Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биологиядан күнделікті сабақ жоспары 8 сынып

26 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: §2. Ішкі мүшелердің топографиясы.
Биология 8 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Мүшелер жүйесі туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: бұлышқет және жүйке ұлпаларының құрылысы

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Адам туралы қандай ғылымдар бар?
2. Физиология қандай ғылым?
3. Салауатты – өмір салты дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен - бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді - ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы - өңеш, ішектер мен қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы - ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.

Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен - бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жүйесі дейді.
Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне - бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін. түзеді. Мысалы, тірек - қимыл, зәржыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.
Адам ағзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жүйе - арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
2. Жүйке жүйесі - барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.
3. Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі о5ан жауап қайтарады.
4. Тірек - қимыл жүйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.
5. Жүрек - қантамырлар жүйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.
6. Тынысалу жүйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.
7. Асқорыту жүйесі - ағзада тағамның қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.
8. Зәршығару жүйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
9. Жыныс жүйесі - ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Ағзаның біртұтастығы. Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп, біртұтас ағза түзеді. Ағзаны құрайтын барлық мүшелер жүйесі бірімен - бірі тығыз байланысты. Әсіресе, жүйке жүйесі және эндокриндік мүшелер жүйесі бірімен - бірі үйлесімді түрде қызмет атқарады. Олар ағзаның жүйке - гуморальдық реттелу қызметін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі хабар береді, эндокриндік мүшелер жүйесі бөлетін гормондарды қан, басқа мүшелерге таратады. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысы бірімен - бірі тығыз байланыста үйлесімді болғандықтан, ағза - біртұтас тіршілік иесі деп аталады

IV. Қорытынды. Қорыта айтқанда, ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен - бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі.

V. Бекіту сұрақтары:
1. Бұлшықет ұлпасының қандай топтары бар?
2. Миофибрилла деген не?
3. Жүйке ұлпасына тән қасиеттерді ата?

VІ. Бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма. Оқу.

Адам туралы ғылымдар
Жасуша және оның құрылысы
Жасуша органоидтары
Жасушаның химиялық құрамы: су, минералды тұздар
Жасушаның химиялық құрамы. Органикалық заттар, нәруыздар, майлар, көмірсулар, нуклейн қышқылдары
Жасушалардың тіршілік әрекеттері
Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттер
Адамның негізгі ұлпалары
Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе
Қалқанша без, оның гормондарының қызметі
Ұйқы безінің инсулин гормондарының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі. Қантты диабет
Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі
Жұлын. Жұлынның маңызы, оның рефлекстік және өткізгіштік қызметі
Ми. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік
Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторы
Есту мүшесі және есту анализаторы
Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторы
Сүйектер, бұлшықет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері
Сүйектің құрамы, құрылысы олардың пішіндері және қызметі. Сүйектің ішкі құрылысы
Қаңқаның негізгі бөлімдері. Бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы,қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері
Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Бұлшықет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Бұлшықет қозғалысының реттелуі
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдары
Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфо-организм ішкі ортасының құрам бөліктері
Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі
Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы.Гемоглабиннің рөлі. Артериялық және веналық қан
Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі
Иммунитет. Иммундық жүйенің мүшелері
Ауру қоздырғыш микробтар мен вирустардың жұқпалы аурулар дамуындағы рөлі
Қан топтары және қан құю
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі
Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфоайналымы.
Жүрек және қан тамырлар жүйесінің реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі
Гуморальдық реттелу
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу
Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі. Тыныс алу орталығы
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар
Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі
Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі. Сілекейдің маңызы
Астың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы
Ішек сөлінің асқа әсері. Астың қорытылуы және сіңірілуі
Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу жолдары. Тағамнан улану, алғашқы көмек көрсету шаралары
Организм құрылымын қалпына келтіру, олардың өсуі мен энергия жинақтауы үшін қоректік заттардың маңызы
Тамақтанудың мөлшері және оның организмнің энергия жұмсау шамасымен байланысы. Қоректік заттардың энергия сыйымдылығы
Витаминдер және олардың маңызы. Майда және суда еритін витаминдер
Зәр шығарудың маңызы. Зәр шығару мүшелері. Бүйректің құрылысы. Нефрондар
Бүйрек ауруларының алдын алу
Терінің тосқауылдық рөлі. Терінің құрылысы
Тері аурулары
Көбеюдің маңызы, көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі
Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы
Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияны
Мінез құлықтың туа біткен және жүре пайда болған формалары. Шартты және шартсыз тежелу
Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері
Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор
Еңбек пен мәдениет – адамзаттың негізгі жетістіктері
Жігерлік процестер. Еріктің сапасы. Сезім, сезімталдық реакциялар
Зейін, ерікті және еріксіз. Зейіннің ауытқуы
14 840
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
1. мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі) 2. тамыр қандай мүше? (вегетативті мүше) 3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді ?(кіндік және шашақ тамыр жүйесі) 4. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді оларды
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері
Өсімдіктер мен пен жануарлар ағзаларындағы жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі арасындағы өзара байланыстарды анықтап, тақырыпты өз бетінше дұрыс түсіндіре алады.
Көпжасушалы жануарлар
Көпжасушалы жануарлар
Барлық өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын неміс ғалымдары Т. Шванн мен М. Шлейден тұжырымдап, алғаш рет ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында жасуша теориясының негізін қалады.
Ағза шеберханасы
Ағза шеберханасы
Оқушылардың мүшелер және мүшелер жүйесін есте сақтау қабілеттерін, дүниетанымын, ой - өрісін дамыту, биология пәніне қызығушылығын арттыру
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы
Ұлпалар. Эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі
Ұлпалар. Эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Тұрмағанбет Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×