Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпжасушалы жануарлар

04 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 33
Тақырыбы: V тарау. Көпжасушалы жануарлар
§ 35. Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Сабақтың мақсаты: көпжасушалы жануарлар жасушасының құрылысына жалпы шолу, ұлпа түрлерін, өзіндік атқаратын қызметін, мүшелер мен мүшелер жүйесінің түзілуі жайлы мағлұмат беру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
«Біліміңді сына» тапсырмасын тексеру.
Біржасушалы жәндіктердің табиғатта қандай маңызы бар?
«Паразиттік тіршілік ету» дегенді түсіндір. Түрлі ауру тудыратын біржасушалыларды ата; қайсысы қандай ауру тудырады?
Безгек ауруын тудыратын қандай жәндік? Ол адамға қандай жәндік арқылы жұғады?
Лейшмания қандай жәндіктерге жатады? Ол қандай ауру тудырады? Құм шіркейлерінің бұған қандай қатысы бар?
Біржасушалар суды қалай тазартады?
Шағын бөгеттерге гамбузия балығын өсіру қандай ауруға қарсы жүргізілетін шара?
Біржасушалылар қандай жануарларға қорек болады? Оның адам үшін маңызы бар ма? Қандай?
Біржасушалы жәндіктердің мұнай қорының жасалуына қандай қатысы бар? Топырақ түзуде ше?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Жануар жасушасының негізгі түрлері және олардың қызметі
2. Ұлпалардың түрлері және қызметі.
3. Мүшелер мен мүшелер жүйесі.

Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады. Содан бері жасушаны зерттеу құралдары – әуелі жарық көмегімен көрсететін микроскоптың жетілдірілуі, одан соң электрондық микроскоптың жасалуы, физикалық және химиялық әдістердің қолданылуы арқасында жасушаның құрылысы мен қызметі терең зерттеліп, анықталды.

Жануар жасушасының негізгі түрлері және олардың қызметі. Біржасушалы ағзалардың құрылысымен, тіршілігімен танысу арқылы біз біржасушалылар туралы өте маңызды мағлұмат алдық. Себебі көпжасушалы жануарлардың әр жасушасы жеке - дара ағза болмағанымен, құрылысы және қызметі жағынан қарапайым жәндіктер жасушасымен ұқсас. Оның құрылысы мен көптеген тіршілік процестері дәл қайталанады. Дегенмен көпжасушалы ағзада жасушалар топтасып, әр топ белгілі бір қызмет атқарады және олардың сапасы, қасиеті сол қызметке сәйкес болады. Мысалы, сүйек жасушаларында минералды тұздар көп болады да, олар сүйектің қаттылығын қамтамасыз етеді.

Толық нұсқасын жүктеу
7 715
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері
Өсімдіктер мен пен жануарлар ағзаларындағы жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі арасындағы өзара байланыстарды анықтап, тақырыпты өз бетінше дұрыс түсіндіре алады.
Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және балықтар мен шабақтарға, т. б. су
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар. Біржасушалы жәндіктердің тіршілігі
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі. Біржасушалы жәндіктер – денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы ғана көрінетін ағзалар. Оларды қарапайымдар деп те атайды.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы
Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің биология пәні мұғалімі Рахметов Мейірбек Абушахманұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×