Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың мінез - қылығы туралы білімді іс - жүзінде пайдалану

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Сабақ: 49
Тақырыбы: §51. Жануарлардың мінез - қылығы туралы білімді іс - жүзінде пайдалану
Сабақтың мақсаты: Топтық мінез - қылық туралы туралы білімнің практикалық пайдасын көрсету.
Сабақтың типі: хабарлама және жаңа білімді қалыптастыру
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме - сұхбат, кестелерді және суреттерді қолдану, көрнекілік
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Топтасып тіршілік ету қандай жануарларға тән?
Табын, үйір болып тіршілік ететін қандай үй хайуанаттарын білесіңдер?
Құмырсқа, балара, ара сияқты бунақденелілердің бір - бірінен өзара «ақпарат беретін тілін» не себепті бай дейміз?
Инстинкт деген не?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жануарлардың жеке - дара және топтық мінез - қылығын, тіршілік қалпын зерттеу, балық өсіру, құс, аң, мал шаруашылықтарын дамыту, құстардың жылы жаққа қайту кезінде әуеде ұшақтармен қақтығысып қалуын болдырмау сияқты аса маңызды шараларды сауатты түрде іске асыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, жылына 2 рет орын ауыстырып ұшатын жыл құстары ұшақтар ұшатын әуе жолдарына шығып, елеуілі қауіп туғызады.
Қазір 35 елде авиациялық - орнитологиялық қызметпен шұғылданатын комитеттер, басқа да ұйымдар бар. Олардың қолында топтасып тіршілік ететін немесе топтасып ұшатын құстардың мінез - қылығын зерттеп, соған сәйкес жасалған радиолокатор сияқты қуатты техника бар. Осындай техниканыңы көмегімен әуе жолындағы құстардың топтарын тауып, оларды үркіту арқылы ұшақтың әуе жолын тазартады.
Құстардың топтасып ұшу кезіндегі ұшу бағыттарын бағдарлайтын сезім мүшелерін, олардың бағдарды анықтаудағы рөлін зерттеп, нысандарын жасынды түрде өзгерту арқылы да құстардың ұшу бағытын өзгертеді. Мысалы, қараторғай, ұзақ, шағала сияқты құстардың қауіп - қатерді сезген кездегі шығаратын шартты дыбысын арнайы аспап арқылы қайталап, үркітумен бау - бақшаны, егістікті, балық шаруашалығын, саябақты қорғайды.
Дегенмен бұл жұмыс нағаз ғылыми негізде дұрыс жолға қойылған деу қиын. Жыл сайын әуе жолдарында 4 000 - ға жуық ұшақ құстармен соқтығысады екен. Көп жағдайда құс ұшақтың маторына түседі де, оны істен шығарады. Ұшақ кейде ебін тауып қонғанымен, жанағы моторды жөндеу құны миллиондаған теңге шығын әкеледі.
Сол сияқты балықтардың, құстардың сүтқоректілердің түрлерін жаппай құртып алмау үшін адам олардың аулау мерзімін жақсы білуі керек. Мысалы, теңізден түщы суларға қарай өрістеп келе жатқан бекіре балығын аулауға тиым салынады. Ұя салып балапан шығару үшін туған жеріне топ - топ болып қайтадан жыл құстарын дәл осы мерзімде ауламайды.

Толық нұсқасын жүктеу
2 797
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Топтық мінез - қылық
Топтық мінез - қылық
Топтасып тіршілік ету – жануарлар әлемінде кеңінен таралған құбылыс. Бір түрге жататын жануарлардың ішінде жеке - дара тіршілік ететіндері де, бүкіл тіршілігін топтасып «тұқымтоп» (семья) болып өткізетіндері де бар. Сондықтан осы соңғыларын
Жануарлардың мінез - қылығы
Жануарлардың мінез - қылығы
Жануарлардың мінез - қылығы тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Тіршілік әрекеті жануарлардың даму деңгейіне қарай күрделене түсетіні мәлім. Өзін қорекпен, жылумен, ауамен, жарықпен, қамтамасыз ету, жауларынан өзін қорғау, ал ұрпағына қамқорлық
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Термиттер тіршілігі туралы не білеміз?
Термиттер тіршілігі туралы не білеміз?
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×