Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам генетикасы

25 қазан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Адам генетикасы
Сабақтың мақсаты Оқушыларда медицина мен денсаулық сақтау үшін генетиканың маңызы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Тұқым қуалайтын аурулар, олардың түрлері мен алдын алу жұмыстары туралы білім беру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: «Ұяшық таңда», «Кім жылдам», «Бірге ойлаймыз»
«Жигсо - 1», «Бинго»
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, А1 форматты
қағаз, электронды оқулық
Күтілетін нәтиже: - Медициналық генетика нені зерттейтінін және олардың
емдеу жолдары туралы түсінеді
- Топта бірлесіп жеке жұмыс істей біледі.
- Жеке пікір айтады, топпен талқылайды.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу
Б) Топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) «Ұяшықты таңда» деңгейлік тапсырма
Б) «Кім жылдам» электронды тапсырмалар
ІІІ. Қызығушылықты ояту
А) «Миға шабуыл»жаңа тақырыпқа байланысты суреттер қойылады
Ә) Видео тақырыпқа байланысты
ІV. Мағынаны тану.
А) «Адам генетикасы» электронды оқулық
Б) «ЖИГСО - 1»
V. Ой толғау.
А) Постер қорғау (Себебін анықтаңыз)
Б) «Бірге ойлаймыз» (Кеңейтілген тапсырмалар)
VІ. Қорытынды
А) Бинго
Б) Егер мен..... (генетик болсам)
VІІІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу
Б) Тренинг
В) Топқа бөлу «Әріптер» арқылы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ұяшықты таңда»

І деңгей
1/1 Генетика нені зерттейді?
1/2 Мендель заңдары қалай аталады?
1/3 егер қызыл жұлдызша шықса онда қосымша ұпай алады
1/4 Гомозигота және гетерозигота дегеніміз не?
ІІ деңгей
2/1 Генетикалық код дегеніміз не?
2/2 Фенетип, генотип дегеніміз не?
2/3 Суретте берілген ғалымның кім екенін, қандай еңбектер жазғанын баяндап беріңдер?
2/4

ІІІ деңгей
3/1 Есеп
3/2 есеп
3/3 Суретте берілген ғалымның кім екенін, қандайеңбектер жазғанын баяндап беріңдер?
3/4 Биологиялық диктант
«Кім жылдам?» электронды тапсырмалар
1. Тұқым қуалаушылық - тың негізгі заңдылықта - рын зерттеген ғалым
а /Т. Морган ә/ Г Мендель
б/ Ч. Дарвин в/ Н Вавилов
2. Г. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жасады? а/ намазшамгүл ә/ шомыр б/бұршақ в/ қызан3. Әртүрлі гендер қалай аталады?
а/ гомозиготалы ә/ком - плементарлық б/гетерози го¬талы в/эпистаз
3. Генетика ғылымы нені зерттейді?
а/ сұрыптау ә/ тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік б/эволюция в/ селекция. 2. Басым белгі қалай аталады? а/ доминантты ә/ рецес - сивті б/аллельді в/аллель - ді емес. 3. Организмнің ішкі - сыртқы жиынтығы қалай аталады?
4. Бұршақтың қанша іріктемесі бар?
а/ 40 ә/34 б/52 в/20
5. Басылыңқы гендер қалай аталады?
а/ аллельді ә/рецессивті. б/геномды в/доминантты.
6. Мендельдің ІІІ заңы қалай аталады?
а/ Тіркес тұқым қуалау. ә/ ажырау заңы
б/ белгілердің тәуелсіз ажырауы в/ өзгергіштік

ІІ. Қызығушылықты ояту
Тақырыпқа байланысты видео қойылады?
ІІІ. Мағынаны тану.
Электронды оқулық және №1 №2 №3 №4 топ кітапты оқып талдайды.
Жеке ойлану жұпта бөлісу топта жинақтау ұжымды ортаға шығару.
Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан - ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады.. Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз. Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш - пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез - құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы. Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі — ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 407
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыныс генетикасы
Жыныс генетикасы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42"Ақ ниет"гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Каберова Замзагуль Файзуллиновна
Жыныссыз көбею жолдары
Жыныссыз көбею жолдары
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы
Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі
Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, "№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені " КММ география пәні мұғалімі Кенжебаева Жанна Онгарбековна
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі: Әбіреш Қалия Қабдолқызы
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №48 орта мектеп. Биология пәні мұғалімі Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы М. Әуезов атындағы №6 мектептің биология пәнінің мұғалімі Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×