Білімділер поралы

Омыртқалы жануарлардың қозғалуы

Сабақ: 43
Тақырыбы: § 45. Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Сабақтың мақсаты: омыртқалы жануарлардың қозғалу мүшелерін, олардың әрбір класының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Қозғалудың жануар тіршілігінде қандай маңызы бар? (1 - 2 мысалмен қысқаша әңгімелеңдер).
Гидра қалай орын ауыстырып қозғалады? (тақтаға сызбасын жасап көрсетуге болады).
Бақұлумен жүргізген жұмысқа, бақылағандарыңа сүйеніп былқылдақденелілер қалай қозғалатынын әңгімелеп талдаңдар.
Диқандар, бау - бақша өсіретіндер түсім алудағы шұбалшаңның рөлін жоғары бағалайды. Себебі неде?
Реактивті тәсілмен қозғалу қай жануарларға тән? Мұндай тәсілмен қозғалу оларда қалай жүзеге асады?
Бунақденелілер қандай мүшелердің көмегімен қалай қозғалады?
Бунақденелілердің және өрмекшілердің ішінде ұшып, орын ауыстырып қозғалатындары бар. Жәндіктердің осы екі түрінің ұшуындағы айырмашылығы неде?
Тірек - қимыл жүйесінде жануарлардың орын ауыстырып қозғалуында бұлшықет қандай қызмет атқарады? Жауап нақтылы, дәлелді болу үшін ұлу, шұбалшаңды мысалға алуға болады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Омыртқалы жануарлардың қозғалу мүшелері жүйесімен танысуды балықтан бастайық.
Балық суда тіршілік ететіні белгілі. Сондықтан оның су ішінде еркін қозғалуын қамтамасыз ететін мүшелері мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген.
Көптеген балықтардың дене пішіні суда жүзуге бейімделген. Бас жағы сүйірлене бітіп, тұлғаға қарай дөңестеніп жуандайды, құйрығына қарай жіңішкереді. Құйрығы жүзбеқанатпен аяқталады. Екі бүйірі сәл қысыңқы болады. Денесі сүйекті қабыршақпен қапталған. Әр қабыршақтың артқы жиегі келесі қабыршақтың алдыңғы жиегіне жапсарласа орналасады.

Балықтың құйрық жүзбеқанатынан басқа бір жұп көкірек, бір жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар. Ал құйрық, бір немесе екі арқа және бір құйрықасты (аналь) жүзбеқанаттары сыңар болады.
Алға қарай жүзгенде құйрық жүзбеқанаты негізгі рөл атқарады. Балық көкірек және құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен судың төменгі қабатына түсіп, беткі қабатқа көтеріледі, әрі денесінің тепе - теңдігін сақтайды. Құйрықасты жүзбеқанаты денені берік ұстауға көмектеседі.

Балықтың су ішінде күрделі қимылдар жасауына бұлшықеттері жәрдемдеседі. Әсіресе тұлғасы мен құйрықтағы бұлшықеттер жақсы жетілген. Оның себебін өздерің ойланыңдар.
Көптеген балықтарда (сазан, алабұға, тұқы және т. б.) жүзуін реттейтін торсылдақ бар. Торсылдақ қан тамырлардан бөлінетін газдардың қоспасына толған кезде балықтың меншікті салмағы азайып, су бетіне жеңіл көтеріледі. Торсылдақ ішіндегі газдың көлемі азайғанда, дене салмағы артып, балық су түбіне қарай батады.

Торсылдақ кейбір балықтарда – дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, ал кейбір балықтарда дыбыс шығаратын мүше ретінде жұмыс істейді.
Қосмекенділер – құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалы жануарлар. Осыған байланысты көптеген түрлерінде екі жұп аяғы бар, олардың артқы аяқтары ұзын болады. Сондықтан олар секіріп қозғалады. Бақа сияқты тіршілігі жартылай сумен байланысты түрлерінде аяқтарының артқы жұбындағы саусақтарының арасында терілі жүзбежарғақ болады.

Аяқтары негізінен үш бөлімнен тұрады. Алдыңғы аяқта – қар, білек және алақан, артқы аяқта сан, сирақ және табан бөлімдері бар. Алақаны төрт саусақты, табаны бес саусақты. Аяқ сүйектері осы үш бөлімге сәйкес келеді. Алдыңғы аяқта тоқпан жілік, кәрі жілік және алақан, саусақ сүйектері болады. Артқы аяқта ортан жілік, асықты жілік және табан сүйектері бар. Бұлар өзара буын арқылы, омыртқа жотасымен екі белдеу арқылы байланысады. Иық белдеуі бұғанадан, қарға сүйектен және жауырыннан түзіледі. Жамбас белдеу өзара бітісіп кеткен, бір шеті омыртқа жотасымен, екінші жағы ортан жілікпен байланысады.

Қосмекенділердің тірек - қимыл жүйесінің құрылысына толық тоқталуымыздың себебі – жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің тірек - қимыл жүйелері қаңқаларының құрылысы бір - бірімен ұқсас. Әрине, қалай қозғалатынына байланысты әр түрдің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Мысалы, кесірткенің аяқтары денені жоғары көтере алмайтын, қысқа болады да, аяқтарына құйрығы көмектеседі. Жыландарда аяқ болмайды.

Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар – қанатты қағушы қауырсындар деп аталады. Қанат үстіндегі ірі қағушы қауырсындар денені ауада ұстайтын қалықтау бетін құрады. Құйрықтағы ірі қауырсындар – құстың ұшу бағытын өзгертуге және қонған кезде ұшуды баяулатуға жәрдемдесетін бағыттаушы қауырсындар.

Құстың беломыртқалары, сегізкөз бен құйрықтың алдыңғы омыртқалары бір - бірімен және жамбас сүйектері тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысады. Олар денеге, артқы аяқтарға берік, мықты тірек болып табылады.
Сүтқоректілердің тірек - қимыл жүйесінің құрылысы қосмекенділер мен жорғалаушыларға ұқсас. Әрине әр түрдің қозғалуы, соған байланысты тірек - қимыл жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

№19 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Құстар мен сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы және қаңқасы
Мақсаты: Құстар мен сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы және қаңқасындағы ұқсастықтар мен кейбір ерекшеліктерін зерттеу.
Құрал - жабдықтар: құс (ұзақ не басқа) пен сүтқоректінің тұлыптары (болса әр 4 - 5 оқушыға бірден, болмаса мұғалімнің қасындағы оңаша үстелге, әр оқушы келіп көретіндей біреуі қойылады), құрастырылған қаңқалары, кейбір жекелеген сүйектері (қабырға, жілік, омыртқа, т. б.), құс қауырсындары. Тақтаға ілінген құс пен сүтқоректінің сыртқы құрылысы мен қаңқаларының кестелері.

Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 176
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 174
Роботтар: 2
Гулсана aleke
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика