Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Сабақ: 46
Тақырыбы: §48. Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін атап, сызбанұсқа ретінде түсіндіріп, әрбіреуіне жеке сипаттама беру; адамгершілік, экологиялық және эстетикалық тәрбие бере отырып ғылыми дүниетанымын байыту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Түрленіп даму деген не?
Түрленіп дамудың бунақденелілер үшін қандай маңызы бар?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Балықтардың көпшілік түрлері мен қосмекенділердің жыныс мүшелерінің құрылысы ұқсас, бұлар – дара жыныстылар. Аналық ағзаның бір жұп аналық безінде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балық немесе бақаның ағзасында бір жұп аталық безінде сперматозоидтер пісіп жетіледі. Жыныс бездері жетілген соң балықтар (мысалы: сазан, бекіре, тұқы, т. б.) болашақ ұрпақтарының өсіп - жетілуіне қолайлы суға барып, уылдырықтарын шашады. Мысалы, бекіре уылдырық шашар кезде теңізден тұщы сулы өзенге қарай өрістейді. Олар уылдырық шашып болған соң теңізге қайта оралады.
Балықтар уылдырықтарын суға жеке - жеке шашпайды. Көп жағдайда уылдырықтар бір - бірімен сілемейлі, тығыздау шырышты зат арқылы байланысады. Ішінде жүздеген, кейде миллиондаған уылдырықтары бар осындай мөлдір түзілім су түбіндегі өсімдіктерге бекініп тұрады (110 - сурет). Уылдырық шашылған жерге аталық балықтар келіп, ішінде сперматозоидтары бар сұйықтығын төгеді. Талшықты сперматозоидтар уылдырықтармен қосылып, оларды ұрықтандырады. Ұрықтанған уылдырықтан ұрықтың одан әрі дамуы басталады.

Бақа, тритон, құрбақа және т. б. қосмекенділер де уылдырықтарын суға шашады.
Көпжасушалы ұрықтың пайда болуы, одан дернәсілдің дамып - жетілуі уылдырықтың ішінде өтеді. Дернәсіл уылдырықтағы қоректік заттардың мол қорымен қоректенеді. Одан соң уылдырық қабығынан шығады. Алғашқы кезеңде уылдырықтан қалған кішкентай сарықапшық түріндегі қоректік затпен қоректенеді. Ол таусылған соң майда жасыл балдырларды, қарапайым жәндіктерді, ұсақ шаяндарды қорек етеді. Өздігінен қорек аулап, тіршілік ете бастаған балық дернәсілін шабақ дейді. Шабақ ересек балыққа ұқсас болады. Тек дене мөлшері мен қоректенуінде ғана өзіне тән аздаған ерекшеліктері бар.

Ал бақа дернәсілі – итшабақтың (шөмішбалық) дамуының әр сатысында елеулі өзгерістері болады. Уылдырықтан шыққаннан кейінгі ерекше белгі – артқы аяқтың білінуіне 2, 5 айдай, екі жұп аяқтың қалыптасуына 3 айдай уақыт кетеді. Дернәсілдер 2 жыл 8 айда кәдімгі ересек бақаға айналып, құрлыққа шығады.
Жорғалаушылар мен құстардың көбеюінде де ұқсастықтар бар. Бұлар ұрықтың дамуына қолайлы жағдайлары (жылу мен ылғал) бар жерге іштей ұрықтанып жұмыртқалайды. Құстар ұя салады. Ал кесіртке, шаян, тасбақа жұмыртқаларын құм, көң, өсімдік қалдықтары шіріндісінің арасында қалдырады.
Жорғалаушылар жұмыртқасы жылу мен ылғалды айналасындағы ортадан алады, құс жұмыртқаларын өзінің дене қызуымен басып, шығарады.
Жорғалаушының жұмыртқасы да, құс жұмыртқасы да қоректік затқа өте бай.
Тауық жұмыртқасының ішіндегі ақ уыз бен сары уыз – құс ұрығының әлі жұмыртқадан шықпаған кездегі қорегі болып саналады.

Құстың да, жорғалаушының да жұмыртқадағы ұрықтарының дамуы өткен омыртқасыздар ұрықтарының даму сатыларынан өтеді. Жұмыртқа ішіндегі дамуының соңында балапан жұмыртқаны түгел толтырады. Тек жұп - жұқа жарғақ пердемен бөлінген, ішінде ауасы бар жұмыртқаның бір шетіндегі қуыс қана сақталады. Балапан тұмсығымен әлгі жұқа пердені тесіп, алғаш рет ауамен тыныс алады. Одан соң мүйізді кішкентай тұмсығымен жұмыртқаның қатты қабығын тесіп, сыртқа шығады.
Тауық, үйрек, саңырау құр, бөдене және тағы басқа да көптеген құстардың балапандары жұмыртқадан көзі ашық, денесінде мамығы бар болып шығады. Бұл балапандар үсті сәл дегдіген соң өздігінен қорек іздеп, анасына еріп, жүгіріп кетеді. Осындай балапан шығаратын құстарды ширақ балапан шығаратын құстар деп атайды.
Торғай, бозторғай, қарлығаш, қараторғай, көгершін, жыртқыш құстар (бүркіт, қаршыға, қыран және т. б.), қара қарға сияқты құстардың балапандары жұмыртқасынан әлі көзі ашылмаған, мамығы жетілмеген, құлақ саңылауы жабық, дәрменсіз күйде шығады. Мұндай құстарды қызылшақа балапан шығаратын құстар деп атайды.
Құстар өз балапандарына көп қамқорлық жасап, баулып өсіреді.
Ал кесіртке, жылан, тасбақа сияқты жорғалаушылар жұмыртқаларын қолайлы жерге көміп кеткен соң өз «ұрпақтарын» іздемейді. Олар жұмыртқадан шығып, өз алдына тіршілік ете береді.

Толық нұсқасын жүктеу
2 142
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.
Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.
Отбасын жоспарлау орталығына келгенде, ең бірінші, болашақ ата - ананың ана мінезі қаралады, яғни, олардың туған - туыстары туберкулезбен, басқа да тұқым қуалайтын, психикалық аурулармен ауырған - ауырмағаны тексеріледі. Ол үшін отбасын жоспарлау
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы Көпжасушалы, омыртқасыз; 700 000 түрлері, 35 отряд бар; Денесі бас, көкірек, құрсақтан тұрады; Бір немесе екі жұп қанаттары бар;
Көпжасушалы жануарлардың көбеюі және жеке дамуы
Көпжасушалы жануарлардың көбеюі және жеке дамуы
Көбеюдің биологиялық мәні. Қарапайымнан бастап сүтқоректілерді қоса алғанда, барлық тірі ағзалар көбейеді. Тіршілік ету мерзімі бітіп немесе әр түрлі жыртқыштарға жем болып, паразиттер әрекетінен ауырып, қолайсыз жағдайлардан ағзалар өліп, жойылып
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицейде биология пәні мұғалімі Садықанова Бикеш Жекенқызы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×