Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология 5 пен 6 нұсқа

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Толық нұсқасы

Тест биология
5 пен 6 нұсқа
1. Қос жарнақты өсімдік:
A) Сұлы.
B) Үрмебұршақ.
C) Қарабидай.
D) Жауқазын.
E) Арпа.
2. Ағза зертханасы деп аталады:
A) Аш ішек.
B) Қарын.
C) Ауыз.
D) Тік ішек.
E) Бауыр.
3. Тері бетінде қездесетін қара, қызыл түйінді өсінді ол:
A) Суық.
B) Үсік.
C) Мең.
D) Күйік.
E) Сүйел.
4. Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруы аталады:
A) Эпистаз
B) Кроссинговер
C) Коптік аллельдер
D) Полимерия
E) Комплементі
5. Органикалық заттармен қоректенетін бактериялар аталады:
A) Сапрофитті.
B) Хемосинтездеуші.
C) Нитрлеуші.
D) Динитрлеуші.
E) Паразитті.
6. Жабайы өсімдіктерге жатады
A) Аула және көшелерде өсетіндер
B) Жеміс ағаштары
C) Табиғатта өздігінен өсетіндер
D) Демалыс орындарында арнайы өсірілетіндер
E) Бақша өсімдіктері
7. Жапырақтары арқылы көбейетін бөлме өсімдігі -
A) Пеларгония (қазтамақ)
B) Алоэ
C) Бегония
D) Традесканция
E) Қынагүл
8. Барлық гүлді өсімдіктер екі үлкен класқа біріктіріледі:
A) даражарнақтылар және қосжарнақтылар
B) ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар
C) орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер) және күрделігүлділер
D) астық тұқымдастар және алқатұқымдастар
E) су және жер беті өсімдіктері
9. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар
A) пеницилл, ашытқы.
B) ақ зең, қи саңырауқұлағы.
C) қаракүйе, қастауыш.
D) арышқұлақ, көктерек саңырауқұлағы, қозықұйрық.
E) жалған түбіртек, боз арамқұлақ.
10. Дене пішіні ұршыққа ұқсас бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайым жәндіктерді атайды:
A) Бунақденелілер
B) Ішекқуыстылар
C) Плазмалылар
D) Кірпікшелілер
E) Талшықтылар
11. Қыршаянның шаншары -
A) Аяққармалауышының (тұтқыаяғының) ұшында.
B) Қысқыш аяқтарының арасында.
C) Құрсағының соңғы буынында.
D) Құрсағының алдыңғы бөлігінде.
E) Тырнақты күйіс аяғының маңында.
12. Адамдағы кеуде сүйегіндегі қабырғалар саны:
A) 9 жұп
B) 11 жұп
C) 13 жұп
D) 12 жұп
E) 10 жұп
13. Тыныс алуға жатпайтын мүше:
A) аңқа
B) көмей
C) кеңсірік
D) кеңірдек
E) бауыр
14. Ең алғаш жасушаны ашқан:
A) Т. Шванн.
B) Р. Гук.
C) М. Шлейден.
D) Ч. Дарвин.
E) Р. Вирхов.
15. Қызғалдақтың түрін өзгерткен жер асты өркені:
A) Түйнек
B) Сояулар
C) Пиязшық
D) Шырынды сабақ
E) Тамырсабақ
16. Сілекей ферменттерінің әсерінен ыдырайтын:
A) Майлар
B) Ақуыздар (нәруыздар)
C) Тұздар
D) Көмірсулар
E) Минералды заттар
17. Ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметін қатар атқарады
A) Ұйқы безі
B) Гипофиз
C) Сілекей безі
D) Май безі
E) Эпифиз
18. Қан айналу жүйесінің негізгі қызметі:
A) заттарды тасылмалдау, тіршілік әрекеттерін реттеу
B) көмір қышқыл газын тасылмалдау
C) оттегін тасымалдау
D) артық қоректік заттар қорын жинау
E) газ алмасу процесіне қатысу
19. Балаларда мешел ауруының дамуы мына витаминнің (дәруменнің) жетіспеуінен болады -
A) А
B) Д
C) С
D) В1
E) В12
20. Жыныс бездері жатады:
A) сыртқы секреция
B) ішкі секреция
C) суалмалы безге
D) өзексіз безге
E) аралас бездерге
21. Туа біткен, түс айыра алмайтын көз ауруы
A) мешел
B) дальтонизм
C) цирроз
D) кретинизм
E) ревматизм
22. Организмдердің табиғи ортаға бейімделуі:
A) Физиология.
B) Медицина.
C) Акклиматизация (жерсіндіру).
D) Экологиялық физиология.
E) Гигиена.
23. Зиготадан туғанға дейінгі ұрықтық даму процесі:
A) онтогенез
B) эмбриогенез
C) постэмбриогенез
D) тікелей даму
E) филогенез
24. 1735 жылы адамды сүтқоректілер класы приматтар тобына жатқызған ғалым
A) Ф. Энгельс
B) Ч. Дарвин
C) Ж. Б. Ламарк
D) Г. Мендель
E) К. Линней
25. Шыршаның биіктігі
A) 50 - 100 м
B) 50 - 60 м
C) 15 - 20 м
D) 30 - 40 м
E) 10 - 15 м
26. Ішекқуыстылардың дернәсілі:
A) Атпа жасушасы.
B) Жұмыртқа жасушасы.
C) Жүйке жасушасы.
D) Планула.
E) Сперматозоид.
27. Адамға бөсір ауруын тудыратын жұмыр құрт:
A) сиыр цепені
B) ішексорғы
C) мысық сорғыш
D) таспа құрт
E) үшкірқұрт
28. Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар):
A) Каракатица.
B) Айқұлақ.
C) Үлкен тоспа ұлуы.
D) Жалаңаш шырыш.
E) Кіші тоспа ұлуы.
29. Жүрек жұмысын бәсеңдететін жүйке жүйе бөлімі:
A) Парасимпатикалық.
B) Шеткі.
C) Орталық.
D) Өсімді.
E) Симпатикалық.
30. Биогеоценоз:
A) топырақ
B) тірі ағза
C) тіршілік сатысы
D) тірі ағза мен орта бірлестігі
E) түр жиынтығы

6 нұсқа

1. Лейкопластардың қызметі:
A) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру.
B) Көбеюге қатысу.
C) Фотосинтезге қатысу.
D) Өсімдікке жасыл түс беру.
E) Қор затын жинауға қатысу.
2. Жүгері өсімдігінің гүлшоғыры:
A) Шашақгүл.
B) Собық пен шашақ.
C) Сыпыртқыгүл.
D) Шатыршагүл.
E) Қалқаншагүл.
3. ¤ркен мен тамырлардыњ бойлай өсуiн тоқтату үшiн -
A) Қалемшелеу әдiсiн қолданады.
B) Шырпу әдiсiн қолданады.
C) Телу әдiсiн қолданады.
D) Қопсыту.
E) Түптеу әдiсiн қолданады.
4. Шоғырланып сұр зат түзеді
A) Аксон
B) Дендрит
C) Дене
D) Түйін
E) Ұзын өсінді
5. Адам ағзасындағы бауырдыњ негізгі қызметі -
A) Қорытылмаған заттарды қорыту, суды қанға өткізу.
B) Мүшелердіњ тіршілігінен пайда болған ағзадағы улы заттарды залалсыздандыру.
C) Ферменттердіњ әсерімен ақуыздарды ыдырату.
D) Ферменттердіњ әсерінен көмірсуларды ыдырату.
E) Мүшелердiњ жұмысын реттейтiн гормондар бөлу.
6. Қылқан жапырақты өсімдік
A) Сексеуіл
B) Арша
C) Тобылғы
D) Қайың
E) Терек
7. Раушангүл тұқымдасына жататын жабайы өсімдік
A) Түзу қазтабан
B) Тұшала
C) Раушангүл
D) Таңқурай
E) Құлпынай

8. Қарағайлы ормандарда өсетін қына
A) Жіп тәрізі қына
B) Қабыршақ қына
C) Талшық қына
D) Бұта қына
E) Жапырақ қына
9. Еркін тіршілік ететін ішекқуысты жәндік:
A) Полип
B) Актиния
C) Медуза
D) Маржан
E) Гидра
10. Шұбалшаңдардың класы -
A) кірпікшелі құрттар.
B) таспа құрттар.
C) азқылтанды құрттар.
D) көпқылтанды құрттар.
E) сорғыш құрттар.
11. Шаянтәрізділердің тыныс алу мүшесі:
A) Өкпе.
B) Ауатамыры.
C) Демтүтігі.
D) Желбезектер.
E) Өкпе қапшығы.
12. Желбезек:
A) зәр шығару мүшесі
B) жүйке жүйесі
C) тыныс алу мүшесі
D) ас қорыту мүшесі
E) қан айналым мүшесі
13. Тамақтан улану кезінде бірінші іс - әрекет
A) ауызды, асқазанды жуу
B) 03 – ке хабарласу
C) құсу
D) дене қызуын өлшеу
E) ұйықтау
14. Автотрофты қоректенетін ағзалар:
A) Өсімдіктер.
B) Адам.
C) Саңырауқұлақтар.
D) Вирустар.
E) Жануарлар.
15. Жасыл эвглена жарықты қалай сезеді:
A) терісімен
B) цитоплазмасымен
C) талшығымен
D) ядросымен
E) көзшесімен
16. Адам жасушаның энергия көзі
A) ядрошық
B) вакуоль
C) ядро
D) митохондрий
E) цитоплазма
17. Қаны бірінші топқа жататын адамға қай топтағы қанды құяды:
A) үшінші топтағы
B) тек төртінші топтағы
C) екінші топтағы
D) тек бірінші топтағы
E) кез - келген топтағы
18. Тұқым қуалайтын өкпе ауруы:
A) маңқа
B) плеврит
C) туберкулез
D) тұмаусүзек
E) силикоз
19. Ұрықтың, жас нәрестенің дұрыс дамуына себеп
A) В2
B) D
C) К
D) С
E) В12
20. Тері бездері арқылы сыртқа шығарылатын заттар:
A) Су мен тұз.
B) Глюкоза.
C) Ақуыз (нәруыз).
D) Дәрумендер.
E) Майлар.
21. Ірі жасуша:
A) нейрон
B) тромбоцит
C) жұмыртқа клеткасы
D) лейкоцит
E) эритроцит
22. Ұстаның жұмысын көрінбесе де анықтау
A) Иіс сезу
B) Дәм сезу
C) Сипап сезу
D) Көру мүшесі
E) Есту мүшесі
23. Даралардың айналадағы әр түрлі күрделі орта жағдайларымен қарым - қатынасын Ч. Дарвин... деп атады.
A) табиғи сұрыптау
B) қолдан сұрыптау
C) бейімделушілік
D) тіршілік үшін күрес
E) тұқымқуалау өзгергіштік
24. Жер ғаламшасының пайда болу кезеңі
A) - 2 млрд жыл бұрын
B) - 2, 5 млрд жыл бұрын
C) - 3, 8 млрд жыл бұрын
D) - 3, 5 млрд жыл бұрын
E) - 4, 55 млрд жыл бұрын
25. Тұмау тигенде түтінін иіскеуге болады
A) Қарағай
B) Арша
C) Майқарағай
D) Балқарағай
E) Самырсын
26. Бақалшақсыз, басаяқты жыртқыш былқылдақденелілер:
A) Айқұлақ
B) Үлкен тоспаұлу
C) Шалшық ұлуы
D) Кальмар
E) Жүзім ұлуы
27. Жас адамның сүйегінің өсуін реттейтін:
A) қалқанша безі
B) жыныс безі
C) гипофиз
D) бүйрек үсті безі
E) ұйқы безі
28. Мейоз дегеніміз:
A) пісіп жетілу аймағындағы жыныс жасушасының бөлінуі
B) жасушаның тікелей бөлінуі
C) ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа ағзаның дамуы
D) көбею аймағындағы жасушаның бөліну кезеңі
E) жыныс жасушаларының қосылуы
29. Комбинативтік өзгергіштік дегеніміз:
A) митоз барысында генетикалық материал көшірмесі
B) сыртқы орта жағдайына әсері
C) хромосома құрылысының өзгеруі
D) хромосомалар санының өзгеруі
E) гаметалардың кездейсоқ қосылып, жаңа үйлесімдердің түзілуі
30. Қыста орамжапырақ (қырыққабат) көбелегі -
A) Ересек күйінде қыстап шығады.
B) Жұмыртқа қалпында қыстап шығады.
C) Қырылады.
D) Дернәсіл қалпында қыстап шығады.
E) Қуыршақ күйінде қыстап шығады.

Дұрыс жауап кодын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 076
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (40 - вариант)
Тест биология (40 - вариант)
Тірі табиғатқа жатады: A) Тау жыныстары. B) Ауа. C) Су. D) Өсімдік. E) Жер.
Тест биология (30 - вариант)
Тест биология (30 - вариант)
Тірі табиғатқа жатады: A) Ауа. B) Өсімдік. C) Жер. D) Тау жыныстары. E) Су.
Тест биология 29 бен 30 нұсқа
Тест биология 29 бен 30 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология 25 пен 26 нұсқа
Тест биология 25 пен 26 нұсқа
Биологиядан тест дұрыс жауаптарымен
Тест биология 21 мен 22 нұсқа
Тест биология 21 мен 22 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×