Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандағы экологиялық проблемалар

23 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Биология сабақтарында оқушылардың пәнге қызығуын арттыру мақсатымен сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы зор. Озық технологияны меңгеру мен оны сабақта кеңінен қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Осы мақсатта Ж. А. Караевтың « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне және әділ бағалауға өте тиімді екендігін көрдім. Осыған орай 11 сыныпта «Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар» тақырыбына өткізген сабағымды ұсынамын.

Мақсаты: 1. Оқушыларға табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынастың физиологиялық өсіп жетуіне экологиялық мәдениеттің ауадай қажет екендігі жөнінде көз жеткізу. 2. Экологиялық аймақтар туралы мағлұмат бере отырып экология ұғымын жан - жақты ұғындыру. 3. Табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, «Өрмекші», «мұғалім - оқушы»
Көрнекілігі: слайд, реферат, электрондық оқулық

Сабақ барысы
Ι Ұйымдастыру кезеңі
(оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын дайындау)
1 - Слайдта
Экология! Бөтен сөз,
Бір туғаның бірақта.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
Эко дегені - үй, Отан,
Ежелден - ақ ерекше.
Сөз патшасын ұнатам,
Жүрегіме гүл ексе.
Тұтқасы бар әлемнің,
Бізше ғылым - логия.
Онсыз мекен, жоқ ұя,
Жоқ киесі өлеңнің.
Өз үй - өлең төсегің,
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің
Өз басыңды жарады.
Омар Қаржау Айтолқын

2. Үй тапсырмасын тексеру бөлімі.
«Өрмекші» ойыны
Барлық тірі организмдер өзара бір - бірімен және сыртқы орта жағдайларымен үнемі байланыста болады. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен тірі организмдер көбейеді, дамиды және қалыпты тіршілігін жалғастырып отырады. Экология негіздері тарауын «Өрмекші» ойыны арқылы еске түсіреміз.
(Ойын барысымен таныстыру)

1 - оқушы
1 - Кіріспе. Экология нені зерттейтін ғылым?
(Тірі организмдердің өзара қарым - қатынасын және олардың орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым)
2 - Жалпы экология ғылымының салаларын атаңыз.(факторлық экология, организмдер экологиясы (аутэкология), популяциялар экологиясы (демэкология), бірлестіктер экол - ы(синэкология), ғаламдық экол - ы, тарихи экология.)
3 - Экологиялық факторлардың түрлерін атаңыз.
(Абиотикалық - климат, атмосфера, топырақ, су, жарық, t0т. б.
Биотикалық - тірі организмдердің өзара қарым - қатынасы.
Антропогендік - адамның іс әрекетінің табиғатқа әсер етуі.)
4 - Экологиялық апат дегеніміз не? Мысал келтір.
(Табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынас әбден шиеленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан эколг. тепе - теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Экол. апат адамның тікелей немесе жанама әсерінен болады. Өсімдіктер, жануарлар түрлері мүлдем жойылады. Басты экол. апат – ол биосфераның ластануы. 1945 ж. Хиросима, Нагасаки – атом бомбалары радиоактивті заттар таралады, 1986 ж Чернобыль АЭС – ең ірі апат болды.)
5 - Су - тіршілік ортасының қандай ерекшеліктері бар? (су көптеген организмдер үшін қолайлы орта. Суда тіршілік етуге бейімделген тобы - гидробионттар. Судың қалың қабатында пелагостар тіршілік етеді. Су түбінде бенкостар. Судың беткі қабатында қалқып жүретін ұсақ организмдер планктондар. Суда жүзіп жүріп тіршілік ететіндер нектондар.)

2 - оқушы
1 - Экология терминін ең алғаш ғылымға кім енгізді? (1866 жылы, неміс ғалымы Эрнст Геккель)
2 - Адам экологиясы нені зерттейді?
(Сыртқы орта жағдайларының адам организміне әсерін зерттейді)
3 -«Маниторинг» деген ұғым нені білдіреді? (Маниторинг - латынша «monitor»- сақтандыру, немесе бақылау жұмыстары, маниторинг арқылы белгілі бір аймақтың өзгерістеріне(ауаның, судың, топырақтың т. б бақылау жүргізіледі ))
4 - Топырақ - тіршілік ортасы деген не?
(Топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабаты - педосфера, беткі қабатында ұсақ организмдер - бактерия, саңырауқұлақ, құрттар тіршілік етеді. Топырақта тіршілік ететін организмдер - педобионттар деп аталады. )
5 - Адам іс әрекетінің табиғатқа әсері.
(Адам саны күрт өсуі, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының дамуы, қуат көздерінің өндіруі, көлік түрлерінің пайдалануы. Экология мәселелерінің бірі - адам баласын тамақпен, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз ету. Жер бетінде адам саны 6, 5 млрд. жетіп отыр. Атмосфераны тас көмір, мұнай, газ, автокөліктер. Автокөліктен шығатын күкірттің диоксиді мен озот оксиді - жауын - шашынмен қосылып қышқыл жаңбыр түрінде таралады. Өзендегі балықтар қырылып, ормандағы ағаштар қурайды.)

3 - оқушы
1 - Экология және ғылым саласы болып қай ғасырда қалыптасты?
( - ғасырдың бас кезінде)
2 - Өсімдіктер экологиясы нені зерттейді?
(Өсімдіктердің өзара және қоршаған ортамен байланысын зерттейді)
3 - Табиғи апаттарға нежатады?
(Жер сілкіну, жанартаудың атқылауы, сел жүру, қатты дауылдар, құйындар, қар көшкіні т. б)
4 - Құрлық - ауа тіршілік ортасының ерекшеліктерін атаңдар.
(Бұл ортада тіршілік ететін организмдер – аэробионттар деп аталады. Бұл ортаның тығыздылығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Бұл организмнің тіршілігі үшін t0, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл мезгілдерінің алмасуы негізгі рөл атқарады)
5 - Б. Комманердің экологиялық заңдарының қағидалары.
1. «Барлығы да бір - бірі арқылы байланысқан» Бұл заң биосферадағы тірі организмдердің бірінде болған өзгеріс міндетті түрде басқаларына да әсерін тигізеді.)
2. «Барлығы да өз орнын табу керек.» Барлық организмдердің өз орны бар, табиғатта қалдық болмайды.
3. «Табиғат жақсы біледі» Бұл заң адам баласының табиғат заңдылықтарын әлі де толық білмейді.
4. «Еш нәрсе бостан босқа берілмейді» Бұл заң табиғаттан алғанынан орнын толтыруды ұмытпа деген ұғымды білдіреді.
Б. Комманердің экология заңдары табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынасты үйлесімді түрде жүргізе білудің басты шарты екендігін ескертеді.

ΙΙΙ Жаңа тақырып
«Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар»
Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жердің аумағы жөнінен дүние үзі бойынша 9 орында. Қазақстанның табиғат байлықтары сан алуан. Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көп көріп отырған мемлекеттің бірі. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Сол арқылы табиғатты өзгертеді. Неміс ғалымы Александр Гумбольт «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөп қалады» деп дәл айтқан. Табиғаттың өзгеруінен елге экономикалық, әлеуметтік шығындар келеді. Жер климаты өзгереді. Осыдан барып экологиялық қауіп пайда болады.

Құмсай орта мектебі
Байбулова Батима Жаунбаевна
Қазақстандағы экологиялық проблемалар жүктеу
3 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Қазақстандағы экологиялық проблемалар Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Оқушыларға негізгі экологиялық проблемалардың түрлері, таралу аймақтары, таралу себептері жайлы түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы № 26 орта жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Сапиева Гүлмира Хамидоллақызы
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Байболатов Ербол Қосаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×