Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның тірі табиғаттағы орны

04 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Биология 11 сынып
Тақырып: Адамның тірі табиғаттағы орны
Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:
1. Білімділік мақсат: Адамның тірі табиғаттағы орны туралы түсінік беру. Homo sapiens - түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны, адамның жануарлар дүниесінің түрлі жүйелік топтарына жататынын айқындайтын белгілері мен қасиеттері жайлы ақпарат беру.
2. Дамытушылық мақсат: Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасауға машықтандыру.
3. Тәрбиелік мақсат: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, арттыра отырып, ізденуге және ойлауға үйрету. Эволюцияның күрделі процесс екенін түсіндіре отырып, қоршаған айналаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу; қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Құрал жабдықтар, көрнекі көрсетулер: оқулық, MaindMap картасы, АКТ, Prezi. com
Әдіс тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау, зерттеушілік
Сабақ түрі: аралас сипатта

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
«Жағымды энергия»
Оқушылар шеңберге тұрып осы сабаққа бір - бірімен жағымды энергиясымен бөліседі және берілген суреттер бойынша топқа бөлінеді

ІІ. Оқушылардың білімін тексеру
BILIM Land интернет ресурсы арқылы жаттығулар мен тест жұмысын жүргіземін

ІІІ. Жаңа ақпаратты оқып білу
Проблемалық сұрақ
Адам – эволюцияның ең жоғары сатысы ма, әлде тек қана жоғары дамыған жануар ма?

Prezi. com презентациясы арқылы жаңа ақпаратты талдау, түсіну

Мәтінмен жұмыс (мәтінде кездескен жаңа ұғымдарды стикерлерге жазып отыру)
1. Антропогенез бен антропологияның айырмашылығы
2. Кестені талдау, салыстыру «Жануарларды жіктеудегі жүйелік топтарға тән адамның ұқсас белгілері»

1. Хордалылар (желілілер) типі - Ұрығының дамуында хордасы (желінің), жүйке түтігінің, жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылауларының болуы

2. Омыртқалылар (бассүйектілер) тип тармағы - Денесінің арқа жағында ұзына бойы орналасқан көптеген омыртқалар тізбегінен тұратын омыртқа жотасының болуы. Миының 5 бөлімнен (алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопакша ми, мишық) тұруы; екі жұп (алдыңғы және артқы) аяқтарының болуы; жүрегінің денесінің құрсақ жағында орналасуы

3. Сүтқоректілер класы - Денесінде түгі бар, сүт бездері болады, ұрпағын тірі туып, сүтпен асырайды. Терісінде көптеген тер бездері болады. Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын кокет (диафрагма) бөліп тұрады. Сүт тістері мен тұрақты тістері жеке топтарға (күрек, сойдақ, кіші, үлкен азу тістер) жіктелген. Мойын омыртқасы жетеу, ортаңғы кұлақ куысында үш есту сүйектері (тос, балғашық, үзеңгі) бар. Денесінде калдық мүшелер сақталған.

4. Нағыз аңдар класс тармағы - Етті еріндерінің болуы; ұрпағын тірі туып сүтпен асырауы; сүт бездерінің ұшында ұрпағы еметін емшектің болуы және т, б
5. Ұрықжолдастылар инфракласы: - Ұрығы аналығының, арнайы мүшесі - жатырда дамиды. Жатыр мен ұрықтың арасында ұрықжолдасы (плацента) түзіледі, онымен ұрық қоректенеді.

6. Маймылдар отряды (приматтар) - Кеуде тұсында бір жұп сүт бездерінің болуы; бес саусақты қармалағыш саусақтарының ұшындағы тырнақтарының болуы және олар үшкір емес - жалпақ. Басбармақтарының басқа саусақтарына қарама - қарсы орналасуы; Бір ғана ұрпақ береді, еттеккір кезеңінің ұқсас болуы, жүктілік мерзімінің 9 айға дейін созылуы.

7. Жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағы - Көпшілік түрлерінде құйрығының болмауы; миының мөлшерінің төменгі сатыдағы маймылдардан едәуір үлкен болуы; қан топтары мен қан құрамындағы резус факторлардың ұқсас болуы

8. Тар танаулы маймылдар инфраотряды - Мұрын қуысының перде арқылы тар қуыстарға бөлінуі; танау тесіктерінің бір - біріне жақын әрі төмен қарай орналасуы, миының жақсы дамуы

9. Адамтектес маймылдар тұқымдас үсті - Тұлғасының ірі болуы, ұртының жақсы дамуы; шонданайында сүйелді түзілістің болуы; құлақ қалқанының ұқсастығы, көптеген ішкі мүшелерінің ұқсас болуы, қалдық мүшелердің сақталуы; иммундық қасиеттерінің ұқсастығы; көптеген жұқпалы аурулардың таралуының ұқсас болуы.

10. Адам тұқымдасы - Екі аяғымен тік жүріп тіршілік етуі, аяқ - қол бұлшық еттерінің жақсы дамуы, бас бармақтарының өте күшті дамуы; омыртқа жотасында 4 иілімінің пайда болуы; бас сүйегінде ми сауыты бөлімінен едәуір үлкен болуы. Еңбек құралдарын жасауға қолының икем болуы, қоғамдық еңбек етуіне байланысты санасының жетілуі, сөз арқылы қарым - қатынас жасауы

11. Түрі: саналы адам - Сана сезімнің жоғары дамуы; зат алмасу жоғарғы сатыда жүреді; шығармашылыққа бейім

3. Адамның шығу тегі туралы көзқарастар
«Сәйкестігін анықта»
Адамның тірі табиғаттағы орны жүктеу
6 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны
Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны
1. Жер шарында тіршілік қашан пайда болды? 2. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теориялар бар?
Биофизика қолданбалы курс
Биофизика қолданбалы курс
Бұл курстың оқытылуы оқушылар бойында шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздығын дамытуға, қосымша әдебиеттермен дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған өмірдегі табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін физикалық білімдерін пайдалануға
Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу
Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу
Адамның жануарлар дүниесіндегі орны. Адамның әлеуметтік ерекшеліктерін қалыптастыру. Адам денсаулығын қорғау.
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 11 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 11 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 11 сынып Биология 11 сынып жаратылыстану - математика бағыты Барлығы 68 сағат (аптасына 2 сағат)
Биология ғылымдары
Биология ғылымдары
Адамдар ертеден - ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен, тірі ағзалармен тығыз байланысты екенін жақсы түсінген. Табиғатта қандай өсімдіктер, жануарлар бар, олардың құрылысы, тіршілігі қандай екенін білуге ұмтылған.
"Қоршаған орта" авторлық бағдарлама
"Қоршаған орта" авторлық бағдарлама
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×