Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар

03 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Биология
Биология пәнінен сабақ жоспары 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Балдырлар. Көп жасушалы жасыл балдырлар.
Сабақ мақсаты: Балдырлар, олардың әртүрлілігі. Көпжасушалы және біржасушалы балдырлардың тіршілік әрекеті жөнінде түсінік беру
Сабақ міндеті:
Білімділік: Көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру
Дамытушылық: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау
Тәрбиелілік: Көп жасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып, оларды тиімді пайдалануға баулу
Құрал - жабдықтар: тақта, маркер, суреттер, үлестірмелер, тірек - сызбалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу, даярлығын қадағалау
Сабаққа назарын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Балдырлар туралы білімдерін топтау әдісін пайдаланып, тексеру.
Балдырлар

Теңіз, өзен, көл
Бір, көп жасушалы
Хроматофор
Бір, көп ядролы
Таллом

Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып, венн диаграммасын сызу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:
Спирогира – жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған көпжасушалы балдыр. Таспа пішінді хроматофоры жасушада оралма тәрізді орналасқан. Атауы осы қасиетіне негізделген. Ол өсімді және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею спирогира жіпшесі бірнеше бөлшекке немесе жеке жасушаларының бөлінуі арқылы жүреді. Әр бөлшегінің жасушасынан қайтадан спирогира жіпшесі пайда болады. Жынысты көбею жіптеріндегі екі жасушасының цитоплазмасының қосылуы арқылы жүреді. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. Су түбіндегі қайыр – балшықтың бетін жауып жатады. Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады, төсемікке бекініп өседі. Спирогирадан айырмашылығы әрбір жасушасындағы жасыл түсті хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді. Жыныссыз көбейгенде кез келген жасыл жасушаларында екі, төрт талшықты зооспоралар түзіледі. Олар қозғалып, төсемікке бекінеді. Талшығын жойып, жаңа жасушалар түзе бастайды. Біртіндеп улотрикс жіпшесі пайда болады. Жынысты көбейгенде кез келген жасушасы бөлшектерге бөлінеді. Зооспоралардан кіші екі талшықты гаметалар түзеді. Олар екі - екіден қосылып, зигота пайда болады.
Түрлі түсті қағаз, қатты қағаз, файл, жіптер көмегімен жасалған балдырдың спора, зооспора, зоогамета мен зиготаның түзілу жолдарын түсіндіру.(Жынысты, жыныссыз көбею)
Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған – қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Қоңыр балдырға ламинария, саргассум және т. б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5 - 10 шақырым аймақты қамтып, 20 - 30 метр тереңдікте өседі. Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) – таспа, тақташа, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған.

ІҮ. Бекіту кезеңі:
І. Сұрақ - жауап
І топқа тест сұрақтары беріледі.

Биология мұғалімі: Макажанова Айман Хамитовна
3 040
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біржасушалы балдырлар
Біржасушалы балдырлар
Балдырлар теңіз, көл, өзендер және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды.
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы, көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы
Көпжасушалы балдырлардың құрлысы, көбеюі және біржасушалы балдырлардан айырмашылығы туралы білімді қалыптастыру.
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Рүстемова Нұргүл Ақылбекқызы
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы жасыл балдырлар
Бір жасушалы балдырлар
Бір жасушалы балдырлар
Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, № 28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Нина Сайм
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Көпжасушалы жасыл балдырлар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пәні мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×