Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

15 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Мақсаты: 1. Буылтық құрттардың ерекшеліктері туралы мәлімет беру, буылтық құрттардың өкілдерінің тіршілік әрекеттері туралы білім беру.
2. Буылтық құрттардың ерекшеліктерін оқыту арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін, ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларды жекелей жұмыс істеуге тәрбиелеу
Құрал - жабдықтар: тест тапсырмалары, тапсырмалар, слайд.
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Әдістемелік шешім: дәріс, мұғалімнің әңгімелеуі, көрнекі құралдарды көрсету, өзіндік жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география, валеология.

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білімді тексеру және өзектеу.
1. «Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері» тақырыбын мазмұндау.
2. Термин сөздермен жұмыс.
Алғашқы қуыстылар типі. Құрсақкірпікшелілер класы. Жұмыр құрттар класы. Зымырақтар класы. Қылқұрттар класы. Тері бұлшықет қапшығы. Суыртқы. Гиподерма. Түлеу. Қылқұрт.
3. Сұрақтар:
1. Тип неліктен жұмыр құрттар деп аталған?
2. Жұмыр құрттар типін неге алғашқы қуыстылар типі деп атайды?
3. Жұмыр құрттар типіне қандай кластар жатады?

ІІІ. Жаңа материалды оқу.
Жоспары:
1. Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
2. Көпқылтанақты құрттар класы
3. Азқылтанақты құрттар класы
4. Сүліктер
Буылтық құрттар денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейді. Тип бірнеше класстарға жіктеледі, түрлердің басым бөлігі 3 класқа жіктеледі, олар: азқылтанақты құрттар, көпқылтанақты құрттар және сүліктер.
Буылтық құрттардың денесі 3 қабаттан тұрады. Денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік соңғы қуыс - целом деп аталады. Соңғы қуыс әр сақиналы буылтықтарда қайталанады. Сақиналы буылтықтар перде арқылы бөлінгенімен, ауыз және аналь тесігі бар ішек бүкіл денені бойлай созылады. Жүйке жүйесінің құрсақтық бағанасы және ең алғашқы тұйық қанайналым жүйесі де бар. Дененің екі қапталындағы әрбір буылтықта будаланған қылтанақты өскіндер – параподиялар орналасқан. Ол құрттың қозғалып жүру мүшесінің қызметін атқарады. Ал сүліктердің денесінде мұндай қылтанақтар болмайды. Буылтық құрттар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Қосжыныстылары (гермафрордит) да бар.
Целомның атқаратын қызметтері:
1. Тірек – қозғалыс кезінде сұйықтық күйіндегі қаңқа қызметін атқарады;
2. Ішектің және дене қабырғасының жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;
3. Ішкі мүшелердің және дененің мөлшерінің едәуір ұлғаюына көмектеседі;
4. Қоректік заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдерін, газды тасымалдайды;
5. Соңғы өнімдер мен артық сұйықтықтың жиналатын орны бола алады;
6. Ағзадағы қысымды реттеуге қатысады.

ІV. Бекіту
Термин сөздермен жұмыс.
Буылтық құрттар. Көпқылтанақты құрттар. Азқылтанақты құрттар класы. Сүлік. Тұйық қанайналым жүйесі. Целом. Параподия. Трахофора. Гирудин.
V. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу.
5 644
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұмыр құрттар типіне жататынжәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жұмыр құрттар типіне жататынжәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жұмыр құрттардың 20000 - нан астам түрі бар көпшілігі дара жынысты. Ауыз қуысы дененің алдыңғы жағында, аналь тесігі артқы жағында орналасқан. Тыныс алу және қантарату жүйесі болмайды.
Шұбалшаңның биогеоценоздағы,табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Шұбалшаңның биогеоценоздағы,табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы
Буылтық құрттар. Шұбалшаң
Буылтық құрттар. Шұбалшаң
Кызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылы, №44 орта мектептің биология пәні мұғалімі Досмаганбетова Фарида Калдыбаевна
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар
Атырау қаласы, №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі: Утепова Болған Мұхлесқызы
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар типі
Сабақ тақырыбы: Жұмыр құрттар типі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×