Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ішекқуыстылар типіне жалпы сипаттама

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы
№11 М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебі,
Мұғалім: Алипбаева Н. Н.

Сабақ: 3 «Ішекқуыстылар типіне жалпы сипаттама».
Биология 7 сынып.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға ішекқуыстылардың класс тармақтарымен, олардың ерекшеліктерін, күресу шараларын түсіндіру. Білімдерін нығайту.
Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Топпен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Ішекқуыстыларды түсіну және ауызша түсіндіре білу.
Биологиялық терминология: Гидроидты, Сцифоидты, Полипті
• Эктодерма, Энтодерма
• Атпа жасуша, жүйке түйіндері, регенерация, табан
• Үйінді, жағалық риф, тосқауыл риф және шеңберлі риф (атолл).
• Жынысты және жыныссыз көбею, дара жынысты
Оқыту ресурстары:
Интербелсенді тақта, оқулық, бор, тақта, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы, суреттер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:. Бүгінгі сабақта келесі ережелер бойынша жұмыс атқарамыз.
• Сергіту сәті.
• Топтарға бөлу.
• Өзіндік жұмыс
• Көпіршелер арқылы оқыту
• Топтық жұмыс
• Постер жасау
• Жаңа мағлұмат аламыз.
• Өз ойларыңды айту.
• Рефлексия

Қызығушылықты ояту:
• Сергіту сәті: 2 минут
«Қызыл өрік» әуені интербелсенді тақтада шырқалады.
• Топтарға бөлу: 1 минут
Гүлдер бойынша оқушыларды топтастыру. (қызғалдақ, раушан, түймедақ)

ІІ. Қайталау:
- Әр топ мүшелеріне 4 танымдық тапсырмалар беріледі.
1. Кірпікшелі кебісшенің дене бөліктерін суреттен көрсет.
2. Түсіндір:
- Тітіркенгіштік дегеніміз не?
- Бұл жағдай неден туындайды?
- Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында қарапайымдарда қандай өзгеріс болады?(мысалы, температура төмендегенде)
3. Қарапайымдардың арасында паразиттер өте көп. Берілген ауруларды туғызатын қарапайымдарды есіңе түсіріп, олардың аттарын жаз.
4. Дұрыс пікірлерді таңдап, белгіле.
o Қарапайымдар – тек тұщы суда тіршілік ететін жануарлар;
o Қарапайымдар – еркін өмір сүретін ағзалар;
o Тамыраяқтылардың қозғалу органоиді – жалғанаяқтылар;
o Вольвокс – шоғыр түзіп өмір сүретін жануар;
o Қарапайымдардың денесі бір ғана жасушадан тұрады және бұл жасуша тұтас бір ағзаның функциясын атқарады;
o Қарапайымдардың барлығы тек дайын органикалық заттармен қоректенеді;
o Барлық қарапайымдардың дене пішіні тұрақты;
o Қарапайымдардың осмореттелу органиоді - жиырылғыш вакуоль;
o Цисталану - қарапайымдардың «ұйқыдағы» күйі;
o Кірпікшелі кебісше - құрылысы күрделі қарапайым тіршілік иесі;
o Қарапайымдардың көпшілігі жыныссыз жолмен – жасушасы екіге бөлінуімен көбейеді;
o Қарапайымдарда қоректің қорытылуы асқорыту вакуольдерінде жүзеге асады.
o Қарапайымдар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында циста түзеді.

 Ой толғаныс:
- Оқушылар сендермен біз бүгінгі сабақта қарапайымдардың ауру қоздырушы түрлерімен және олармен күресу шаралары туралы шолу жасадық.
- Мына суретке назар аударайық. Бұл суретте нені көріп тұрмыз?
- Ия, бұл теңіз жануары – көпаяқты қызыл маржан. Қызыл маржан қандай типке жатады?
- Жарайсыңдар. Бұл ішекқуыстылар типіне жатады.
- Ия, бүгін біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы қандай болмақшы?
Интербелсенді тақтадан сабақтың тақырыбы шығады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру: Презентация 20 минут
Жаңа сабақты оқыту және оқу үшін әдісі бойынша оқулықтағы тақырыпқа шолу жасайды. Оқулықтағы тақырып бойынша оқушыларға тапсырма беріледі.
І топ: Актиния
ІІ топ: Қызыл маржан
ІІІ топ: Медуза

 Мағынаны тану:
Әр топ постер жасап, қорғайды. Постер жасаған кезде оқушылар оқулықты пайдаланады. Өздері ізденіп, шығармашылық жұмыс пен жаңа мағлұматтарды алады. Әр топ жұмысын қорғау кезінде спикер сайлап алады. Спикерге көмекші алуға да болады.

І топ: Оралхан
Актиния - жыртқыш жануар. Актинияны әдемі гүлге ұқсайды. Денесі екі қабаттан тұрады. Энтодерма және эктодерма. Оның денесі кеспелтек бағана тәрізді, төменгі табаны жағымен су ішіндегі нәрсеге бекініп, үстіңгі көп аяқ тәрізді қармалауыштарымен қорегін аңдып, қимылсыз отырады. Атпа жасушаларымен әлсіреткен балықты қармалауыштары - мен қармап, жұта салады. Гидра – тұщы суда тіршілік етеді.

ІІ топ: Нұрдәулет
Қызыл маржан - ол теңіз суынан әр түрлі көптеген минералды тұздарды жинап, қызыл түске боялған және әктен құралған бұтақты қаңқа түзеді. Қып - қызыл бұтақтардан құстың қауырсыны тәрізді аппақ 8 қармалауыштарды - көпаяқтарды көруге болады. Бұтақты қаңқаның биіктігін 40 см дейін жетеді. Көпаяқты маржандар әктенген бұтақтары су бетіне көтерілген кезінде әр түрлі аралдар түзеді. Мұндай су астында пайда болған маржанды жартас риф түзіледі.
Рифтер үшке жіктеледі.
1. Тосқауыл риф
2. Жағалық риф
3. Шеңберлі риф

ІІІ топ: Аружан
Медуза – жыртқыш жәндік, қолшатыр жиегінде төмен қарай салбырап тұрған қармалауыштарымен атпа жасуша әлсіреткен жәндікті аузына салып, ішекқуысында қорытады да, қорытылмаған қалдықты қайта аузы арқылы сыртқа шығарады. Медузалар – мөлдір денелі, қолшатыр тәрізді жәндіктер. Медуза қозғалған кезде қолшатырдың жиегі жиырылып, пайда болған қуыстағы су сығылады да, дөңес жағымен алға қарай жылжиды.

Ү. Сабақты қорытындылау: 5 минут
Мұғалім. Ал енді сабағымызды қорытындылайық.
VІ. Рефлексия

Толық нұсқасын жүктеу
3 497
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гидраның ішкі кұрылысы. Денесінің қосқабаттылығы
Гидраның ішкі кұрылысы. Денесінің қосқабаттылығы
Гидраның ішкі құрылысын, денесінің қосқабаттылығын, асқорыту жүйесін, тыныс алуын, зәр шығару жүйесін үйрету. Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау.
Бактериялар дүние тармағы
Бактериялар дүние тармағы
Бактериялар туралы түсінік қалыптастыру, бактериялардың тіршілік формасын және тіршілік қасиеттерін біліп үйрену. Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау.
Ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары
Ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары
Ауру қоздырғыш бактериялардың түрлері: іш сүзегі, қантышқақ, туберкулез, ботулизм, т. б. Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады. Ауру тудыратын бактериялар ауада, суда, тағамда болғандықтан, солар арқылы сау адамға жұғады
Бактериялар дүние тармағы
Бактериялар дүние тармағы
Бактерияның құрылысын түсіндірді. Бактерия - ядросыз ағза. Бактерия жасушасындағы тұқым қуалайтын ақпарат цитоплазмадағы бір ғана ДНҚ - ның молекуласынан тұрады және оның пішіні сақина тәрізді.
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
«Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі: Куанбекова Ж. Ж.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×