Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология 21 мен 22 нұсқа

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Толық нұсқасы

21 мен 22 нұсқа
1. Бейорганикалық заттарды сіңіріп, органикалық зат түзетін ағзалар:
A) Кірпікшелі кебісше.
B) Өсімдіктер.
C) Бактериялар.
D) Амеба.
E) Жануарлар.
2. Көз қарашығының орталығы – жұлынның... орналасқан
A) Арқа бөлігінде
B) Сегізкөз бөлігінде
C) Мойын бөлігінде
D) Құйымшақ бөлігінде
E) Бел бөлігінде
3. Эритроциттер түзіледі:
A) Фибринде
B) Сүйектің қызыл кемігінде
C) Гемоглобинде
D) Көкбауырда
E) Бауырда
4. Сілекей безінің қызметін зерттеген:
A) И. П. Павлов.
B) С. П. Боткин.
C) И. Мечников.
D) И. М. Сеченов.
E) К. А. Тимирязев.
5. Органикалық заттармен қоректенетін бактериялар аталады:
A) Нитрлеуші.
B) Динитрлеуші.
C) Хемосинтездеуші.
D) Паразитті.
E) Сапрофитті.
6. Шірнеліктер жататын ұлпа:
A) Жабын
B) Тірек
C) Негізгі
D) Өткізгіш
E) Бөліп шығарушы
7. Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы:
A) Негізгі тамыр
B) Қосалқы тамыр
C) Жанама тамыр
D) Тамыр оймақшасы
E) Тамыр түкшесі
8. Гүлдегі аналықтың төменгі кеңейген жері:
A) Тозаңқап
B) Аузы
C) Жатын (түйін)
D) Мойны
E) Жіпше
9. Хламидомонаданың қозғалуы:
A) “Көзшесі” арқылы.
B) Қабықша арқылы.
C) Ядро арқылы.
D) Талшықтары арқылы.
E) Хроматофор арқылы.
10. Қарағайлы ормандарда өсетін қына
A) Жапырақ қына
B) Қабыршақ қына
C) Талшық қына
D) Бұта қына
E) Жіп тәрізі қына
11. Дене пішіні ұршыққа ұқсас бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайым жәндіктерді атайды:
A) Бунақденелілер
B) Плазмалылар
C) Талшықтылар
D) Ішекқуыстылар
E) Кірпікшелілер
12. Желбезек:
A) тыныс алу мүшесі
B) жүйке жүйесі
C) қан айналым мүшесі
D) ас қорыту мүшесі
E) зәр шығару мүшесі
13. Тамақтан улану кезінде бірінші іс - әрекет
A) дене қызуын өлшеу
B) ауызды, асқазанды жуу
C) 03 – ке хабарласу
D) құсу
E) ұйықтау
14. Автотрофты қоректенетін ағзалар:
A) Жануарлар.
B) Адам.
C) Вирустар.
D) Саңырауқұлақтар.
E) Өсімдіктер.
15. Күрделігүлділер тұқымдасына жататындар:
A) картоп
B) алма
C) түймедағы
D) соя
E) томат(қызанақ)
16. Цистицеркоз ауруының әсерінен:
A) Қаны толады.
B) Бауыр зақымданбайды.
C) Көз көрмей қалады.
D) Көз жақсы көреді.
E) Бауыр зақымданады.
17. Шаянтәрізділердің есту және тепе - теңдік мүшесі:
A) Хитинді жабын.
B) Желбезек.
C) Екі қысқа мұртша.
D) Күрделі көзшелері.
E) Екі ұзын мұртша.
18. Нуклеин қышқылдары түзіледі
A) центросомада
B) қабықшада
C) вакуольде
D) цитоплазмада
E) ядрода
19. 1 гр ақуыз ыдырағанда бөлінетін жылу мөлшері:
A) 17, 6 кДж
B) 16, 0 кДж
C) 16, 8 кДж
D) 17, 2 кДж
E) 17, 0 кДж
20. Бүйректі тексеріп емдейтін дәрігер
A) терапевт
B) хирург
C) уролог
D) невропатолог
E) дерматолог
21. Жыныс жасушасы
A) гамета
B) зигота
C) нейрон
D) ұрық
E) сома
22. Туа біткен, түс айыра алмайтын көз ауруы
A) ревматизм
B) кретинизм
C) цирроз
D) дальтонизм
E) мешел
23. “Тіркесті тұқым қуалау” заңын ашқан ғалым:
A) С. С. Четвериков
B) Т. Морган
C) Н. Б. Дубинин
D) Г. Мендель
E) Н. И. Вавилов
24. Агрономиялық әдіске жатпайды
A) себу мерзімін білу
B) канал салу
C) мол түсімді іріктеме таңдау
D) себу тереңдігін білу
E) органикалық тыңайтқыш себу
25. Ішекқуыстылардың еркін жүзетін, кірпікшелі дернәсілі
A) Итшабақ
B) Қуыршақ
C) Имаго
D) Планула
E) Жұмыртқа
26. Тілі болмайтын ұлулар -
A) Айқұлақ.
B) Қошқармүйіз ұлу.
C) Тоспа ұлу.
D) Каракатица.
E) Сегізаяқ.
27. Жас адамның сүйегінің өсуін реттейтін:
A) бүйрек үсті безі
B) гипофиз
C) жыныс безі
D) ұйқы безі
E) қалқанша безі
28. Қан ұю үшін керекті дәрумен:
A) C
B) A
C) B1
D) D
E) К
29. Түрленбей дамитын омыртқасыз жануарларға жататындар -
A) Құрттар.
B) Ішекқуыстылар.
C) Жәндіктер.
D) Өрмекшілер.
E) Шаянтектестер.
30. Тірі табиғат өлшемі «түр» - деген ағылшын ботанигі
A) Плотон
B) Ф. Энгельс
C) Э. Дарвин
D) Ч. Дарвин
E) Джон Рей

