Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы

04 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 35
Тақырыбы: §37. Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы
Сабақтың мақсаты: омыртқалы жануарлардың (балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы жайлы білімдерін кеңейту; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Жануарлар тіршілігінде қоректенудің қандай маңызы бар?
Қоректің құрамындағы тіршілік үшін ең қажетті нәрлі заттарды атаңдар.
Бұларды неліктен «құрылыс материалы» дейді.
Қуат қайдан, қалай пайда болады? Оның «құрылыс материалына» қандай қатысы бар?
Синтез деген не? (өз түсініктеріңді айту керек). Оның нәтижесінде қабылданған ас ағзада қандай өзгеріске түседі? Тозған жасушалардың жаңаруына мұның қандай қатысы бар?
Асқорыту жүйелерінің (әріппен белгіленген) қайсысы қай жәндікке (санмен белгіленген) тән екенін анықтап, сәйкес әріп пен санды бірге жазыңдар.
А. Ауыз қуысы – жұтқыншақ – өңеш – жемсау – қарын – ішек. 4. Шұбалшаң.
Ә. Өткір хитинді үстіңгі тақташа – тісшелі астыңғы жақ – ерін – өңеш – тісшелі қарын – ішек. 2 Зауза қоңыз
Б. Ауыз – жұтқыншақ – ішек. 1. Ақ планария.
В. Ауыз тесігі – ішек қуысы – асқорыту вакуолі 3. Гидра.

Гидрада асқорытуға дененің қай қабатының жасушалары қатысады? (энтодерма қабаты)
Гидрада асқорытылуының қарапайым жәндіктермен қандай ортақ белгісі бар? (асқорыту вакуольінің болуы)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу қызметін атқарады. Жем жұтылып, өңеш арқылы қарынға түскенше елеулі өзгеріске түспейді. Қарынға түскен соң қарын бездерінен бөлінген сөлдің әсерімен ас біраз қорытылып, ас ішекке өтеді. Мұнда ұйқы безінен келетін сөл мен бауырдан келетін өтпен араласып ас ақырына дейін қорытылып, ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі.

Құстардың жақсүйектері – мүйізденген тұмсық; тістері болмайды. Жемнің мөлшері үлкен болса, оны тұмсығымен шоқып бөлшектеп жұтады.
Дәнқоректі құстарда (кептерлер, тауықтар, т. б.) өңештің соңғы бөлімі кеңейіп, жемсауға айналған. Мұнда жем бездерден бөлінетін сөлмен араласып жұмсарады және аздап өзгеріске ұшырайды.
Бунақденеліқоректі құстардың (мысалы, қарлығаштар, үйректер, т. б.) жемсауы болмайды. Жем өңештен қарынға өтеді.
Құстардың қарны екі бөлімнен – безді қарыннан және етті қарыннан тұрады. Қарынның алдыңғы бөлімі – безді қарында жем асқорыту сөлімен араласып, одан соң етті қарынға түседі. Бұл бөлімнің бұлшықеті қалың және іші қасаң, қатпарлы қабықпен астарланған. Бұлшық еттің жиырылуынан жем қасаң қабықпен және құстың үнемі жұтатын майда тас - құм түйіршіктерімен үйкеліп әбден ұсақталады, ботқаға айналады. Сонымен құстарда етті қарын тістің қызметін атқарады. Жем бауыр мен ұйқы бездері сөлінің әсерінен ішекте әбден қорытылады.

Сүтқоректілерде, әдетте тістері үш түрі болады: күрек тістер, сойдақ тістер және азу тістер.
Аңдардың кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері, саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат – дентиннен тұрады және сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.
Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі.

Толық нұсқасын жүктеу
4 644
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көпжасушалы жануарлардың құрылысы мен тіршілігі
Көпжасушалы жануарлардың құрылысы мен тіршілігі
Қоректік зат және тіршілік. Кез келген тіршілік иесі сияқты жануар ағзасы де үздіксіз жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін жояды.
Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері
Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеттері
Біржасушалы ағзаларға тән: қоректену, көбею, тыныс алу, сыртқа шығару қасиеттеріне сипаттама бере отырып, өкілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерін, сыртқы ортаға бейімделу дәрежесі жайлы білімдерін кеңейту
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Астың ауыз қуысында қорытылуы
Астың ауыз қуысында қорытылуы
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицейде биология пәні мұғалімі Садықанова Бикеш Жекенқызы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×