Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жемістер

03 тамыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 24
Тақырыбы: §26. Жемістер
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Жемістердің құрылысын, олардың бір - бірінен ерекшеліктерін ажырата білу.
Дамытушылық: Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: аралас (жеке, топтық, топтастыру)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатынасады?
2. Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?
3. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
4. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
5. Ұрықтану қай кезде жүреді?
6. Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.

Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жаз:
● Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктер
● Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер

1. Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5. Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық аузы ірі, түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенекті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10. Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

ІV. Бекіту.
А
1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?
2. Олар неше топқа бөлінеді?
3. Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді?
Б
1. Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?
2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?
В
1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
2. Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен дәлелдеңдер.

№14 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Шырынды және құрғақ жемістермен танысу.
Мақсаты: Құрғақ және шырынды жемістердің құрылысын қарап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеу.
Құрал - жабдықтар: өрік, шие, қияр, асқабақ, алма, алмұрт, таңқурай жемістері, картоп түйнегі, сәбіздің жемтамыры, шалғам (редиска), қырыққабат бұршаққыны, асбұршақ, үрмебұршақтың бұршаққабы, үйеңкінің қанатшасы, бидай дәнегі, күнбағыстың тұқымшасы, емен жаңғағы және т. б. (табылғандарын алу)

Жұмыстың барысы:
1. Үлестірілген жемістерден шырындысын бір бөлек, құрғақтарын жеке бөліп алу.
2. Шырынды жемістердің сүйектісін бір бөлек, жидектерін бір бөлек ажырату. Сүйекті шырынды жемісті ұстарамен екіге бөліп суретін салу.
3. Жидек жемісті де ортасынан жарып ішіндегі тұқымдарын санау, сүйекті жеміспен салыстыру.
4. Картоп түйнегі, сәбіз, қызылшаның жемтамырларын жарып көріп жеміспен салыстырып, жеміс еместігіне көз жеткізу.
5. Құрғақ жемістердің түрлерін оқулықтағы суретпен салыстырып бір - бірінен айырмашылықтарын қарап, ішіндегі тұқымдарын санау, жемістің құрғақ екенін байқау.

Нәтижесі: 1) Кестені толтыр:

Толық нұсқасын жүктеу
5 683
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау. Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру.
Айқас түзулардің арақашықтығы
Айқас түзулардің арақашықтығы
Кеңістіктегі екі нүкте, нүкте мен түзу, нүкте мен жазықтық, екі айқас түзулер арасындағы қашықтықты, параллель түзу мен жазықтық, параллель түзулер, параллель жазықтықтар арасындағы арақашықтықты анықтай алу.
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі Сайм Нина
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтану процесі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Ибраева Фарида Музапбаровна
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология, химия пәні мұғалімі Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
Ақтөбе қаласындағы №33 қазақ орта мектебінің химия – биология пәндерінің мұғалімі Жумина Г.Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×