Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктердің тыныс алуы

23 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақ жоспар
Тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы.
6 сынып
Тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік – өсімдіктердің тыныс алуы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық – оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге және ұқыптылықпен тазалыққа, жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Оқулық, тақта, кесте.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру (Сәлемдесу, түгендеу)
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Фотосинтез қандай процесс?
2. Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі?
3. Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады?
4. Крахмалдың жарықта түзілуін қайсы тәжірибемен көрсетуге болады?
5. Фотосинтез кезінде оттегі бөлетінін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер.
6. Табиғатта және өсімдік ағзасында тыныс алу мен фотосинтез қалай байланысқан?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Барлық жасушалар және тірі ағзалар тыныс алады. Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарады. Өсімдіктерде арнайы тыныс алу мүшелері болмайды. Өсімдік мүшелерінде жиналған заттардың біраз бөлігі – жасушаларды, мүшелерді құруға, тыныс алуға жұмсалады, тыныс алуда негізгі рөлді органикалық заттар атқарады. Жасушалар оттегін сіңіріп, органикалық заттарды ыдыратып, тотықтырады.
Тыныс алу дегеніміз оттегінің сіңірілуі, көмірқышқыл газынының бөлінуі, сонымен бірге оттегін пайдалану арқылы органикалық қосылыстардың тотығуы.
Тыныс алғанда органикалық заттардың біраз бөлігі жоғалады, өсімдіктің салмағы кемиді. Мысалы, тұқым өну кезінде құрғақ затының 3 - 10%- ы кемиді. Өну үшін сыртқы орта жағдайы неғұрлым қолайсыз болса, тыныс алуға соғұрлым қоректік заттар көбірек жұмсалады.
Тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады. Тұқым өнген кезде энергия жылу ретінде бөлінеді.
Өсімдіктердің тыныс алуына әртүрлі жағдайлардың әсері
1. Судың әсері. Тұқым құрғақ болса (10 - 12 % су), баяу тыныс алады. Егер тұқымда судың мөлшері 33 %- ға жетсе, 2 г көмірқышқыл газын бөледі. Сондықтан да тұқымды қоймада сақтағанда оның ылғалдылығы 12 - 14%- дан аспау керек. Сонда ол ұзақ сақталып, шығымдылығын жоймайды.
2. Температураның әсері. Температура неғұрлым жоғары болса, тыныс алу соғұрлым жиілейді. Қыстың - 20 - 250 С аязында да өсімдіктердің тыныс алуы тоқтамайды, тек баяулайды. Тұқымдардың тыныс алуы +500 С – та тоқтайды.
Жасуша цитоплазмасындағы нәруыз ұйып қалады.
Қыста төмен температурада сақталған картоп түйнектерінің тыныс алуы баяулайды. Қанттың қорға жиналуы тоқталмайды. Көп сақталған картоптың дәмі тәтті болатыны сондықтан.
3. Жарықтың әсері. Өсімдікке жарық жеткілікті болса, тыныс алу жылдамдайды. Тыныс алуға қарама - қарсы фотосинтез процесі де қатар жүреді. Жасыл өркендерді қараңғы жерге қойса, көмірсулардың жетіспеуінен тыныс алу қарқыны күрт төмендейді.
4. Улы заттардың әсері. Улы заттар атмосферада көбейіп кетсе, өсімдіктерді уландырады. Тыныс алуы бәсеңдейді.

Ауаның ластануы өсімдіктің тыныс алуына әсері

Ауа қандай заттармен ластанады?
1. Жер шарындағы барлық тірі ағзалардан бөлінетін көмірқышқыл газының көбеюі.
2. Өндірістер мен өнеркәсіптерден бөлініп шығатын қалдық заттар, түтіндер.
3. Автокөліктердің түтіні.
4. Түрлі ауру туғызатын зиянды микробтар. 5. Химиялық жасанды заттардан бөлінетін улы газдар.

Қоршаған ортаны ластанудың қорғау шаралары:
1. Атмосфераның тазалығына жасыл өсімдіктер көп пайдасын тигізеді. Көгалдандыру жұмыстарын дамылсыз жүргізу.
2. Ескіріп, үлкейіп, өсуі нашарлап кеткен ағаштарды кесу.
3. Өндіріс, өнеркәсіп орындарынан шығатын улы газдарды ауаға таратпай, өзіне сіңіретін желдеткіштерді орнату.
4. Тамырдың түбіндегі топырақтарын қопсытып отыру.
Фотосинтез бен тыныс алудың салыстырмалы кестесі

Қырық құдық ауылы орта мектебі
Биология және химия пән мұғалімі:
Абилова Ғазиза Исматовна

Өсімдіктердің тыныс алуы. жүктеу
33 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы
Өсімдіктердің тыныс алуы. Гүлдің құрылысы оның маңызы. Өсімдіктердің тыныс алуының түрлері мен құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Өсімдіктер сабағының құрылысы мен қызметі, ішкі құрылысы, сабақтың бойлап және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар туралы түсінік беру арқылы өсімдіктердің вегетативті мүшелері жөніндегі білімдерін тереңдету.
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі
Өсімдіктер сабағының құрылысы мен қызметі, ішкі құрылысы, сабақтың бойлап және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар туралы түсінік беру арқылы өсімдіктердің вегетативті мүшелері жөніндегі білімдерін тереңдету
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Жапырақта органикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез.
Көмірқышқыл газы + су (күн сәулесі/жасыл өсімдік) → қант (глюкоза) + оттегі ═ фотосинтез. Өсімдік жапырағының хлоропластарында күн сәулесінің қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез деп атайды. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған орыс
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Атмосфераның құрамы және құрылысы.  Жасыл өсімдіктердің фотосинтез процесіне қатысуы
Атмосфераның құрамы және құрылысы. Жасыл өсімдіктердің фотосинтез процесіне қатысуы
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна Пәні: География - биология мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту пәндері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×