Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұрықтың дамуы

15 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Биология
8 сынып
Мұғалім: Мұхтарова М. М.
Тақырыбы: Ұрықтың дамуы
Сабақтың мақсаты: Ұрықтың дамуының негізгі кезеңдері туралы, жүктілік кезең туралы түсіндіру. Адам өмірінің негізгі кезеңдері
Сабақтың міндеті.
Білімділігі: оқушыларға адамның жыныспен көбеюінің ерекшеліктері, жыныс бездерінің құрылысы және жыныс жасушалары туралы түсінік беру; Ұрықтық кезеңнен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту; Оқушылардың білімін нақтылап, өзбетімен ізденуге жетелеу және жан - жақты ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылығы: ұрықтың дамуы туралы оқыта келе, оқушылардың талдау, ойлау, салыстыру, қортындылау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі: Ұрықтану кезінде құрсақтағы нәрестеге дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулардың алдын алу, таза ауада тынығу туралы түсініктерді бере отырып, санитарлық – гигиеналық дағдысын қалыптастыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас,
Әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, модульдік технологиясының элементтерін пайдалану.
Құрал – жабдықтар: «жыныс мүшелері» кестесі, «ұрықтану» видиео көрінісі, оқулықтағы суреттер, интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар,

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып,
2. Жоқ оқушыларды түгендеу,
3. Зейіндерін сабаққа аудару.
Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың 4 жолын нұсқаған:
1. Жазып үйрену
2. Көріп үйрену
3. Оқып үйрену
4. Сұрап үйрену
Ал біздің сабағымыз да 4 бағытта жүргізілмек
1. Ой қозғау (нені білеміз?)
2. Іздену (нені білгіміз келеді?)
3. Ой қорыту (нені білдік?)
4. Ой дамыту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Ой қозғау» (нені білеміз?)
1. Органикалық дүниеде көбеюдің қандай түрлері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ: Іздену ( нені білгіміз келеді?)
Ұрық жеке даму процесінде бірден адамға ұқсамайды. Ұрықта алғашында біздің арғы тегімізге тән көптеген белгілер (ұзын құйрық, желбезек саңылауы, т. б) пайда болады. Ұрық дамуының үшінші аптасының соңында дененің кейбір жеке бөліктері әлі де дамымайды. Төртінші аптада ұрықтың ұзындығы 3 мм болады. Аяқ – қол нышаны, құлақ, көз, мұрын нышаны байқалады. Кейінірек ұрықтың жүрегі соғып, аяқ - қолдары дами бастайды. Бұл кезде ұрық өсіп. Оның ұзындығы 15 мм - дей болады.
Ұрықтың даму кезеңі: дене құрылымы жетінші, сегізінші аптада қалыптасады. Дамудың бұл кезеңінде кеуде қуысы, қарын, бас, мұрын, көз, құлақ ажыратылады. Ұрық 2, 5 см – ге жетеді. Аяқ - қолдарындағы саусақтары ажыратылады. Дамудың осы уақытынан бастап, ұрық шарана деп аталады. Әрі қарай даму кезінде дене бөліктеріне байланысты кейбір өзгерістер байқалады.

Ұрықтың дамуы. жүктеу
1 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16, 32, 64, 128, т. б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші
Ұрықтың дамуы
Ұрықтың дамуы
Оқушыларға адамның жыныспен көбеюінің ерекшеліктері, жыныс бездерінің құрылысы және жыныс жасушалары туралы түсінік беру; Ұрықтық кезеңнен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту;
Организмдердің жеке дамуы
Организмдердің жеке дамуы
Тақырыбы: Организмдердің жеке дамуы.
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің биология пәнінің мұғалімі Байназарова Мәншүк
Ұрықтың дамуы
Ұрықтың дамуы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Мырзабекова Бахтыгул Мұстахиқызы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 32 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Утарова Жанат Жакиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×