Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақтың түрлері, құрылысы

02 тамыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 11
Тақырыбы: §12. Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мақсаты: сабақтың атқаратын қызметін, оның жалпы құрылысын оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіру.
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады, ішкі құрылысы бойынша дәлелдеп беріңдер. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?
Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады? Өсу бүршігі мен гүл бүршіктерінің айырмашылықтарын талдаңдар.
Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды, қызметі қандай? Бүршіктер нешеге бөлінеді?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Сабақ және оның түрлері
2. Сабақтың ішкі құрылысы

Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір - бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек. (кесте)

Сабақ мынадай қызметтер атқарады:
1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;
2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
3) көбеюге қатысады;
4) органикалық заттар қорға жиналады;
5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;
6) вегетативтік көбею.
ІV. Бекіту.
Сабақ дегеніміз не? Оның қандай түрөзгерістері бар? Құрылысы қандай? Атқаратын қызметі ше?
Үй тапсырмасы. §12. оқу, 17 - сурет салу.

№7 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Сабақтың ішкі құрылысымен танысу.
Мақсаты: Сабақтың ішкі құрылысын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап, оның қабаттарын бір - бірімен салыстырып зерттеу.
Құрал - жабдықтар: қарағаш, емен, терек ағаштарының 20 см ұзындықтағы жас өркендері, ұлғайтқыш қол әйнегі, ағаштың жуандау (2 - 3 жылдық) діңінің көлденең кесіндісі (қалыңдығы 5 - 8 см).

Жұмыстың барысы:
1. Әр түрлі ағаштардың (қарағаш, емен, қайың, терек, тал, т. б.) жас бұтақтарынан (ұзындығы 20 см) сыртқы қабығының түсіне, қабығын жарып бұртиып шыққан (шұбарланған) жасымықшаларына, оның пішініне көңіл аударып, лупамен қарап суретін салыңдар.
2. Кез келген ағаштың көлденең кесіндісінен сабақтың ішкі құрылысының қабаттарын ажырату. Әр қабаты қанша көлемді алып жатқандығын (қалыңдығын) ажыратып, түсіне көңіл аудару. Өзек жасушаларының ерекшеліктерін бақылап көру.
3. Оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.

Нәтижесі: 1) сурет бойынша 2) Бос орындарды толтыр:

Толық нұсқасын жүктеу
3 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың ішкі құрылысы
жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.
Өркендер мен бүршіктер тақырыбына қайталау сабақ
Өркендер мен бүршіктер тақырыбына қайталау сабақ
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында: сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырма «Ой ашармен» бастау.
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың атқаратын қызметін, оның жалпы құрылысын оқушы санасына жете түсіндіру, оқушылардың ой - өрісін кеңейту, функционалдық сауаттылығын арттыру.
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Атырау қаласы, №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі: Утепова Болған Мұхлесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×