Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақтың бойлап және жуандап өсуі

02 тамыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 12
Тақырыбы: §13. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – сабақтың ұзынынан өсуіне себепші факторларды және оның жуандауына әсер ететін заттардың мәнісін түсіндіру;
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Сабақ қандай қызмет атқарады? Сабақтың түрлерін атаңдар.
Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
Өзек қандай қызмет атқарады? Қабық бөлімдерін, атқаратын қызметін талдаңдар.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан - жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты.
Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасыныкі, биіктігі 200 - 300 м; шырша 60 м; қайың 30 - 35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20 - 25 м; банан 3 - 3, 5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге Австралия орхидеясы (1 - 2 мм) мен вольфия (1 - 2 мм) жатады.
Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, көп өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерінің шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.
Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір маусымның ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.

№8 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Ағаш діңінің кесіндісіндегі жылдық шеңбермен жұмыс.
Мақсаты: Ағаш діндерінің құрылысын қарап, жылдық шеңберлерін анықтап, олардың өсімдік үшін маңызын зерттеу.
Құрал - жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.
Жұмыстың барысы:
1. Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар. Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.
2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңдер.
3. Көрген кесінділеріңді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңдар.
Нәтижесі:
Суретін сал

Толық нұсқасын жүктеу
12 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр, тамыр бөлімдері деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Өсімдік ұлпалары
Өсімдік ұлпалары
Өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір - бірінен айырмашылығын түсіндіру.
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Өсімдіктер сабағының құрылысы мен қызметі, ішкі құрылысы, сабақтың бойлап және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар туралы түсінік беру арқылы өсімдіктердің вегетативті мүшелері жөніндегі білімдерін тереңдету.
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі
Өсімдіктер сабағының құрылысы мен қызметі, ішкі құрылысы, сабақтың бойлап және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар туралы түсінік беру арқылы өсімдіктердің вегетативті мүшелері жөніндегі білімдерін тереңдету
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіру. Адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Есекеева Жанат Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×