Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпжасушалы жануарлардың көбеюі және жеке дамуы

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Сабақ: 44
Тақырыбы: § 46. Көпжасушалы жануарлардың көбеюі және жеке дамуы
Сабақтың мақсаты: көпжасушалы омыртқасыз жануарлардың көбею түрлерін атап, әрбіреуінің жеке анықтамасын беріп, ағзаның жалпы жеке дамуы жайлы білімдерін кеңейту; адамгершілік, экологиялық және эстетикалық тәрбие бере отырып ғылыми дүниетамын байыту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
«Біліміңді сына» тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Көбеюдің биологиялық мәні
2. Көбеюдің түрлері
3. Көпжасушалы жануарлардың көбеюі

Көбеюдің биологиялық мәні. Қарапайымнан бастап сүтқоректілерді қоса алғанда, барлық тірі ағзалар көбейеді. Тіршілік ету мерзімі бітіп немесе әр түрлі жыртқыштарға жем болып, паразиттер әрекетінен ауырып, қолайсыз жағдайлардан ағзалар өліп, жойылып жатады. Алайда көбеюдің, яғни артына дәл өзіндей ұрпақ (тұқым) қалдырудың нәтижесінде олар құрып кетпейді. Мысалы, өздеріңе жақсы таныс ит небары 14 - 15 жыл ғана тіршілік етеді. Олар көбеюдің нәтижесінде әр тұқым, әр түр ұрпақ беретіндіктен, жер бетінен жойылмай келеді. Көбеюдің биологиялық мәні де осында. Демек әрбір ағза – өсімдік не жануар – өзінің жеке тіршілігінде өмірге дәл өзіндей ұрпақ әкеледі.

Сонымен көбеюдің биологиялық мәні – ұрпақтар жалғасуы арқылы белгілі бір ағза түрінің сақталуы болып табылады.
Көбеюдің түрлері. Өсімдіктер сияқты жануарлар да екі түрлі жолмен (жыныссыз және жынысты) көбейеді.
Жыныссыз жолмен көбейгенде ұрпақ бір ғана ағзаның денесінен пайда болып, өсіп, дамып, жетіліп, өздігінен тіршілік ете алады. Мұндай көбеюдің мысалдарымен сендер өсімдіктерді оқығанда таныстыңдар.
Жыныссыз жолмен көбею жануарлар әлемінде де көп кездеседі. Мысалы: эвглена, амеба сияқты біржасушалы қарапайымдардың көбеюін еске түсірелік. Бұлардың әрқайсысының денесі (бір ғана жасуша ғой) екіге бөлінуі арқылы көбейеді.

Суқоймаларында қоректік зат көп болатын жылдың жайма - шуақ жылы мезгілінде гидра да бүршіктену арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Ең алдымен, оның денесінде бүршік пайда болады. Ол біртіндеп ұзарып өседі де, осы өсіндінің ұшында қармалауыштар, олардың ортасында ауыз пайда болады. Жас гидра алғашқы кезде аналық гидрадан бөлініп кете қоймайтындықтан, соның есебінен қоректенеді. Әбден өсіп жетілген соң одан үзіліп, өз алдына тіршілік етеді. Гидрада осындай бүршіктің пайда болуы, өсуі өсімдіктің бүршіктенуімен ұқсас. Сондықтан гидраның жыныссыз жолмен көбеюін бүршіктену дейді.

Жануарлар жынысты жолмен көбею кезінде міндетті түрде екі жыныс жасушасы: аналық жыныс жасушасы немесе жұмыртқа және аталық жыныс жасушасы немесе сперматозоид қатысады. Жыныс жасушаларын гаметалар деп атайды. Аналық гамета (жұмыртқа) мен аталық гамета (сперматозоид) өзара қосылып, жаңа бір жасуша түзіледі. Көп жағдайда аталық гамета аналық гаметаға түсіп қосылады. Сондықтан жаңа жасушаны ұрықтанған жұмыртқажасуша немесе зигота дейді. Осы зигота дамып, өсіп, жаңа жас ағзаға айналады. Көпжасушалы жануарлардың көпшілігінде аналық гаметалар аналық ағзаға (мысалы, тауық мекиені) дамиды, ал аталық гаметалар аталық ағзада (мысалы, қоразда) дамиды. Мұндай жануарлар дара жынысты жануарлар деп аталады.
Дара жынысты жануарлардың көпшілігін үй малдары атауларынан білесіңдер. Олар: сиыр, бұқа; бие, айғыр; інген, бура; ешкі, теке; қой, қошқар және т. б.

Даму деңгейі төменгі сатыдағы көпжасушалы жануарлардың, ішінде қосжынысты немесе гермафродитті түрлері де кездеседі. Себебі, гаметалардың екі түрі де (аналық және аталық гаметалар) бір жануардың өз ағзасында дамып жетіледі. Мысалы, адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік ететін таспақұрт өзін - өзі ұрықтандырады, яғни аталық, аналық жыныс жасушалары өзара қосылып, зигота түзеді. Одан жаңа таспақұрт шығады.

Толық нұсқасын жүктеу
7 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Көпжасушалы балдырлардың құрлысы, көбеюі және біржасушалы балдырлардан айырмашылығы туралы білімді қалыптастыру.
Мейоз және оның биологиялық мәні
Мейоз және оның биологиялық мәні
Мейоз – жыныс жасушаларының көбеюі жайлы түсінік беру. Мейоздың биологиялық мәні мен маңызын түсіндіру.
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицейде биология пәні мұғалімі Садықанова Бикеш Жекенқызы
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілердің дамуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×