Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.

08 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: §27 Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.
Білімділік мақсаты:
- Ағзаның ішкі ортасы, қанның құрамы мен қызметіне сипаттама беру.
Дамытушылық мақсаты:
Сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушы білімін тереңдету, алған білімін өмірде пайдалан білуге үйрету.
Тәжірибелік мақсаты:
Денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүруге баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: химия, физиология, әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
- Оқушылармен амандасу
«Ауа райы» тренинг
Сабақ барысындағы көңіл күйлерін ауа райы белгілерімен белгілеу.
Үй тапсырмасын тексеру
А) сандар сыр шертеді
200, 600, 230, 33 - 34, 12, 4 - 5, 3, 2, 25.
Ә) «Кім жылдам?» ойыны
1) Тірек - қимыл жүйесіне нелер жатады? (қаңқа, бұлшық ет)
2) Сүйектер құрылысы бойынша неше топқа бөлінеді? (3)
3) Ұзын сүйектерді ата (қол - аяқ сүйегі, жіліктер)
4) Қысқа сүйектерді ата (омыртқа, алақан, табан, білезік, саусақ)
5) Сүйектердің химиялық құрамы (бейорган, орган)
6) О ссеин сүйеккке қандай қасиет береді?
7) Бұлшық ет ұлпасы құрылысына қарай нешеге бөлінеді? (біріңғай салалы, көлденең жолақты)
8) Бұлшық еттердің ең басты физиологиялық қасиеті (жиырылғыштық)
9) Ми сауытының құрылысы ( төбе (2), самай (2), маңдай, шүйде)
10) Омыртқа жотасының қисаюының неше түрі бар? (бүкір, құныс)
Б) PISA тапсырмасы
Болат сыныбындағы ең ұзын бала еді. ол достарымен бірге жүргенде өзінің бойының ұзын болуынан ұялып, иығын алға қарай төмен түсіріп жүретін. Жүре келе өзінің бүкір болғанын сезбей де қалды.
Сұрақ: Болат бойының ұзындығына намыстанбай иығын тік ұстағанда қандай аурумен ауырмас еді?
А) сколиоз Ә) остеопороз Б) пажет

ІІ. Қызығушылығн ояту:
Жұмбақ:
Сұйық десем, су емес
Ағзада ағар жолы бар
Түсі де оның ақ емес
Алқызыл дейді ағалар
Оңды - солды ойқастар
Қызмет жасар тоқтамай
Сергектікке жол бастар
Шипасы оның тағы бар
Ол не? (қан)
Мұғалім: Қан туралы не білесіңдер өз ойларыңды дәптерге түсірейік
Видеоролик:
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз §27 Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

ІІІ. Мағынаны тану: топтарға тапсырма
Организмнің ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады
І. қанның қызметі (тірек - сызба құру)
ІІ. Қанның құрамы (топтастыру)
ІІІ. Қан жасушалары (тірек – сызба)
ІУ. Эритроциттердің қызметі
- 2 сұрақтан сұрақ әзірлеу
Дәптермен жұмыс
Термин сөздер
1. Плазма – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі
2. Эритроцит – қанның қызыл ядросыз жасушалары
3. Лейкоцит – қанның түссіз жасушалары және жебір жасушалар
4. Тромбоциттер – қан пластинкалары
5. Гемоглоин – қанға қызыл түс беретін пигмент
6. Оксигемоглобин – оттегімен қосылған гемоглобин
Ойлан, тап:
Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 5л қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?
60 мин х 5л =300л
300л х 24сағ =7200л
Жауабы: 1 тәулікте 7200л қан айдайды
5 жолды өлең
Не? Қан
Қандай? Сұйық, қызыл
Не істейді? Ағады, қорғайды, тасымалдайды
Сөйлем: Қан адам өмірінің тірегі
Синоним: дәнекер ұлпа
Тренинг: «Ауа райы»
Бағалау:
Үйге тапсырма: §27 Эссе «Қан адамға өмір сыйлайды»
3 909
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам қаңқасы, оның бөлімдері
Адам қаңқасы, оның бөлімдері
Тірек қимыл жүйесімен танысу. Зиянды заттардың тірек - қимыл жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту.
Адамның тірек - қимыл жүйесі
Адамның тірек - қимыл жүйесі
АДАМ Тік жүруге бейімделген. Кеуде қуысы жалпақ. Омыртқа жотасы 4 жерден иілімі бар. Ми сауыты, бас сүйегі дамыған.
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі
Тірек - қимыл жүйесі туралы алған білімдерін дамыту, толықтыру, жинақтау. Өз бетімен, ұжыммен жұмыс жасау біліктерін, есте сақтау қабілеті мен ой - өрісін дамыту
Сүйектің құрылысы, өсуі, химиялық құрамы (зертханалық жұмыс)
Сүйектің құрылысы, өсуі, химиялық құрамы (зертханалық жұмыс)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі, эритроциттер туралы білімдерін жетілдіру.
Сүйектің  кұрылысы мен химиялық құрамы
Сүйектің кұрылысы мен химиялық құрамы
Тақырыбы: Сүйектің кұрылысы мен химиялық құрамы Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімеи таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×