Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер тарихы және оны зерттеу әдістері

16 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Теориялық аралас сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Тақырыбы: Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
жер тарихының шежіресі;
палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;
Тәрбиелік: құрал - жабдықтар мен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
өз - ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
ғылыми – оқу және анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеп білуге үйрету;
Сабақтың уақыты: 90 минут (2 сағаттық)
Сабақты өткізу орны:
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көргізбелі, ауызша, жазбаша, түсіндірмелі.
Пән ішілік байланыс: П2 Мезозой және кайнозой замандарында тіршіліктің дамуы.
Пән аралық байланыс Медициналық биология және генетика, молекулалық биология және медициналық генетика, экология, тарих, химия
Сабақтың жабдықталуы: Материалдық: Биология оқулығы, күн тақырыптық жоспар, оқу жұмыс бағдарламасы, әдістемелік әзірлеме, І - ІІ нұсқалы тесттер, плакат, фронталь сұрақтар
Техникалық - программалық: СД диск, компьютер, интерактивті тақта.
Пайдаланылған әдебиет:
Негізі: «Биология» Р. Сәтімбеков, Р. Алімқұлова
Қосымша: Мухамеджанова К, Қасымбаева Т, «Жалпы биология» Хрестоматия, Алматы, Мектеп
Оқушы білуі тиіс: жер тарихының шежіресі; палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;

Сабақтың хронокартасы:
1. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут.
2. Оқушылардың білімін тексеру - 30 минут.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 35 минут.
4. Жаңа тақырыпты пысықтау - 15 минут.
5. Сабақты қорытындылау - 3 минут.
6. Үйге тапсырма - 2 минут.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру.

ІІ. Оқушылардың білімін тексеру - 30 минут.
Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін фронталь сұрақтар қою немесе тестілеу арқылы тексеріледі.
Фронталь сұрақтар:
1. Дивергенция, конвергенция, параллелизм дегеніміз не?
2. Дивергенция қай тілден шыққан, қандай мағына береді?
3. Эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түрлердің шығуын қалай атады?
4. Конвергенция қай тілден шыққан қандай мағына білдіреді?
5. Параллелизм дегеніміз не?(грек. parallelos – қатар жүру) деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір - біріне тәуелсіз дамуын айтады.
6. Параллелизм қай тілден шыққан қандай мағына береді?
7. Конвергенция дегеніміз не?
8. Дивергенция дегеніміз не?
Жауабы:
1. Тірі организмдердің жеке жүйелік топтарының эволюциялық заңдылықтары деп аталады.
2. Дивергенция (лат. divergo – кері шенінемін) деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады.
3. Ч. Дарвин белгілердің ажырауы немесе дивергенция деп атады.
4. Конвергенция лат. convergo – ұқсас болу деген мағына береді.
5. Параллелизм деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір - біріне тәуелсіз дамуын айтады.
6. Грек. parallelos – қатар жүру деген мағына береді.
7. Конвергенция деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір - біріне ұқсас болуын айтады.
8. Дивергенция деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол - табиғатта ұдайы жүретін процесс.
Жер тарихы және оны зерттеу әдістері жүктеу
2 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері, даму тарихы
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні және міндеттері, даму тарихы
Студенттерге молекулалық биология, медициналық генетика пәнінің міндеті, негізгі даму кезеңдері туралы білім беру.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихы шежіресі
Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихы шежіресі
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жаңақала ауылы, Қараторғай орта мектебінің биология пәні мұғалімі Рахметов Серік Ахметқалиұлы
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі: Әбіреш Қалия Қабдолқызы
Цитология. Цитологияның міндеттері
Цитология. Цитологияның міндеттері
Атырау қаласы, №36 орта мектептің биология мұғалімі Рахимова Альмира Мелисқызы
Ағзалардың көбею түрлері. Мейоз. Жыныс жасушаларының дамуы
Ағзалардың көбею түрлері. Мейоз. Жыныс жасушаларының дамуы
Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалык колледжінің мұғалімі Смаилова Гүлзада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×