22 нұсқа

1. Егер тұқым тіршілігін жойса -
A) Ауа, су жетіспегені.
B) Тұқым терең егілгені.
C) Топырақ тығыз болғаны.
D) Топырағы тығыз, ауа, су, қоректік зат жетіспегені.
E) Қоректік зат жетіспегені.
2. Шоғырланып сұр зат түзеді
A) Дендрит
B) Ұзын өсінді
C) Түйін
D) Дене
E) Аксон
3. Тыныс алу мүшелерін белгілеңіз:
A) Мұрын қуысы, кеңсірік, көмей, ауыз қуысы, ауатамыр, өкпе.
B) Мұрын қуысы, кеңсірік, көмей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе.
C) Мұрын қуысы, ауыз қуысы, көмей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе.
D) Мұрын қуысы, кеңсірік, ауыз қуысы, кеңірдек, ауатамыр, өкпе.
E) Мұрын қуысы, кеңсірік, ауыз қуысы, ауатамыр, көмей, өкпе.
4. Тісті зерттейтін ғылым:
A) Стоматология.
B) Гематология.
C) Кардиология.
D) Физиология.
E) Цитология.
5. Тері бетінде кездесетін қара, қызыл түйінді өсінді ол:
A) Сүйел.
B) Суық.
C) Күйік.
D) Үсік.
E) Мең.
6. Ішінде бір ғана тұқымы бар шырынды жеміс -
A) Сүйекті
B) Бұршаққын
C) Бұршаққап
D) Жидек
E) Қауашақ (қорапша)
7. Жапырақтары арқылы көбейетін бөлме өсімдігі -
A) Қынагүл
B) Пеларгония (қазтамақ)
C) Алоэ
D) Бегония
E) Традесканция
8. Тек су бетінде қалқып өсетін шаңжапырақ
A) Спирогира
B) Мүк
C) Сальвиния
D) Хлорелла
E) Лианалар
9. Саңырауқұлақтың жемісті денесінің жіпшумақтан өсіп дамуы:
A) Ауа, ылғал, жылу жеткілікті болғанда.
B) Жылу жеткіліксіз болғанда.
C) Спорасы 20 - 25 см терең орналасқанда.
D) Ауа жетіспегенде.
E) Топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда.
10. Паразиттік тіршілік ететін амебаның түрі:
A) бақалшақсыз
B) кәдімгі
C) сәулелі
D) қантышқақ
E) бақалшақты
11. Қыршаянның шаншары -
A) Құрсағының соңғы буынында.
B) Құрсағының алдыңғы бөлігінде.
C) Аяққармалауышының (тұтқыаяғының) ұшында.
D) Тырнақты күйіс аяғының маңында.
E) Қысқыш аяқтарының арасында.
12. Жүрегі төрт бөлікті жорғалаушы:
A) жылан
B) келес
C) кесіртке
D) қолтырауын
E) тасбақа
13. Сүйек түзілетін ұлпа:
A) көлденең жолақты бұлшықет
B) бірыңғай салалы бұлшықет
C) жүйке
D) эпителий
E) дәнекер
14. Жердің геологиялық қабығы биосфера:
A) Қатты заттардан тұрады.
B) Сұйық заттардан тұрады.
C) Тірі организмдерден тұрады.
D) Топырақтан тұрады.
E) Газ тектес заттардан тұрады.
15. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдік:
A) Жүгері.
B) Пияз.
C) Бақ - бақ.
D) Күріш.
E) Бидай.
16. Дәнді дақылды өсімдіктер біріктірілген тұқымдас:
A) Алқалар.
B) Раушангүлділер.
C) Бұршақтар.
D) Орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер).
E) Астық.
17. Көпқылтанды құрттарға тән емес белгі:
A) Регенерацияның болуы.
B) Денесі: бас - тұлға - аналь тесігінен тұру.
C) Дене қуысының болуы.
D) Кутикуламен қапталуы.
E) Топырақ құнарлылығын арттыру.
18. Жүрек қабырғасы... тұрады:
A) шеміршекті ұлпадан
B) көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан
C) эпителий ұлпасынан
D) бірыңғай салалы бұлшықеттен
E) жүйкеден
19. Заттар ыдырауынан пайда болатын өнімдеріне жатпайтынын анықтаңыз:
A) Тер.
B) Жас.
C) Нәжіс.
D) Энергия.
E) Несеп.
20. Ұрықтың дамуы
A) – 360 күн
B) – 30 күн
C) – 260 күн
D) – 320 күн
E) – 280 күн
21. Адам ұйқысы қанғанда
A) Стероидты гармондар түзіле бастайды
B) Улы заттар қан тамырын тарылтады
C) Минерал заттар көптеп бөліне бастайды
D) Сергектік пайда болады
E) Есі бүзылады
22. ДНҚ құрамындағы нуклеотидтердің азот негіздері:
A) Аденин, гуанин, цитозин, тимин.
B) Аденин, гуанин, цитозин, урацил, тимин.
C) Аденин, гуанин, цитозин, урацил.
D) Тимин, урацил, гуанин, цитозин.
E) Аденин, урацил, тимин, цитозин.
23. Ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы:
A) генофонд
B) фенотип
C) филогенез
D) генотип
E) аллель
24. Көпшілік ағзаларға тән маусымдық өзгерістің негізгі себептері:
A) орта жағдайы
B) температура
C) қорек
D) күннің ұзаруы
E) ылғалдылық
25. Арал мен Каспий де кездесетін гүлге ұқсас көп аяқты:
A) Кәдімгі амеба.
B) Эвглена.
C) Актиния.
D) Медуза.
E) Кебісше.
26. Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар):
A) Жалаңаш шырыш.
B) Каракатица.
C) Кіші тоспа ұлуы.
D) Айқұлақ.
E) Үлкен тоспа ұлуы.
27. Жараның жазылуы, сынықтың бітуі жасушаның мына әрекетіне байланысты:
A) Ыдырауға.
B) Қозуға.
C) Көбеюге.
D) Тітіркенуге.
E) Зат алмасуға.
28. Жарық қабылдайтын жасушалардың орналасуы:
A) Көз бұршағында.
B) Қасаң қабықшада.
C) Шыны тәрізді денеде.
D) Тамырлы қабықшада.
E) Тор қабықша ішіндегі таяқшалар.
29. Мейоз дегеніміз:
A) жыныс жасушаларының қосылуы
B) пісіп жетілу аймағындағы жыныс жасушасының бөлінуі
C) көбею аймағындағы жасушаның бөліну кезеңі
D) ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа ағзаның дамуы
E) жасушаның тікелей бөлінуі
30. Эритроциттер мен сперматозоид құрылысын 1683 ж. жан – жақты зерттеген.
A) Р. Рук
B) Ж. Б. Ламарк
C) Шлейден
D) А. Левенгук
E) К. Линней

Дұрыс жауап кодын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 338
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология 35 нұсқа
Тест биология 35 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология 27 мен 28 нұсқа
Тест биология 27 мен 28 нұсқа
Биологиядан тест дұрыс жауаптарымен
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Биологиядан тест
Биологиядан тест
Биологиядан қазақ тілінде тест сұрақтары. 35 нұсқа.
Бытыранықтар дүниесі
Бытыранықтар дүниесі
Атырау қаласы, №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі: Утепова Болған Мұхлесқызы
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×