Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология 11 мен 12 нұсқа

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Толық нұсқасы

11 мен 12 нұсқа
1. Былқылдақденелілер типіне жататын класс:
A) Көпқылтанды құрттар
B) Қосжақтаулылар
C) Талшықтылар
D) Кірпікшелілер
E) Ішекқуыстылар
2. Жүйке жүйелерін емдейтін медицина ғылымының саласы:
A) Травматология
B) Фармакология
C) Невропатология
D) Гинекология
E) Стоматология
3. Қарындағы температура:
A) 45 - 50 С.
B) 38 - 39 С.
C) 20 - 25 С.
D) 10 - 15 С.
E) 30 - 35 С.
4. Адамның қалқанша безінің құрамына кіреді:
A) Иод.
B) Фосфор.
C) Күкірт.
D) Хлор.
E) Кальций.
5. Аяз әсерінен теріде болады:
A) Сүйел.
B) Суық.
C) Мең.
D) Үсік.
E) Күйік.
6. Шірнеліктер жататын ұлпа:
A) Бөліп шығарушы
B) Өткізгіш
C) Жабын
D) Тірек
E) Негізгі
7. Күнбағыстың жемісі -
A) Жидек.
B) Дәнек.
C) Тұқымша.
D) Бұршақ қын.
E) Қауашақ.
8. Қырықбуынның көбеюі -
A) Тұқыммен.
B) Жуашығымен.
C) Жапырағымен.
D) Спорамен.
E) Қалемшесімен.
9. Хитинді жабынның атқаратын қызметі:
A) Сыртқы ортамен байланыс.
B) Қанайналым.
C) Сезім мүшесі.
D) Қорғаныш.
E) Тыныс алу.
10. Жорғалаушыларға жататын:
A) саламандрлар
B) кесірткелер
C) бақбақылдар
D) бақалар
E) тритондар
11. Жасушаның бейорганикалық заты:
A) Нуклейн қышқылы
B) Ақуыз
C) Тұз
D) Көмірсу
E) Май
12. Қан жасушаларын бөліп алғанда қалатындар:
A) Сарысу.
B) Гамма - глобулин.
C) Физиологиялық ерітінді.
D) Гемоглобин.
E) Плазма.
13. Есте сақтау байланысты:
A) Ортаңғы миға
B) Үлкен ми сыңары қыртысы қызметіне
C) Мишыққа
D) Сопақша миға
E) Аралық миға
14. Жасушадағы бейорганикалық зат:
A) Май.
B) Көмірсу.
C) Ақуыз (нәруыз).
D) Нуклеин қышқылдары.
E) Су.
15. Інжугүлдің түрі өзгерген жер асты өркені:
A) Пиязшық.
B) Сояулар.
C) Түйнек.
D) Тамырсабақ.
E) Шырынды сабақ.
16. Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік:
A) Күріш
B) Шие
C) Сәбіз
D) Картоп
E) Лалагүл
17. Тұқым өнбестен бұрын... белгілі мөлшерін бойына сіңіріп, бөртеді
A) Тұздың
B) Крахмалдың
C) Судың
D) Майдың
E) Ақуыздың
18. Лакмус алынатын өсімдік.
A) Зең саңырауқұлағы.
B) Балдыр.
C) Қалпақшалы саңырауқұлақ.
D) Қына.
E) Бактерия.
19. Су планктондарының және балық шабақтарының қорегі:
A) лейшманиялар
B) қантышқақ амебасы
C) лямблиялар
D) кірпікшелі кебісше
E) фораминифералар
20. Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының қабынуын атаңыз:
A) Микроб
B) Туберкулез
C) Пәле
D) Ревматизм.
E) Тұмау
21. Ұрықтың дамуы
A) – 30 күн
B) – 360 күн
C) – 320 күн
D) – 260 күн
E) – 280 күн
22. Рецессивті гомозиготалық белгіні анықта:
A) Bb
B) AA
C) Aa
D) AaBb
E) aa
23. Продуценттерге жататындар:
A) Бунақденелілер.
B) Саңырауқұлақтар.
C) Өсімдіктер.
D) Аңдар.
E) Құстар.
24. Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым:
A) В. В. Докучаев.
B) Ч. Дарвин.
C) К. Линней.
D) Ж. Б. Ламарк.
E) И. В. Вернадский.
25. Арал мен Каспий де кездесетін гүлге ұқсас көп аяқты:
A) Актиния.
B) Эвглена.
C) Кәдімгі амеба.
D) Медуза.
E) Кебісше.
26. Шұбалшаңның жүйке жүйесі:
A) Жұтқыншақүсті, жұтқыншақасты түйін және құрсақ тізбекшесінен тұрады.
B) Екі жұп түйіннен тұрады.
C) Бір жұп түйіннен тұрады.
D) Үш жұп түйіннен тұрады.
E) Жұтқыншақүсті түйін мен құрсақ тізбекшесінен тұрады.
27. Ми сауытына кіретін сүйектер:
A) Төбе, самай, танау, маңдай, жақ сүйектері
B) Төбе, самай, маңдай, шүйде (қарақұс)
C) Самай, маңдай, көз ұясы, төбе, жақ сүйектері
D) Төбе, самай, таңдай, маңдай, жақ сүйектері
E) Төбе, самай, кеңсірік, шүйде, жақ сүйектері
28. Көз алмасының қасаң қабықшасы
A) жарық сәулесін еркін өткізеді.
B) зақымданудан қорғайды.
C) бояғыш заттың (пигмент) мөлшері мен таралуын анықтайды.
D) қанмен қамтамасыз етеді.
E) көз ішіне сәуленің түсуін реттейді.
29. Мейоздық жолмен бөлінетіндер:
A) зақымдалған ұлпалар
B) жыныс жасушалары
C) прокариоттар
D) эмбриондық ұлпалар
E) қуық бұлшық еті, эпителий ұлпасы
30. Эритроциттер мен сперматозоид құрылысын 1683 ж. жан – жақты зерттеген.
A) Ж. Б. Ламарк
B) Р. Рук
C) А. Левенгук
D) Шлейден
E) К. Линней

12 нұсқа

1. Өсімдіктерге түс беретін органоид:
A) Қабықша.
B) Митохондрия.
C) Ядро.
D) Пластид.
E) Цитоплазма.
2. Ақуызды ыдырататын фермент:
A) Амилаза.
B) Пепсин.
C) Өт.
D) Инсулин.
E) Липаза.
3. Бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді:
A) К дәрумені.
B) С дәрумені.
C) В дәрумені.
D) А дәрумені.
E) Д дәрумені.
4. Ауаның қызуын, ылғалдылығын, жауын - шашынды, желді, радиосезімталдықты... сезеді
A) Тері
B) Құлақ
C) Мұрын
D) Көз
E) Тіл
5. Организмнің қорғаныш тежелуі:
A) Тынысалу
B) Сөйлеу
C) Ұйқы
D) Зат алмасу
E) Тамақ
6. Минералды тыңайтқыштарға жататындар -
A) Селитра.
B) Шымтезек.
C) Көң.
D) Саңғырық.
E) Қарашірік.
7. Ауа қабатына алғаш көтерілген жәндіктер тобы:
A) Өрмекшітәрізділер.
B) Былқылдақденелілер.
C) Бунақденелілер.
D) Шаянтәрізділер.
E) Құрттар.
8. Клоакасы бар жануар:
A) қоян
B) аю
C) бақа
D) қасқыр
E) түлкі
9. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын:
A) Асқазан, көлденең жолақты бұлшықет.
B) Сіңірлер.
C) Тегіс бұлшықет.
D) Көкет.
E) Қабырғааралық бұлшықет.
10. Жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр:
A) Қолқа.
B) Көктамыр.
C) Салатамыр.
D) Қылтамыр.
E) Лимфа.
11. D дәрумені сақтандыратын ауру:
A) Мешел.
B) Туберкулез.
C) Дизентерия.
D) Тырысқақ.
E) Іш сүзегі.
12. Ұлдың екінші реттік жыныс белгілерінің дамуына жатады:
A) Мұрты өсіп, дауысы жуандап, ұяңдық болады.
B) Мұрты өсіп, дауысы жуандап, бойы өседі.
C) Мұрты өсіп, дауысы, жінішкереді бойы өспейді.
D) Мұрты өсіп, дауысы жінішкереді, бойы өседі.
E) Мұрты өсіп, биязылык, ұяндық болады.
13. Ұрықтанған жасуша аталады:
A) Онтогенез
B) Гамета
C) Филогенез
D) Зигота
E) Партеногенез
14. Эволюциялық ілімнің негізін қалаушы ғалым:
A) Р. Гук.
B) Ф. Бэкон.
C) А. Левенгук.
D) К. Линней.
E) Ч. Дарвин.
15. Бірүйлі өсімдік:
A) қияр
B) үйеңкі
C) қарасора
D) тал
E) терек
16. Тұқым кіндігі дегеніміз -
A) Бүршікше.
B) Қауызы.
C) Ұрық.
D) Тұқымжарнағы.
E) Тұқымның жеміске бекінген жері.
17. Лалагүл тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік
A) Итошаған
B) Сарымсақ
C) Өгейшөп
D) Ермен жусан
E) Жолжелкен
18. Бунақталған тамырсабағы бар споралы өсімдік:
A) Көкек зығыры
B) Қырықбуын
C) Плаун
D) Ақ мүк
E) Сальвиния
19. Бактериялар дегеніміз:
A) Біржасушалы, ядросы толық қалыптаспаған ағзалар.
B) Жасыл өсімдік.
C) Ядросы бар көпжасушалы ағзалар.
D) Жасушаға дейінгі ағзалар.
E) Ядросы бар жасуша.
20. Амебалар класының атауы:
A) сәулелілер
B) кірпікшелілер
C) плазмалылар (жалғанаяқтылар)
D) споралылар
E) талшықтылар
21. Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру:
A) бронхит
