Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өркендер мен бүршіктер

02 тамыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 10
Тақырыбы: §11. Өркендер мен бүршіктер
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын дамытуға баулу;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Биологиялық тест
1. Тамырдың сабақтан қандай айырмашылығы бар? (буын және буынаралықтары болмайды, жапырағы жоқ)
2. Шығу тегіне қарай тамыр нешеге бөлінеді? (3 - ке: негізгі, қосалқы, жанама)
3. Қосалқы тамырлар қай үлескіден өсіп шығады? (сабақ пен жапырақтан)
4. Негізгі тамыр қайдан пайда болады? (ұрық тамыршасынан)
5. Қосалқы тамырлар қандай қызмет атқарады, жақсы дамуы үшін қандай шаралар қолданылады? (берік орнығып, қоректенуін күшейтеді, тыңайтқыштар себу керек)
6. Тамыр жүйесі деген не, ол нешеге бөлінеді? (барлық тамырлардың жиынтығы, 2 - ге бөлінеді: шашақ, кіндік)
7. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктерді ата. (астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы және т. б.)
8. Шашақ тамыр жүйесі деп неге аталған. Кіндік тамыр жүйесінен қандай айырмашылығы бар? Шашақ тамыр жүйесі бар өсімдіктерді мысалға келтір. (негізгі тамыр болмайды немесе өте нашар дамыған жуандығы жанама немесе қосалқы тамырлар сияқты шашаққа ұқсап топталып тұрады. Астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы, күріш және т. б )
9. Тамырда неше бөлік болады, әр бөлігін жеке - жеке атап көрсет. (4 бөлік: тамыр оймақшасы; 1) бөліну аймағы; 2) өсу аймағы; 3) сору; 4) өткізу аймағы)
10. Тамыр оймақшасы қай ұлпадан түзілген? (бөліп шығарушы ұлпа)
11. Бөліну бөлігі қай ұлпадан түзілген? (түзуші немесе меристема)
12. Сору бөлігі қай ұлпаға жатады? (жабын ұлпасы)
13. Тамырдың ұшынан өсуін қалай дәлелдейсің? (тамырдың ұшында түзуші ұлпа болады)
14. Тамыр өсімдікке не үшін қажет? (Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т. б.) синтездейді. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды; Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі; Вегетативтік көбеюге қатысады.)
15. Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар, мысал келтір. (органикалық(құс саңғырығы, қи, қарашірік және т. б.) және минералды тыңайтқышар (Нитрагин, суперфосфат, азот силитрасы)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.
Дихотомиялы бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі өркен береді, әрі қарай оның әрбіреуі тағы да екі өркеннен береді және т. с. с. Бұл – бұтақтанудың ежелгі тәсілі (плауындар, мүктер)
Моноподиалды бұтақтану кезінде бірінші реттің негізі білігінен жоғары қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, одан екінші ретті және қалған реттегі қысқа жанама біліктер өседі (шырша, самырсын және т. б. жалаңаштұқымдылар).
Симподиалды бұтақтану кезінде негізгі білігі өзінің өсуін ерте тоқтатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктер шыға бастайды. Осы шыққан бүршіктер бірінші реттің білігін(осін) жалғастырған тәрізденеді. Бұлар өз кезегінде сол сияқты жоғары өсуін тоқтатады да, оның жанама бүршіктері шыға бастайды, онда үшінші реттік білік пайда болады т. с. с. (гүлді өсімдіктер).
Өркендерді жіктеу
Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды
Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.
Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.
Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан.
Қысқарған өреннің буанаралығы жақын орналасқан.
Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.
Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.
Өркендердің түр өзгерістері
Тамыр сабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).
Столон – ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.
Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т. б. жатады.
Түйнекті жуашық – сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор заттары өсіп кеткен сабақ бөлігіне де жиналады, ал оның қабаршағы құрғақ (гладиолус, шафран).
Шөгір – түрі өзгерген өркен немесе оның бір бөлігі, төбесі (шырғанақ) немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.
Мұртшалар – түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.
Бүршік. Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік бастапқы өркен.
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті(өсу) және генеративті(көбею) бүршік.
Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.
Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса төбе бүршік, жапырақ қолтығында орналасса қолтық немесе жанама бүршік д. а. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан - жаққа бұтақтар өсіп таралады. Өсімдіктердің кез келген мүшесінің әр жерінен қосалқы бүршіктер шығады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т. б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарына дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлеме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз - қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендердің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш діңінің кесілген бұтақтары мен ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.

Толық нұсқасын жүктеу
4 520
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
1. мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі) 2. тамыр қандай мүше? (вегетативті мүше) 3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді ?(кіндік және шашақ тамыр жүйесі) 4. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді оларды
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіру. Адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Атырау қаласы, №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі: Утепова Болған Мұхлесқызы
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×