Білімділер поралы

Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі

№249 мектеп – лицей
Өткізген: биология пәнінің мұғалімі – Дөңесова Гүлнұр

Тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
(ашық сабақ, 8 сынып)
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға адам ағзасының тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі, тыныс алудың маңызы туралы терең білім беру
Дамытушылық: Шығармашылық ізденімпаздыққа баули отырып, танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін жетілдіру, қызығушылықтарын арттыру, білімдерін дамыту
Тәрбиелік: Білімділікке, тазалыққа, аденсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, қорғауға, зиянды әдеттерден сақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдап - жинақтау, сұрақ - жауап
Сабақтың формасы: топтық, жеке
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: валеология

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ бөлім. Жүрек - қан тамырлар жүйесі
І. Қан тамырлары
1. Вена қандай тамыр?
2. Қан тамырларындағы қысым қандай?
3. Артерияға сипаттама бер
4. Адамда капиллярдың жалпы саны қанша?

ІІ. Жүрек
1. Жүрек циклі дегеніміз не
2. Жүрек жұмысы қандай кезеңдерден тұрады?
3. Жүрекке сипаттама бер
4. Сурет бойынша жүректің құрылысын сипаттау

ІІІ. Қан айналым шеңберлері
1. Қан айналым дегеніміз не?
2. Қан айналымның үлкен шеңбері дегенеіміз не?
3. Қан айналымның кіші шеңбері дегеніміз не?
4. Қай венада артерия қаны ағады?
ІІІ. Жаңа сабақ
§41. Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Тыныс алу жүйесі өте маңызды – газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Ағза мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.
Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы - аңқа(носоглотка), көмей, кеңірдек, бронхылар (ауатамырлар) жатады. Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен қатар өкпе жатады. Өкпеде газ алмасу жүреді.
Танау арқылы ауа сүйек - шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі. Мұрын қуысында ауа жылынады, залалсызданады, ылғалданады.
Мұрын қуысынан ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
Көмей – іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан. Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқарады.
Кеңірдек – ұзындығы 9 - 13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік.
Бронхылар (ауатамырлар) оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді.
Өкпе – кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе үш бөліктен, сол жақ бөлік екі бөліктерден тұрады. Өкпенің сырты қабықшамен – өкпеқаппен (плевра) жабылған.
Альвеолалар – диаметрі 0, 2 - 0, 3 мм, тереңдігі 0, 06 - 0, 3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктері. Адам өкпесінде шамамен 700 млн альвеола бар.

ІV. Жаңа сабақпен жұмыс
І. Сәйкестігін анықтаңдар.
ІІ. Дұрыс жауабын табыңдар
1. Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?
А) екі бөлікке
Ә) үш бөлікке
Б) төрт бөлікке
2. Мұрын қуысының ішкі беті:
А) 100 см²
Ә) 500 см²
Б) 1500 см²
3. Дыбыс түзу қызметін қандай мүше атқарады?
А) мұрын қуысыс
Ә) көмей
Б) кеңірдек
4. Кеңірдек қабырғасы неден түзілген?
А) бұлшық ет ұлпасынан
Ә) шеміршекті сақинадан
Б) шеміршекті жартылай сақинадан
5. Кеңірдектің жалғасы
А) аңқа мен жұтқыншақ
Ә) көмей
Б) бронхылар

Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 29
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 29
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика