Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы. Сабақтың түрөзгерістері

02 тамыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 13
Тақырыбы: §14. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы
§15. Сабақтың түрөзгерістері
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – өсімдіктің вегетативті мүшесі – сабақ, оның бойымен қозғалатын органикалық және бейорганикалық заттардың мәнісін, сабақтың түрөзгеріс түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: плакаттар
Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады? Сабақтың ұшынан өсуін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер. Сабақтың бойлап өсуін тоқтатуға болама ма, болса қандай шаралар қолданылады?
Шырпуды қай кезде, қандай мақсатта жүргізеді? Ағаш діңінің сүрек қабаты басқа қабатына қарағанда қалың болу себебі неліктен? Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?
Жылдық шеңбер қалай түзіледі? Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады? Бұтақтарға жылу, ылғал жетіспейтін себебі неде?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Сабақ бойымен су мен минералды тұздардың қозғалуы
2. Сабақ бойымен органикалық заттардың қозғалуы
3. Түрі өзгерген жер үсті сабақтар.
4. Түрі өзгерген жер асты өрендер

Су мен минералды тұздардың қозғалуы. Тамырдың топырақтан сорған минералды заттары тамырда қалып қоймай сабақ бойымен көтеріліп жер үсті мүшелеріне барады. Су мен минералды заттар сабақтың қай қабаты арқылы қозғалатынымен танысалық. Өткен сабақта берілген төртінші тапсырмадағы тәжірибені талдайық. Тәжірибеден боялған суға салынған өркеннің жапырағымен, гүлінің боялғандығын көреміз. Сабағын ұстарамен көлденеңінен және ұзынынан теңдей екіге қақ жарып қараңдар (ұлғайтқыш әйнекті пайдаланыңдар). Қабық пен сүрек қабаты боялмай, тек сүрек қабатының боялғаны байқалады. Бұл тәжірибеден су мен минералды тұздар сабақтың сүрек қабатымен қозғалатынын білеміз.

Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы әрқилы, кейде сағатына 20 - 30 см көтеріледі. Су мен минералды заттардың сүрекпен қозғалуын тағы да мынадай қарапайым тәжірибеден көруге болады: кез келген ағаштың екі бұтағын алып, бірінің 5 см - дей етіп қабығын ғана сыдырады (суға салатын жағынан). Екінші бұтақ қабығының астыңдағы сүрегін (қабығы мен ортасындағы өзегін қалдырады) алып тастайды. Екеуін де ыдыстағы суға салып қояды. Көп ұзамай сүрегі жоқ бұтақтың қурап қалғаны байқалады. Сүрегі бар бұтақ көпке дейін қурамай, тұра береді.

Органикалық заттардың қозғалуы. Жарықта жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен, крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды. Крахмал қантқа айналуы керек. Қант суда жақсы еритіндіктен қабықтағы сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне барады. Органикалық заттар қабықтағы тін талшықтары (сүзгілі түтік) арқылы қозғалады.

Органикалық заттардың қозғалысын бақылауға арналған тәжірибеде 1 ай уақыт керек. Ұзындығы 15 см - дей 2 бұтақ алынады. Біріншісін төменгі ұшынан (суға салынатын жағы) 5 см жоғарырақ жерінен қабығын (енін 3 см - дей) сақиналап кеседі. Екінші бұтақты сақиналап кеспей сол күйінде ыдыстағы суға салып қояды. Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады. Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды. Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды. Ал қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды. Бұл органикалық заттар тек қабықпен қозғалатынын дәлелдейді.

Органикалық заттар өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады. Қорекке ортақ етпей күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өрендерін жұлады. Жапырақ қолтығынан шыққан өрендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.

Толық нұсқасын жүктеу
13 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр, тамыр бөлімдері деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Көмірқышқыл газы + су (күн сәулесі/жасыл өсімдік) → қант (глюкоза) + оттегі ═ фотосинтез. Өсімдік жапырағының хлоропластарында күн сәулесінің қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез деп атайды. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған орыс
Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан - жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты.
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіру. Адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×