Білімділер поралы

Антропогендік факторлар.Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және табиғатты ластанудан қорғау.

Биология 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Антропогендік факторлар. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатты ластанудан қорғау.
Жалпы мақсаты: Оқушыларға биология заңдылықтары, оның түрлерін толық ұғындырып, эволюциялық даму түрлері, соның ішінде ғаламда қай заманда алғаш тіршіліктің пайда болуы, заманның дамуы туралы толық мәлімет беру. Тірі организмдердің табиғи бірлестіктерімен танысып, олардың ерекшеліктері туралы қазіргі көзқарастармен таныстыру. Табиғатта адамның алатын орны мен рөлі туралы насихаттау.
Оқу нәтижесі: Оқушыларға түрлі деңгейлі тапсырмалар бере отырып, ой - өрістерін, қызығушылықтарын арттырып, дамыту, білімін тереңдету.
Туындайтын идеялар: Сабақ өту барысында жаңа тақырыпты түсіндіру оқушылар үшін оңай (қарапайым мысалдар арқылы) сабақты түсіндіріп, әрі қызықты өту мақсатында түрлі әдіс - тәсілдер мен көрнекіліктерді қолдану.

Сыныпта психологиялық ахуал туғызу 1 мин
Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, олардың көңілін өзіне аудару;

Оқушыларды жіктеу 2 мин.
Оқушыларды топ - топқа бөлу немесе барлық оқушыларды бір топ ретінде қарастырып, жаңа сабақты бастау.

Үй тапсырмасын сұрау 5 - мин.
1. Төзімділік шегі дегеніміз не?
2. В. Шелфорд тұжырымдаған заң қалай аталады?
3. Факторлардың өзара әсері дегеніміз не?
4. Компенсация дегеніміз не?
5. Шектеуші фактор дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
6. Ю. Либихтің минимум заңын қысқаша тұжырымдаңдар.
7. Орта факторларының өзара әсерлеріне мысал келтіріңдер.

Жаңа тақырып 15 мин
Адамның табиғат үшін маңызы мен зиянын толық түсіндіріп, адамның тіршілік үшін ерекшелігіне сипаттама беру. Антропогендік факторлардың қалыптасуына назар аударып, осы терминологияға толық түсінік беру. Антропогенез терминологиясының мағынасына толыққанды сипаттама беру. Олардың маңызына ерекше назар аудару. Қоршаған ортаға ластағыштардың тигізетін әсері мен табиғатты қорғау жұмыстарын қалай ұйымдастыруға болатындығын талқылайды.
Топтық тапсырма:
1 топ: Антропогендік факторлардың негізгі бағыттары
2 топ: Антропогендік факторлардың әсер ету түрлері
3 топ: Қоршаған ортаға ластағыштардың әсері
4 топ: Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Лесерова Меруерт Садировна

Антропогендік факторлар.Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және табиғатты ластанудан қорғау. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 161
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 161
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика