Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (28 - вариант)

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
28 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Мәдени өсімдіктер:
A) Теңгежапырақ, самырсын, жоңышқа
B) Беде, қара алқа, қойбүлдірген
C) Адамның қолымен өсірілетін өсімдіктер
D) Қоңыр балдырлар, қыналар, шаңжапырақтәрізділер
E) өздігінен өсіп - өнетін өсімдіктер
2. Бунақденелілермен қоректенетін өсімдік:
A) Бақбақ.
B) Балдыр.
C) Шыбынжұт.
D) Шаңжапырақ.
E) Алабота.
3. Сабансабақ... тұқымдасына тән:
A) бұршақ
B) раушангүл
C) күрделігүлділер
D) алабота
E) астық
4. Жұмыртқалаушы сүтқоректі:
A) Үйректұмсық.
B) Жылқы.
C) Мысық.
D) Сиыр.
E) Ит.
5. Ақуызды ыдырататын фермент:
A) Инсулин.
B) Өт.
C) Пепсин.
D) Липаза.
E) Амилаза.
6. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар
A) пеницилл, ашытқы.
B) арышқұлақ, көктерек саңырауқұлағы, қозықұйрық.
C) ақ зең, қи саңырауқұлағы.
D) жалған түбіртек, боз арамқұлақ.
E) қаракүйе, қастауыш.
7. Аяқтары бірнеше бунақтардан құралатын жәндіктер:
A) Былқылдақденелілер.
B) Буылтық құрттар.
C) Көп қылтанды құрттар.
D) Буынаяқтылар.
E) Бунақденелілер.
8. Ми сауытына жатпайтын сүйек:
A) шүйде
B) төбе
C) самай
D) жақ
E) маңдай
9. Қанның құрамына жатпайтындар:
A) лимфа сұйықтығы
B) қан пластинкалары
C) эритроциттер
D) нейрондар
E) лейкоциттер
10. Туберкулез қоздырғышы -
A) Кірпікшелі кебісше.
B) Амеба.
C) Безгек паразиті.
D) Вирус.
E) Бактерия.
11. Көз алмасына кірмейтіндер:
A) Тор қабықша және қарашық.
B) Шыны тәрізді дене және нұрлы қабықша.
C) Қабақ және жас бездері.
D) Көз бұршағы және қасаң қабықша.
E) Тамырлы қабықша және сары дақ.
12. Ұйқы рефлексін зерттеген ғалым:
A) Мечников И. И.
B) Пирогов Н. И.
C) Сеченов И. М.
D) Павлов И. П.
E) Анохин П. К.
13. ДНҚ молекуласының құрамына кіретін нуклеотидтердің түрінің саны:
A) 3
B) 4
C) 5
D) 6
E) 2
14. Ұрықтың гаструла сатысының сыртқы қабаты:
A) Эктодерма.
B) Эпидермис.
C) Эпителий.
D) Энтодерма.
E) Мезодерма.
15. Сабақ қалемшесінен өсірілетін өсімдік -
A) Традесканция
B) Картоп
C) Бүлдірген
D) Бегония
E) Қалуен
16. Қоңыр балдыр:
A) Хламидомонада.
B) Хлорелла.
C) Спирогира.
D) Ламинария.
E) Улотрикс.
17. Кірпікшелі құрттардың сезім мүшелері:
A) Дәм сезу мүшесі.
B) Тепе - теңдік мүшесі.
C) Сипап - сезу, көру, тепе - теңдік мүшелері.
D) Бұлшық ет сезім мүшесі.
E) Иіс сезу мүшесі.
18. Тері эпидермисін түзетін ұлпа:
A) Бірыңғай салалы бұлшықет
B) Дәнекер.
C) Шеміршек ұлпа.
D) Эпителий.
E) Жүйке.
19. Митоздық бөліну кезінде жасуша саны:
A) 1
B) 4
C) 3
D) 5
E) 2
20. Тұқым қуалай ұрпақтан - ұрпаққа берілуінің негізгі заңдылықтарын ең алғаш ашқан ғалым:
A) Г. Мендель
B) Н. И. Вавилов
C) Ф. Реди
D) Р. Пеннет
E) Т. Морган
21. Микроэволюциялық даму жолының нәтижесі.
A) Тіршілік үшін күрес.
B) Түрлердің көп түрлілігі.
C) Қолдан сұрыптау.
D) Өзгергіштік.
E) Тұқымқуалаушылық.
22. Қазіргі адамдарға жақын келетін түрлер:
A) Австралопитектер.
B) Неандертальдық.
C) Питекантроптар.
D) Синантроптар.
E) Кроманьондар.
23. Ағзалардың өзара селбесіп тіршілік ету факторы:
A) Бейбиотикалық.
B) Антропогендік.
C) Шектеуші.
D) Экологиялық.
E) Биотикалық.
24. Биосфераны өзгертетін қуатты фактор -
A) Жануарлар.
B) Адам.
C) Өсімдіктер.
D) Микроорганизмдер.
E) Табиғат.
25. Өсімдікке жарықтың негізгі қажеттілігі:
A) Көбеюіне.
B) Дамуына.
C) Органикалық заттардың түзілуіне.
D) Гүлденуіне.
E) Тыныс алуына.
26. Безгекпен ауырған адамның денесі бір ысып, бір салқындауының себебі:
A) Безгек паразитінің қанда көбейіп улы зат бөлуінен.
B) Паразиттің бір қан түйіршегінен екіншісіне өтуінен.
C) Безгек паразитінің денеге өтуінен.
D) Дене температурасының 400С дейін көтерілуінен
E) Безгек масасының шағуынан.
27. Ішекқуыстылардың дернәсілі:
A) Жұмыртқа жасушасы.
B) Планула.
C) Атпа жасушасы.
D) Жүйке жасушасы.
E) Сперматозоид.
28. Қант ауруының (диабет) болу себебі
A) Адреналин жетіспегендіктен
B) Инсулин гармонының жетпеуінен
C) Өсу гармонының дұрыс бөлінбеуінен
D) Инсулиннің көп бөлінуінен
E) Адреналиннің көп бөлінуінен
29. Жүректің жұмысын жылдамдатып күшейтетін:
A) жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі
B) жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімі
C) адасқан жүйке
D) бас ми жүйкесі
E) жұлын жүйкесі
30. Ақуыз(нәруыз) молекуласының синтезі кезінде аминқышқылдарын рибосомаға таситын:
A) Фермент
B) р - РНҚ
C) АТФ
D) ДНҚ
E) т - РНҚ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
3 028
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (41 - вариант)
Тест биология (41 - вариант)
Биология пәнінен тест жауаптарымен
Тест биология (15 - вариант)
Тест биология (15 - вариант)
Өлі табиғатқа жатады: A) Жануар. B) Өсімдік. C) Адамдар. D) Бактериялар. E) Тау жыныстары.
Тест биология (3 - вариант)
Тест биология (3 - вариант)
1. Жасуша қабықшасындағы саңылау: A) 3 B) Көптеген C) 1 D) 2 E) 4
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Тест биология 19 бен 20 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Тест биология 5 пен 6 нұсқа
Тест биология 5 пен 6 нұсқа
Биологиядан тест жауабымен
Саңырауқұлақтар бөлімі
Саңырауқұлақтар бөлімі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Абатова Мирамгүл Абубакировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×