Білімділер поралы

Психика мен сананың дамуы

Пәні: Психология және спорт
Сабақтың тақырыбы: Психика мен сананың дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жүйке жүйесінің құрылысымен қызметтерімен таныстыру, танымдық қабілетін арттыра отырып мидың құрылысымен психика туралы білімдерін кеңейту, мағлұмат беру.
Дамытушылық: Психика мен сана түсініктері жайлы мәлімет бере отырып, белсенділік пен танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды төзімділікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Теориялық білімді болашақ кәсіби әрекетінде тиімді пайдалана білуге баулу.
Көрнекіліктер мен құралдар - жабдықтар: тест тапсырмасы, сандықтың суреті.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Философия, Психология тарихы, Анатомия және т. б.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Қ. Жарықбаев «Психология».,
Ә. Алдамұратов«Жалпы психология»
К. Жұмасова «Психология»., Астана - 2010ж

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (9. 55 - 10. 00)
ІІ. Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі 15 мин (10. 00 - 10. 15)
ІІІ. Жаңа сабақ 40 мин(10. 15 - 10. 55)
ІV. Жаңа материалды бекіту 10 мин(10. 55 - 11. 05)
V. Бағалау 3 мин(11. 05 - 11. 08 )
VI. Үйге тапсырма 1 мин(11. 08 - 11. 09)
VII. Рефлексия 6 мин(11. 09 - 11. 15)

1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Екі жақты сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Аудиторияның сабаққа даярлығын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау:
«Алтын сандық» жаттығуы.
Сандықтың ішіндегі сары алтын тиындардың реттік нөмері бойынша таңдап алып қойылған сұрақтарға жауап беру қажет.
1. Жүйке жүйесі қандай жасудан тұрады? (нейрон)
2. Нейронның ұзын тармағы қандай? (аксон)
3. Жұлынның жуандығы қанша сантиметр? (1 см)
4. Жұлынның тікелей жалғасы не? (сопақша ми)
5. Импульс қай елдің сөзі? (латын)
6. Ми сыңары неше бөліктен тұрады?( 2)
7. «Рефлекс» туралы алқаш айтқан кім?( И. П. Павлов)
8. Шартты, шартсыз рефлекстерді ашқан кім? ( И. П. Павлов)
9. «Афференттік» сөзі қандай мағынаны білдіреді?(жеткізуші)
3. Жаңа сабақты түсіндіру: Психика мен сананың дамуы.
Жоспар:
1. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.
2. Жануарлар психикасының негізгі түрлері.

Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен тұрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).
2. Адам санасының дамуы қоғамдық - тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды.
Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан әлдеқайда шамалы келеді. Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының, қоршаған ортасының маңызы зор. Басқа жануарларға қарағанда ұшатын құстар мен балықтардың психикасы нашар дамыған. Бұл жағдай олардың тіршілік ететін ортасына байланысты, бірақ та құстың көзі жақсы көреді. Жемін алыстан көруіне көп көмек көрсетеді. Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен салыстырғанда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруіге бейімделуінен. Ағаш арасындағы тіршілік жағдайында иіс айырудың қажеті азайып, көру рөлі арта түседі. Ағаш бұтақтарында отырып теңселу, ағаштан - ағашқа секіру, көзбен мөлшерлеуге жаттықтырады, дененің сезімталдығын жетілдіреді, әрі жылдам қозғалуды талап етеді. Маймыл жаңғақтың ішіндегі дәнін, түрлі миуа атаулыны, шөптің сабағын тауып жейді. Ол үшін ептілік керек. Маймыл қолын жүру қызметіне де, ұстау қызметіне де қолдана алады. Маймылдардың психикасының даму сатысын аңғаруға негіз болатын маңызды бір факт - көз бақылауы мен ептіліктің пайда болуы. Бұл бейімділік бұтақтан - бұтаққа секіріп, тамақ тауып жеуіне көмектеседі. Жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекет бар.
Олар:
1. Инстинкт
2. Дағды
3. Интеллект
1. Жануарлардың инстинкті.
Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде тұқым қуалай отырып, бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.
Инстинктің мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:
1) Амалдық - тұтастық егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып жануар үшін биологиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, үя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).
2) Туа пайда болу. Бүл жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті. Бүл инстинкт қайталап отыруды тілемейді.
3) Санасыздық. Сырт қарағанда саналы сияқты болып жануарлардың "ақылына" байланысты көрінгенімен, жануарлар ісінде саналылық деген болмайды.
Мәселен, бал арасының балауызын тесіп қойсаң да бал арасы оған бұрынғысынша бал келтіре береді. Ұяда жұмыртқа басып отырған қасқалдақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалдақ оны байқамай үйреншікті орнына отыра кетеді. Жұмыртқаның жоқ екендігінде қасқалдақтың жұмысы болмайды, қасында көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға ақылы жетпейді, Өйткені оның бұл атқарып отырған іс - қимылдары тек қана инстинкт.
Психика мен сананың дамуы жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 165
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 164
Роботтар: 3
Бірлік
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика