Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология 29 бен 30 нұсқа

07 тамыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Биология
Толық нұсқасы

29 бен 30 нұсқа
1. Хлоропластың қызметі:
A) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру.
B) Қор затын жинау.
C) Көбеюге қатысу.
D) Улы заттарды ыдырату.
E) Өсімдікке жасыл түс беру.
2. Орталық жүйке жүйесінде шоғырланып ақ зат түзеді
A) Түйін
B) Дендрит
C) Дене
D) Аксон
E) Қысқа өсінді
3. Үлкен қан айналым шеңбері дегеніміз -
A) Оң жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, сол жақ қарыншаға келу жолы.
B) Сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы.
C) Сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, сол жақ құлақшаға келу жолы.
D) Оң жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы.
E) ) Сол жақ құлақшадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, сол жақ қарыншаға келу жолы.
4. Ас қорыту мүшесіндегі тамақ немесе микробтар әсерінен қабынатын тоқ ішектің бөлігі -
A) Бүйен.
B) Тік ішек.
C) Он екі елі ішек.
D) Аш ішек.
E) Соқырішек.
5. Тері бетінде кездесетін қара, қызыл түйінді өсінді ол:
A) Суық.
B) Күйік.
C) Үсік.
D) Мең.
E) Сүйел.
6. Топыраққа күзде себілетін тыңайтқыш
A) Суперфосфат
B) Азотты
C) Калийлы
D) Селитра
E) Мочевина
7. Бір тұқымжарнағы бар өсімдік

A) Асбұршақ
B) Бидай
C) Соя
D) Қараған
E) Үрмебұршақ
8. Талшығынан арқан жіп, себет тоқылады:
A) Аспарагус.
B) Інжугүл.
C) Қызғалдақ.
D) Зығыр.
E) Сарымсақ.
9. Дене пішіні ұршыққа ұқсас бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайым жәндіктерді атайды:
A) Плазмалылар
B) Бунақденелілер
C) Талшықтылар
D) Ішекқуыстылар
E) Кірпікшелілер
10. Шала пісірілген және шала қуырылған финкасы бар еттен жұғатын ауру
A) Дикроцелиоз
B) Описторхоз
C) Финноз
D) Фациолез
E) Шистозаматоз
11. Қыршаянның шаншары -
A) Аяққармалауышының (тұтқыаяғының) ұшында.
B) Қысқыш аяқтарының арасында.
C) Құрсағының алдыңғы бөлігінде.
D) Тырнақты күйіс аяғының маңында.
E) Құрсағының соңғы буынында.
12. Жүрегі төрт бөлікті жорғалаушы:
A) келес
B) қолтырауын
C) кесіртке
D) жылан
E) тасбақа
13. Жұмыртқа жасушасымен қосылатын сперматозоид саны -
A) Біреу.
B) Үшеу.
C) Төртеу.
D) Екеу.
E) Көп.
14. Тамақтан улану кезінде бірінші іс - әрекет
A) құсу
B) 03 – ке хабарласу
C) ауызды, асқазанды жуу
D) дене қызуын өлшеу
E) ұйықтау
15. Пиязшық арқылы көбейетін өсімдік:
A) Лалагүл
B) Сәбіз
C) Шие
D) Күріш
E) Картоп
16. Көкек мүгі өсімдігінің споралар дамитын бөлігі:
A) төмпешік қалтасы
B) сабағы
C) қақпағы
D) қалпақшасы
E) қауашағы
17. Қына денесін құрайтын жасушалар тобы:
A) зеңсаңырауқұлақ жасушалары.
B) саңырауқұлақ және балдыр жасушалары.
C) денесінің сыртқы қабат жасушалары.
D) тек балдыр жасушалары.
E) денесінің үзінділері.
18. Шоғырлы маржандар -
A) актиниялар.
B) тамырауыздар.
C) медузалар.
D) гидралар.
E) қызыл маржандар.
19. Әр адамның жеке қасиеттерін зерттейтін ғылым.
A) Физиология
B) Тәнтану
C) Гигиена
D) Психология
E) Биосфера
20. Көпіршіктер орналасқан тыныс мүшелері:
A) өкпе
B) кеңірдек
C) көмей
D) аңқа
E) кеңсірік
21. Бауыр және бұлшық ет мүшелерде глюкозадан түрленеді
A) фруктоза
B) гликоген
C) рибоза
D) крахмал
E) дезоксирибоза
22. Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтіндер:
A) Гетеротрофтар.
B) Эукариоттар.
C) Прокариоттар.
D) Автотрофтар.
E) Аэробтар.
23. “Тіркесті тұқым қуалау” заңын ашқан ғалым:
A) Н. Б. Дубинин
B) Т. Морган
C) Г. Мендель
D) С. С. Четвериков
E) Н. И. Вавилов
24. Биосфера тіршілігін тұңғыш рет 1802 жылы енгізген
A) Ж. Б. Ламарк
B) К. Линней
C) Ч. Дарвин
D) Э. Дарвин
E) Р. Гук
25. Тілі болмайтын ұлулар -
A) Қошқармүйіз ұлу.
B) Сегізаяқ.
C) Каракатица.
D) Тоспа ұлу.
E) Айқұлақ.
26. Ми сауытына кіретін сүйектер:
A) Самай, маңдай, көз ұясы, төбе, жақ сүйектері
B) Төбе, самай, танау, маңдай, жақ сүйектері
C) Төбе, самай, маңдай, шүйде (қарақұс)
D) Төбе, самай, кеңсірік, шүйде, жақ сүйектері
E) Төбе, самай, таңдай, маңдай, жақ сүйектері
27. Бас терісі гигиенасына жатпайды:
A) Ұзын шашты ұшынан тарау.
B) Қысқа шашты түбінен тарау.
C) Басқа жеңіл, ыңғайлы киім кию.
D) Шашын химиялық әдіспен бояу.
E) Бас терісін уқалау.
28. Ұрық жапырақшалары пайда болатын саты
A) зигота
B) нейрула
C) бластомер
D) гаструла
E) бластула
29. Жануарлардың дене пішіні мен түсі қоршаған ортаның заттарымен сәйкес келетін бейімделушілік:
A) Бүркеніш.
B) Сақтандырғыш.
C) Жасырынғыш.
D) Қорғаныш (мимикрия).
E) Айбарланғыш.
30. Астық дақылдарының биогеоценозы:
A) агроценоз
B) биоценоз
C) геоценоз
D) орман шаруашылығы
E) қорық

30 нұсқа

1. Астық тұқымдас өсімдіктер тамыры:
A) Негізгі
B) Кіндік
C) Шашақ
D) Жанама
E) Қосалқы
2. Қарапайымдар типіне жататын жәндіктер:
A) Кірпікшелі құрттар
B) Кірпікшелі кебісше
C) Көбелектер
D) Шаршылы өрмекші
E) Кенелер
3. Шоғырланып сұр зат түзеді
A) Дене
B) Ұзын өсінді
C) Аксон
D) Дендрит
E) Түйін
4. Шала піскен еттен, жұғады:
A) Жауын құрты.
B) Үшкірқұрт.
C) Ішексорғы.
D) Қылқұрт.
E) Сиыр цепені.
5. Аяз әсерінен теріде болады:
A) Күйік.
B) Мең.
C) Сүйел.
D) Суық.
E) Үсік.
6. Жеміс қабы мен тұқымы бір - бірімен бітісіп кеткен бір тұқымды құрғақ жеміс.
A) Көкнәр
B) Үрмебұршақ
C) Шомыр
D) Күнбағыс
E) Бидай
7. Хламидомонаданың қозғалуы:
A) Ядро арқылы.
B) Қабықша арқылы.
C) “Көзшесі” арқылы.
D) Талшықтары арқылы.
E) Хроматофор арқылы.
8. Гидрадағы бүршіктенуі:
A) дамуы
B) қоректенуі
C) жыныстық көбеюі
D) регенерациясы
E) жыныссыз көбеюі
9. Сүлікті медицинада қолдану себебі:
A) Салатамыр бітелгенде.
B) Қылтамыр бітелгенде.
C) Қолқа бітелгенде.
D) Көктамыр бітелгенде, миға қан құйылғанда.
E) Қанды қоюлату үшін.
10. Шаянтәрізділердің тыныс алу мүшесі:
A) Демтүтігі.
B) Өкпе.
C) Желбезектер.
D) Өкпе қапшығы.
E) Ауатамыры.
11. Алғашқыда сәбидің денесі қапталады:
A) Тамырлармен.
B) Шеміршекпен.
C) Шырынмен.
D) Кіндікбауымен.
E) Қағанақпен.
12. Эмоциалық еске жатпайды
A) Ренжу
B) Өкпелеу
C) Кісімсу
D) Өтірік айту
E) Наздану
13. Ең алғаш жасушаны ашқан:
A) Р. Гук.
B) М. Шлейден.
C) Ч. Дарвин.
D) Р. Вирхов.
E) Т. Шванн.
14. Топырақта азот қосылыстарын жинаушы бактериялар аталады:
A) Сапрофитті.
B) Динитрлеуші.
C) Нитрлеуші.
D) Хемосинтездеуші.
E) Паразитті.
15. Бірүйлі өсімдік:
A) терек
B) қияр
C) қарасора
D) тал
E) үйеңкі
16. Тұқым өнбестен бұрын... белгілі мөлшерін бойына сіңіріп, бөртеді
A) Ақуыздың
B) Судың
C) Крахмалдың
D) Тұздың
E) Майдың
17. Күрделігүлділер тұқымдасына жататындар:
A) картоп
B) түймедағы
C) томат(қызанақ)
D) соя
E) алма
18. Лакмус алынатын өсімдік.
A) Қалпақшалы саңырауқұлақ.
B) Бактерия.
C) Зең саңырауқұлағы.
D) Қына.
E) Балдыр.
19. Латимерия келесі балықтар өкіліне жатады:
A) Албырттәрізділерге.
B) Саусаққанатты балықтарға.
C) Бекіретәрізділерге.
D) Тұқытәрізділерге.
E) Шеміршекті балыққа.
20. Нәсілдік, тұқымқуалаушының белгілерді сақтап, ұрпақша беруші
A) митохондрий
B) ядро
C) цитоплазма
D) хромосомалар
E) ядро шырыны
21. Үлкен қанайналым шеңбері басталатын жүрек бөлігі:
A) Оң жақ қарынша.
B) Оң жақ құлақша.
C) Қолқа.
D) Сол жақ құлақша.
E) Сол жақ қарынша.
22. Тыныш отырғанда адамның жұтатын ауа мөлшері:
A) 500 см3
B) 1500 см3
C) 3500 см3
D) 3000 см3
E) 2000 см3
23. Ақуызға (нәруызға) жатпайтын зат:
A) токсин
B) фермент
C) глюкоза
D) өт
E) гормон
24. Ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы:
A) генотип
B) фенотип
C) аллель
D) генофонд
E) филогенез
25. Тағам ретінде пайдаланатын былқылдақденелілер (ұлулар):
A) Каракатица.
B) Жалаңаш шырыш.
C) Айқұлақ.
D) Үлкен тоспа ұлуы.
E) Кіші тоспа ұлуы.
26. Қимыл нейрондары арқылы импульстер... өтеді.
A) сіңірлерден миға
B) бұлшық еттен жұлынға
C) бұлшық еттен миға
D) жұлыннан бұлшық еттерге
E) бұлшық ет рецепторларынан миға
27. Көз алмасының қасаң қабықшасы
A) жарық сәулесін еркін өткізеді.
B) қанмен қамтамасыз етеді.
C) көз ішіне сәуленің түсуін реттейді.
D) бояғыш заттың (пигмент) мөлшері мен таралуын анықтайды.
E) зақымданудан қорғайды.
28. Түрленбей дамитын омыртқасыз жануарларға жататындар -
A) Өрмекшілер.
B) Жәндіктер.
C) Шаянтектестер.
D) Ішекқуыстылар.
E) Құрттар.
29. Табиғат біртұтас, ондағы даму қарапайымнан күрделіге қарай жүреді деген пікір айтқан
A) Шванн
B) Ч. Дарвин
C) А. Н. Радищев
D) К. Ф. Рулье
E) А. И. Герцен
30. Автотрофты ағзалар тізбегі:
A) қасқыр, қоян, қайың
B) түлкі, бидай, терек
C) мақта, күріш, алма ағашы
D) күнбағыс, қоян, сиыр
E) гүлшетен, бидай, көбелек

Дұрыс жауап кодын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (11 - вариант)
Тест биология (11 - вариант)
1. Хлоропластың қызметі: A) Улы заттарды ыдырату. B) Гүл, жеміске қызыл, сары түс беру. C) Өсімдікке жасыл түс беру. D) Қор затын жинау. E) Көбеюге қатысу.
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Балық омыртқалы жануарларға жатады. Балықтың жүрегі екі қуысты; ол дененің құрсақ жағында орналасқан. Қан жүрек қарыншасынан желбезектерге қарай шығатын ірі қантамыры – құрсақ қолқасына өтеді.
Тест биология 23 пен 24 нұсқа
Тест биология 23 пен 24 нұсқа
Биологиядан тест дұрыс жауабымен
Тест биология 7 мен 8 нұсқа
Тест биология 7 мен 8 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Ағза шеберханасы
Ағза шеберханасы
Оқушылардың мүшелер және мүшелер жүйесін есте сақтау қабілеттерін, дүниетанымын, ой - өрісін дамыту, биология пәніне қызығушылығын арттыру
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×