаушы қызметін де атқарады;
5) цитоплазмаға енген түрлі заттардың қосылысын, орын ауыстыруын реттейді.
Жасуша қабықшасы мөлдір түссіз болғандықтан күн сәулесін жақсы өткізеді, дегенмен ылғи да бір қалыпты болмай әр түрлі өзгеріске ұшырайды, оның түрлі себептері бар.

Жасуша қабықшасының өзгеріске ұшырау себептері:
1. Ағаштану. Жасуша қабықшасына лигнин (көмірсусыз компонент) сіңгендіктен қаншалықты қалыңдап ағаштанса да зат алмасу тоқтамайды. Қаттылық, беріктілік қасиет беретіндіктен ағаштар өте биік болып, жапырақтары қалың, жемістері көп болып өседі, бірақ салмағына сынып кетпей бұтақтары сәл майысып қана тұрады.
2. Тозаңдану. Қабақша жасуынығы өзгеріп, су мен газ ішке қарай өте алмай, цитоплазма кеуіп кетеді. Жабын ұлпалар тозданған өлі жасушалардан тұрады. Сондықтан зиянды микроағзамен зақымданбайды және өсімдікті қурап қалудан сақтайды. Түрлі тығындар қабықшасы тозанданған өлі жасушалардан жасалады.
3. Өңездену (кутикулану). Қабықшаның сыртқы қабатына май тәрізді заттар көбірек сіңетіндіктен су мен газ ішке қарай өте алмайды. Орамжапырақ, алхоры, жүзім, алма жемістерінің сыртын балауызды ақшыл өңез қаптайды, қолмен сүртсе тез кетеді. Өңез өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
4. Сілемейлену. Жасуынықтың өзгеруінен жасуша қабықшасына су тигенде ісініп көлемін ұлғайтады. Ол әсіресе, зығыр, қарбыз тұқымдарын суға жібіткенде байқалады. Жібітілген тұқымдарды қолға ұстағанда созылмалы шұбатылған сілемейлі зат бөлінгені сезіледі.
5. Минералдану. Қабықшаға кремний, көмірқышқыл кальций, т. б. минералды тұздар көп жиналғандықтан кейбір өсімдіктердің (қамыс, қырықбуын) жапырақтары, сабақтары мен бидай, арпа, сұлы масақтарының ұзын қылтанақтары қатайып өте берік болады. Тіпті қамыс жапырағы жиегінің өткірлігі пышақтың жүзіндей қолды кесіп кетеді. Минералданудың өсімдік тіршілігі үшін пайдасы зор, көбінесе малға жем болудан қорғайды. Ол қоршаған орта жағдайына бейімделудің бір түрі болып есептеледі. Тек өсімдік жасушасында ғана болатын жасуынықты қалың қабықша өсімдіктің сыртқы «қаңқасы» болумен қатар өте нәзік мүшелеріне беріктік, қаттылық, серпімділік, майысқыштық қасиет беріп, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.

Цитоплазма – құрамында 60 - 90% су, 10 - 20% нәруыз, 2 - 3% май, көмірсулар, иондар, 1% минералды қосылыстары бар мөлдір, желімтек, созылмалы қоймалжың сұйықтық. Цитоплазманың сыртын жұқа жарғақша – плазмалемма қаптап жатады. Ал вакуольден шектеп тұратын жарғақшаны тонопласт дейді. Тонопласт пен плазмалемма бір - бірімен эндоплазмалық тор арқылы байланысады. Жасушадағы зат алмасу процестері цитоплазма арқылы жүзеге асатындықтан ұдайы қозғалыста болады. Кейде сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан (өте төменгі температура, оттек пен жарықтың жетіспеушілігенен, т. б.) қозғалысы баяулап немесе мүлде тоқтап қалады. Цитоплазма екі түрлі бағытта қозғалады: 1) айнымалы; 2) ағынды.
Айнымалы қозғалу кезінде жасуша қабықшасын жанай, бір бағытта айналады, бұл кезде ядро, хлоропластар мен басқа да органоидтар бірге қозғалады (кейде ядро қозғалмайды).
Ағынды қозғалуда цитоплазма қабықшадан орталыққа қарай немесе керісінше бағытталады. Плазмалемма мен тонопласт қозғалыссыз күйде қалады. Цитоплазма да ұдайы жүз мыңдаған түрлі химиялық заттар түзіліп қайта ыдырап жатады. Осының нәтижесінде жасуша цитоплазма арқылы энериямен қамтамасыз етіледі. Сонымен жасушада жүретін көптеген реакциялар тек цитоплазманың қатысуымен жүзеге асырылады.

№2 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарау.
Мақсаты: Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, екеуінің жасушасын салыстыра отырып өзіндік ерекшеліктерін табу.
Құрал - жабдықтар: пияз, кез келген бөлме өсімдігінің жапырағы, микроскоп, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
Жұмыстың барысы:
1. Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.
2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.
3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып алып қараса пластидтер көрінеді.

Толық нұсқасын жүктеу
5 385
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Көмірқышқыл газы + су (күн сәулесі/жасыл өсімдік) → қант (глюкоза) + оттегі ═ фотосинтез. Өсімдік жапырағының хлоропластарында күн сәулесінің қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез деп атайды. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған орыс
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіру. Адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Өсімдік жасушасы
Өсімдік жасушасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, "Малтабар орта мектебі" КММ - і биология пәнінің мұғалімі Мукашева Айнұр Жақияқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×