B) тұмау
C) ларингит
D) туберкулез
E) трахеит
22. ДНҚ құрамындағы нуклеотидтердің азот негіздері:
A) Тимин, урацил, гуанин, цитозин.
B) Аденин, гуанин, цитозин, урацил.
C) Аденин, гуанин, цитозин, урацил, тимин.
D) Аденин, гуанин, цитозин, тимин.
E) Аденин, урацил, тимин, цитозин.
23. Агроценоздар -
A) Топыраққа түскен заттарды пайдаланатын биогеоценоздар.
B) Өте көп түрлерден құралған биогеоценоздар.
C) Жойылмайтын тұрақты биогеоценоздар.
D) Табиғи биогеоценоздар.
E) Жасанды биогеоценоздар.
24. Суда тіршілік ететін ағзаларды атайды:
A) Бентостар.
B) Гидробионттар.
C) Тұқымдастар.
D) Жүйелер.
E) Планктондар.
25. Су астында риф жартастарын түзетін ішекқуысты:
A) Актиния.
B) Медуза.
C) Гидра.
D) Көпаяқты маржан.
E) Полип аурелия.
26. Балық, қос мекенді және сүт қоректілердің ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік ететін құрттар:
A) ақ сұлама
B) сүлік
C) нереида
D) трематодтар
E) шұбалшаң
27. Аузы аяғының түбіне жақын орналасқан ұлу -
A) кальмар.
B) жалаңаш шырыш.
C) сегізаяқ.
D) тоспа ұлу.
E) айқұлақ.
28. Сыртқы ортамен тікелей байланыс жасайтын мүше:
A) шеткі жүйке жүйесі
B) қанайналым жүйесі
C) орталық жүйке жүйесі
D) вегетативті жүйке жүйесі
E) сезім мүшелері
29. Бұлшықет жұмысына қажетті энергияның босап шығуы:
A) органикалық заттардың түзілуінен
B) биосинтезден
C) газ сіңіруден
D) қоректенуден
E) органикалық заттардың ыдырауынан
30. Қызыл гүлді ас бұршағын (генотипі АА) гүлі ақ түсті дарамен будандастырғанда (генотипі аа) бірінші ұрпағында (F1) алынатын гибридтері:
A) 100% қызыл гүлділер.
B) 50% қызыл гүлді және 50% ақ гүлділер.
C) 25% қызыл гүлді және 75% ақ гүлділер.
D) 100% ақ гүлділер.
E) 25% ақ гүлділер және 75% қызыл гүлділер.

Дұрыс жауап кодын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (41 - вариант)
Тест биология (41 - вариант)
Биология пәнінен тест жауаптарымен
Тест биология (33 - вариант)
Тест биология (33 - вариант)
Күлтенің қызметі: A) Су мен минерал заттарды сіңіру. B) Бөліну. C) Қор заттарын жинау. D) Органикалық зат түзу. E) Бунақденелілерді еліктіру.
Тест биология (18 - вариант)
Тест биология (18 - вариант)
Аналықтың бөліктері: A) Тозаңқабы. B) Жіпшесі. C) Күлтесі. D) Тозаңы. E) Аузы, мойны, түйіні.
Тест биология 33 пен 34 нұсқа
Тест биология 33 пен 34 нұсқа
Биологиядан тест дұрыс жауаптарымен
Тест биология 31 мен 32 нұсқа
Тест биология 31 мен 32 нұсқа
Биологиядан тест дұрыс жауаптарымен
Тест биология 25 пен 26 нұсқа
Тест биология 25 пен 26 нұсқа
Биологиядан тест дұрыс жауаптарымен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×